Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сараптамалық зерттеудің дайындық сатысын сипатта



бет75/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
119. Сараптамалық зерттеудің дайындық сатысын сипатта.
Дайындық сатысы бастапқы мәліметтерді талдауға, шешуге жататын сұрақтардың мәнін түсінуге, зерттеудің мақсатын нақтылауға, нақты әдістемені таңдауға және сәйкесінше, зерттеудің әдісі мен ғылыми техникалық құралдарын анықтауға жағдай жасайтын сараптамаға жіберілген іс материалдарымен сарапшының танысуын қамтиды.Сондықтан сараптаманы тікелей жүргізу процессі, сарапшының тиісті құжаттарды (қаулыны, анықтаманы), іс материалдарын және заттай айғақтарды-объектілерді алған кезінен басталады. Сраптаманы тағайындаумен байланысты процессуалдық заңның талаптары сақталмаған жағдайларда сарапшы бұл туралы сараптаманы тағайындаған адамға үш күн ішінде хабарлайды. Егер сараптаманы тағайындаған адам бұған да қарамай орын алған кемшіліктерді жою бойынша шараларды қолданбаса, онда материалдар бір ай өткеннен кейін орындалмай қайтарылады. Сарапшы объектілерді алу, сақтау, қаптау және жеткізу, оларды алудың заңдылығы, зерттеу жүргізу үшін жеткіліктілігі және жарамдылығы тұрғысынан мәселелерді шешу үшін объектілерді сырттай қарауға ерекше көңіл бөлуі керек. Егер сарапшы қосымша материалдар алу туралы шешім жасайтын болса, онда мұндай материалдар сараптама тағайындаған адамнан сұралады. Мұндай жағдайда ұсыныс жасаған күннен бастап қосымша материалдарды алған күнге дейін немесе ұсынысты қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарлама түскеге дейін сараптаманы жүргізу мерзімі тоқтатылады. Ұсынысты қанағаттандыру мүмкін болмағанда немесе бас тартқанда материалдар тиісті негіздеулерімен орындалмай қайтарылады. Зерттеулер жүргізу үшін барлық тиісті мәліметтер барлығына, олардың жеткіліктілігіне, алыну заңдылығына және жарамдылығына көз жеткен жағдайда, сарапшы құқыққабілеттілігі және олардың дұрыс қойлу тұрғысынан сараптамаға қойылып отырған сұрақтардың мәнімен танысады. Мұнымен қатар сарапшының өкілеттілігі және алдағы тұрған зерттеулер үшін тиісті әдістеменің және материалдық-техникалық базалардың бар-жоқтығы туралы мәселе шешіледі. Сарапшы зерттеу жүргізгенге дейін 1)қойылып отырған сұрақтың оның арнайы білімінің шегінен шығып кететіндігіне, 2) беріліп отырған материалдардың жарамсыздығы немесе қорытынды беру үшін жеткіліксізігіне, 3) ғылымның және сараптамалық практиканың қазіргі жағдайы қойылып отырған сұраққа жауап бере алмайтындығына көз жеткізсе, онда қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы негізделген хабарлама жазып, сараптама тағайындаған адамға жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет