117. Сараптамалық зерттеуді түсіндір. Өз кезегінде сарапшылардың аталған білімдерді қолдану тиімділігі қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді дұрыс шешу үшін маңызы бар жағдайларды анықтау үшін объектілерді зерттеудегі сараптамалық теориямен және практикамен қарастырылған жүйелі қараумен негізделеді. Бұл бағыт формасы және мазмұндық бағыты бойынша жалпы танымдық бастамасы бар сараптамалық міндеттерді шешудің әртүрлі тәсілдерінен және сот сараптамасының жалпы теориясымен сараптамалық зерттеудің әдістемесі ретінде қалыптасып өз көрінісін тапты. Сараптамалық зерттеудің әдістемесі сот сараптамасының нақты түрінің затына жататын объектілерді зерттеу және нақтылы мәліметтерді анықтау мақсаттары үшін әдістерді, тәсілдерді және техникалық құралдарды үйлесімді таңдау және қолдану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстардың жүйесін білдіреді. сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;сот-сараптамалық зерттеу әдісі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын логикалық және (немесе) аспаптық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі; Біздің бұл қарастырып отырған жағдайымызда «жүйе» деген ұғым сараптаманы жүргізу кезінде интелектуалдық және техникалық амалдарды мақсатқа және тәртіпке сай қолдануды білдіреді. Мұндай жағдайда «әдістеме» сарапшының алдына қойған міндеттерді шешу үшін арнайы ғылыми білімдерді қолдану барысындағы әрекеттерінің алгортмін білдіреді. Бұл тұрғыда қолда бар білімдерді қолдану арқылы зерттеу мақсатынан оның нәтижесіне өтуге мүмкіндік беретін танымдық процесстің иерархиялылығы ескеріледі. Өз кезегінде танымдық процесстің иерархиялылығы тиісті нәтижеге жетудегі міндеттерді кезектілікпен шешуді қамтамасыз ететін сатыларға бөліп қарастыруды білдіреді.
118. Сараптамалық зерттеудің сатыларын сипатта.
Зерттеу бірнеше сатыдан тұрады және өзара тығыз байланыста жүргізіледі. Зерттеу сатыларының тәртібін сақтау зерттеудің толық, объективті және жан жақты жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сараптамалық зерттеудің әдістемелерін бағалауда келесідей сатыларды келтіру қалыптасқан: дайындық, аналитикалық (объектілерді жеке зерттеу сатысы), синтездеуші (объектілерді салыстырмалы зерттеу сатысы), қорытындылау (выводная) (зерттеу нәтижелерін бағалау сатысы), аяқтаушы (заключительная) (зерттеу нәтижелерін рәсімдеу сатысы). Аталған әрбір сатының өз маңызы бар және әрбір сатының әдістемелік талаптарын сақтау ғана емес, сонымен бірге олардың кезектілігін де сақтау сараптамалық міндеттерді дұрыс шешудің және дәлелдеу субъектісінің сарапшы қорытындысын дұрыс бағалауының кепілі болып табылады. Бұл сатылардың әрқайсысымен танысу сараптамалық зерттеудің мәндік негізін ашуға мүмкіндік береді.