Астында жалын өрген қылаң бесті , үстінде өңіріне ұстаған көк мақпал қамзол,талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік.
Естемес
Жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі. Тарамас денелі, қатқыл өңді, терең әжімді, егде кісі.
Жаңыл
Жасы он алты-он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдір қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған.