Закон об образовании



бет1/22
Дата27.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#53063
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 2020-2021 оқу жылы


БІРЫҢҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы
2020-2021 оқу жылы
Өткізу күні: 20 тамыз 2020 жыл
Ата-аналар жиналысының мақсаты:

коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа


2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету
Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
  • Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары (әр мектеп ата-аналарға осы мектепте оқитын форматы туралы хабарлайды)
  • Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау
  • Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны
  • Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу (экранда көрсету)
  • Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі
  • Баланың оқу режимі және демалысы
  • Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
  • Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналармдың бақылауы ережелерімен танысу
  • Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы

Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

2020-2021 оқу жылындағы оқу форматтары


Қашықтан оқыту
Оқу үрдісі қашықтан мектепалды, 1-11 (12) сыныптарда ұйымдастырылады
1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының (балалардың заңды өкілдерінің) өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар «кезекші сыныптар» ұйымдастырылады. Оқушыларды «кезекші сыныпқа» қабылдау ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініштері бойынша жүргізіледі.
Кімге __________________
Аты-жөні _______________
Кімнен _________________
Мекен-жайы ____________
Телефон _______________
ӨТІНІШ
Сізден менің ұлыма (қызыма) қашықтан оқудан бас тарта отырып, күндізгі оқытуды ұйымдастыруды сұраймын.
Менің ұлымның (қызымның) толық аты-жөні, _____________________. Баламды «кезекші__сыныпқа» қабылауды өтінемін.
Менің баламда созылмалы аурулар жоқ.
Мен карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде баламның мектепке бару шарттарымен танысқанымды және келісетінімді хабарлаймын.
Өз баламның санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерімді орындауға келісемін. COVID-19 ауруы қаупімен байланысты жауапкершілікті түсінемін.
«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
  • «Кезекші сыныпта» оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі;
  • Балаларды оқытуға арналған өтініштер 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында қолжетімді байланыс құралдары арқылы ата-аналардан электронды түрде қабылданады;
  • «Кезекші сыныпқа» қабылдау 2020 жылғы 25 тамызда жалпы білім беретін мектеп басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
  • 25-27 тамыз аралығында «кезекші сыныптар» құрылады, әр топқа мұғалім бекітіледі;
  • Оқу тоқсаны ішінде балаларды «кезекші сыныпқа» қабылдау топта бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады;
  • Ата-аналар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етеді (маскалар, қолғаптар, қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл сүзгіштер);
  • Ата-аналар мен педагогтер балаларға әлеуметтік дистанция қажеттілігін түсіндіреді;

«Кезекші сыныптардың» жұмыс істеуіне ұсынымдар
  • «Кезекші сыныптардың» толымдылығы - 15 баладан артық емес;
  • Сабақтың ұзақтығы - 40 минут; 1-сыныпта – сатылы режим;
  • Таза ауада, мектептің спорт алаңдарында дене шынықтыру сабақтарын өткізу;
  • Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
  • Оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
  • Білім алушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі, білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады.

«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
  • Әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп кеңістігін (барлық кабинеттерді) барынша пайдалану;
  • Білім алушылар мен педагогтердің, басқа қызметкерлердің мектеп ішіндегі тікелей байланыстарын қысқарту;
  • Білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күн сайын өлшеу, медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

  • Дене қызыуы нормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, бүкіл сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуын штаттық режимде жалғастырады;.

  • Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да ылғалды тазарту жүргізіледі;
  • Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін уақытша тоқтату;
  • Зарарсыздандыруға арналған құралдардың жеткілікті болуы қажет. Аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезелерді зарарсыздандыруды тұрақты жүргізу.

1-2 сыныптардағы сабақ кестесінің үлгісі

1 сынып



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет