САТТАР Е Р У Б А Е В
Құйрықты ж ұ лды з секілді,
Туды да, көп тұрмады.
Көрген-білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
Өлеңдері әрбір қараған сайын жаңа көрінетін, бұрын
оқылмаған нәрседей тың ойлар тудыратын, қанша біле-
137
міз десек те толық сусындай алмай келе жатқан (Абай
туралы қаншама жазылды, қанша айтылды! Соның өзін-
де...) ардақты қартымыз Абайдың осы жолдарын оқы-
ғанда менің есіме үш адамның есімі түседі. «Құйрықты
жұлдыз секілді туып, бірақ көп тұрмаған, көрген-біл-
генді өкіндірген», халық үшін есімдері аса қымбат, ірі
талант иелері еді олар. Оның бірі — халқының қараңғы
кезінде шолпан боп туып, таң атуын күте алмай, сол
қапас түнекте ағып түскен Шоқан Шыңғысұлы Уәлиха-
нов болса, екіншісі Қасым марқұмның тапқыр тілімен
айтқанда «екі өмір арасында бір түн қатып» өтіп, ескі-
лікпен жұлқысып келіп, атар таң жаңа сәуле шаша бас-
таған кезде «ішіндегісін айта алмай» арманда кеткен
ардагер Сұлтанмахмұт Әубәкірұлы Торайғыров еді, ал,
үшіншісі жаңа заманда туып, оның тәрбиесінде өсіп,
өмірге шексіз құштар, «өмір деген өксігін баса алмай»,
«мәңгілік өмірді жыр етіп» өткен, бірақ мейрімсіз ажал
арамыздан қыршындай күнінде алып кеткен Саттар
Ерубаев болатын. Шоқан 30 жасында, Сұлтанмахмұт
27 жасында қайтыс болды. Олардың бізге қалдырып
кеткен тамаша мұралары — соған дейін-ақ жазып үл-
гергендері. Одан көбірек жасаса, не істер еді деп ойлай-
сың олар туралы бүгін. Ал, Саттар марқұм қыршын еді
ғой, 23 жасында, қазіргі жастың жоғарғы оқу орнын
жаңа бітірер шағында дүниеден қайтты. Алайда ол оқу-
ын бітіріп қана қойған жоқ, сол аз өмірінің ішінде өмір-
ге белсенді араласып үлгерді, оны шексіз сүйді, өзінің
бақыттылығын айтып, бар дауысымен жар салды, «мәңгі
өлмеудің жолын» тауып кетті.
Саттар Ерубаев 1914 жылы қазіргі Шымкент облы-
сының Түркстан ауданында туған. Жасында аздап ауыл
молдасынан оқыған, бірақ молданың таяғынан қашып,
бармай қойған. 1923 жылы ол Түркстан қаласындағы
жеті жылдық мектепке түседі. Осында жүріп комсомол
қатарына енеді. Мектеп бітіргеннен кейін Саттар Түрк-
стан аудандық комсомол комитетінде біраз қызмет іс-
тейді. Белсенді комсомол мүшесі болған соң, оның үс-
тіне зейінді, алғыр, талаптылығын ескеріп, комсомол
комитеті оны Алматыдағы жоғарғы оқу орындарына
студенттер даярлайтын курсқа жібереді. 1930 жылы
курсты бітірген Саттар Қазақстан Оқу Комиссариаты-
ның жолдамасымен Ленинградтың тарих-философия-
лингвистика институтына (кейін Ленинград университе-
тіне қосылып кеткен) түседі. Мұны Саттар 1933 жылы
бітірді. Оқудан қайтқаннан кейін Саттар «Ленинская
138
смена», «Лениншіл жас» газеттерінің редакцияларында
әдебиет белімдерін басқарады, біраз уақыт Алматыдағы
жоғарғы ауылшаруашылық меқтебінде философиядан
сабақ береді. 1934 жылы БКП(б) Қазақ өлкелік коми-
теті оны «Қарағанды пролетариаты» газетіне қызметке
жібереді. Онда Саттар бір жылдай редактордың орын-
басары болып істейді.
1935 жылдың қүзінде Саттар Ленинград университе-
тінің аспирантурасына түседі. Бірақ денсаулығының на-
шарлауы себепті онда бір-ақ жыл оқып, 1936 жылы
күзден бастап Абай атындағы қазақ педагогика инсти-
тутының әдебиет кафедрасына қызметке орналасады.
Осында жүріп өкпе ауруы асқынған ол қайтыс болады.
Саттар жас кезінен әдебиетпен айналысып, талантын
ерте дамытқан қаламгер. Ол алғашқыда ақын есебінде
көрінді. Оның баспа бетін көрген тұңғыш өлеңі «Трак-
торшы комсомол жыры» деп аталады. 1932 жылы жа-
зылған бұл өлең жас ақынның сол дәуірде әдебиеттің
басты тақырыбы болып енген социалистік еңбекті және
еңбек адамын жырлауға жасалған алғашқы талаптары-
ның бірі. Мұнда және сонымен қатар жазған «Комбайн
туралы жыр» атты өлеңінде Саттар техниканы игеруге
жеткен жас адамның жаңаша сана, мінездерін көрсетуге
ұмтылған.
Жаңа өмірдің жаршысы болу, оның елеулі құбылыс-
тарына ізін суытпай үн қосу, совет адамдарының бақыт-
ты жаңа тұрмысын жырлау талабы — Саттардың ақын-
дық программасы еді. Бұл идеяны ол «Ақын жыры»
(1933) атты өлеңінде ашық айтады. Өлеңнің лирикалық
геройы — ақын алыс қаладан оқудан туған ауылға қа-
наттанып қайтады. Ол шығыстан соққан желмен сырла-
сып, өз өлкесінде толып жатқан жаңалықтар жайлы ес-
тиді де, сол жаңалықтарды жырлауға тілек білдіреді.
Әрбір дәнге, мақтаға
Өлеңімді арнаймын.
Өлкемнің барлык жеріне
Сәлемімді жолдаймын.
Барлық жаққа жол тартар,
Барлық шөпті байқатар
Желден де мен қалмайын.
Еш уақытта талмайын,
Өлке түскен жолынан
Жалықпайын, талмайын.
Поэзия — зор қару,
Зор қаруды қолға алып,
Астығымды қорғайын.
139
«Колхоз базарында» дейтін бір өлеңінде ақын:
Мен тек қана өмірдің
Жүрегінен ұстаймын,—
дейді.
Саттар қазақ поэзиясында бұрын болмаған жаңа
жырларды (балладалар мен эпиграммалар, пародия-
лар) туғызуға көп күш жұмсады. Қызықты новеллалар-
мен прозаны байытты. Ақын балладалары дүние жүзін-
де тұңғыш рет социалистік мемлекет орнатқан елдің
азаматының қуанышын жырлауға, өмірдің көркемдігі,
адамдардың бақыты туралы айтуға құрылады. «Өмір
туралы рапорт», «Үш шахтер туралы баллада», «Меру-
ерт алқа», тағы баска балладаларында ол адам бақы-
тын еңбекпен байланыстырады. Оның геройлары — жан
рақатын, өмірге деген қанағат сезімін еңбектен тапқан
адамдар. Сондықтан — олар өз өмірінің көркемдігіне
риза, Отанын шексіз сүйген патриот адамдар.
Біздің өмір көркемнен де, сұлудан да сұлу ғой.
Біздін, өмір қуанышты тастай қалап құру ғой.
Көрсең бүгін бір жаңа гүл есің кетер егерде
Мынау тіпті Отанымның өміріндей екен ғой.
Бір алма ағаш бүгін-ертең еккің келсе егерде,
Отанымның өміріндей жемісі мол етем де.
Біз істейміз осы өмірдің өте қызық ісін де.
Біз жүреміз қуаныштың құшақ ашып ішінде
Күн батқанша дем аламыз, тынығамыз, күлеміз.
Қуанышпен қолтықтасып үй ішінде жүреміз.
(«Өмір туралы рапорт»)
«Мәңгілік өмір туралы жыр» атты балладада Саттар
өмір және оның сыры туралы ойланады. Онда «өмір де-
ген тұңғиықтың түбінде, өлім деген суық сөздің тілінде»
жүрген адам тарихының ұзақ суреті бар. Сол ортада
өмір сүрген адамның арманы — елмеуі, мәңгі жасай
идеясы ақынды қызықтырады.
Содан бері көп іздедім өлмеушілік жасауды,
Мәңгіліктің етегінен мәңгі түрде ұстауды,—
дейді оған мола ішінен үн қатқан қарт.
Өлмеушіліктің сырын ақын жаңа дүние тіршілігінен
табады. Ол — мәңгі жасаушы Маркс-Ленин идеясы.
Олардың кітаптарын ауылға әкеле жатып, тап жауының
қолынан қаза тапқан жас жігіт образы арқылы Саттар
Отанына адал қызмет етіп, халқына мәңгі өлмейтін
идеяны жеткізіп берген адамнын өлмейтінін көрсетеді.
140
Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,
Анау, әне жәшіктегі кітаптарды оқып па ең?
Ол кітаптар — Маркс пенен Лениннің еңбегі.
Ол еңбектер — мәңгі жасау, өлмеушілік өрнегі.
Сол еңбекті өлмейтұғын, өшпейтұғын, ағатай,
Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.
Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сұлатты,
Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.
Соны мықтап ұстап жатыр менің қолым кесілген,
Өлсем-дағы өлмеушілік шығар емес есімнен.
Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,
Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай!
Кесілген қолымен өлмейтін кітапты — жаңа өмірді
ұстап жатқан ер жүрек жас соңғы сөзінде:
Менің қаным миллионның тамырында ағады,
Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады.
Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де өлмеймін,
Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да сөнбеймін,—
деген сенім білдіреді. Ақын ер есімін өлтірмейтін — хал-
қына істеген адал қызметі деген қорытынды жасайды.
Саттар балладаларының жолдары 15—16 буын бо-
лып келеді. Кейде өлең жолын сөйлеу ырғағына бағын-
дырады да. Ақын 13—14 буындық жолдарды да аралас
пайдаланады.
Саттардың аз өмірі мен шағын творчестволық қыз-
меті отызыншы жылдардың орта тұсында өтті. Бұл дә-
уірдің өзіндік ерекшеліктері мол еді. Жиырмасыншы
жылдар біздің елімізде үлкен идеологиялық күрестің
ғана емес, экономика жағынан да социалистік құрылыс-
тың жеңісі жолындағы тартыстың күшті жүрген дәуірі
болды. Капиталистік дүниенің «совет өкіметі ұзақ жасай
алмайды» деген сәуегейлігіне қоса, совет елін экономи-
калық дамуы жағынан бөлектеуі нәтижесінде біздің ел
бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. Соған қарамас-
тан Совет өкіметі сыртқы елдердің көмегіне емес, ішкі
мүмкіндіктеріне сүйене отырып, социализм үшін күресті
өрістетті. 20-жылдар ішінде жүргізілген елді коллектив-
тендіру, индустрияландыру шаралары, ірі байларды кон-
фискелеу совет елінің таптық құрамын бірсыпыра жақ-
сартты. Жаңа қоғамдық құрылыстың жаулары әшкере-
леніп аласталды да, жұмысшылар мен шаруалардың,
интеллигенцияның біртұтас одағы құрылды. Ендігі
жерде совет елін өркендетудің алғашқы бесжылдық
жоспарын қабылдау мүмкіндігі туды. Бірінші бесжыл-
дық (1929—1933) жоспарының орындалуына да шет
елдердің күдігі күшті болды. Соған қарамастан Совет
141
өкіметі бірінші бесжылдықтың аяғында құлдықтан бо-
саған халық энтузиазмының арқасында жоспардың асы-
ра орындалып, біздің еліміз социализмнің ірге тасын
қалағанын жариялады. Ал, отызыншы жылдардың орта
тұсында социализм тұтастай орнады. Сөйтіп «кімді-кім
жеңеді?» деп аңдысқан капиталистік және социалистік
дүниенің таласында біз жеңіп шықтық. Социализмнің
қоғамдық формация есебінде орнауы біздің халқымыз-
дың арманы мен қиялын іске асырды. Жеңген социализм
елінің жаңа конституциясы қабылданды. Осындай ұлы
жеңіс осы бір дәуірде әркімді-ақ шаттыққа, қуанышқа
бөледі, ақын-жазушылары творчествосында ерекше ша-
быт романтикалық күшті серпін тудырды. Олар жаңаға
деген мол махаббатын өмірге шексіз құштарлықты бей-
нелеу арқылы көрсетті. Жаңа дүние жасаған адамның
өлмейтін ұлы қызметін және оның құдіреттілігін бар
даусымен жырлады. Отан туралы, партия туралы тебі-
рене жазды, жаңа дәуірдің рухын, салтын мадақтады.
Саттар осы бір дәуірде әдебиетке келді де, сол дәуір
рухын түгелдей бойына сіңірді. Оның шығармаларының
тақырыбын да дәуірдің осы ерекшеліктері белгіледі.
Ақын балладаларындағы өмірдің көркемдігі мен ондағы
өлмеушілік идеясы осылай туған еді. Бұл оның новелла-
ларында онан әрі дамытылды.
Публицистикалық күшті шабытқа құрылған, өмір
туралы философиялық пайымдауларға толы новелла-
лардың жаңа үлгісін жасауда Саттар қазақ әдебиетін-
де тың жол бастады. Шағын новеллалардың өзінде ол
үлкен өмір туралы көп нәрсе аңғарта алды, оқушысы-
мен де, құбылысты суреттеу ерекшеліктерімен де, адам
кейіптерін ашу әдісімен де тартымды келеді. «Мен Ба-
қытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы
қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал
ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
— Е, азаматтар, бақытты болыңдар!—дейтін еді.
Менің Бақытты көргім келді.»
Осылай ойнақы басталып, оқушысын бірден баурап
әкететін қызғылықты новелла «Бақыт»— өмірдің ба-
қыттылығы, адам бақыты туралы тебірене толғанысқа
толы, әрі сезімтал, әрі образға бай шығарма. Жақсыбай
бір үзім нан тауып қайтқанда әйелі Күнтүлімнің баласы
Бақтыбайға қарап: «бақытың ба екен, қарағым» деге-
нін естіген новелланың лирикалық кейіпкеріне әуелде
бақыт деген нан болып елестейді екен. Ал жаңа өмір
ол ұғымды түгелдей өзгерткен. Оны да автор қаһарман-
142
дарының бүгінгі өміріне, тапқан жаңа бақытына қарай
түйіндейді. Ескі өмірде бақыттың не екенін түсінбеген
Күнтүлім өзінің шын бақытын социализм елінен табады.
«Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, бақыт дегенімнің
өзі біздің өмір екен»,— дейді ол.
Новелланың лирикалық геройы да ойын: «Мен сонан
бері талай бақытты адамды кердім. Талай бақытпен
бетпе-бет кездестім, қазір өзім бақыттың құшағын-
дамын.
Мен көруге құмар болған Бақыт қазір мені де, менің
жолдастарымды да көтеріп, шаршатпай алға қарай
алып бара жатқан сияқты.
Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен ара-
ласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмаййй
ды екен, жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа
шомылып, сен өмірге өзімсініп кіреді екенсің. Мен Ба-
қытты көрдім»,— деп түйіндейді. Мұның өзі — жала ң
ұран емес, ж а ң а өмірдің терең түсінген, өзін шын бақыт-
ты сезінген жазушының философиялық ой түйіні. Жазу-
шы бақытты жанды бейнеге, романтикалық образға ай-
налдырады.
«Мәңгілік өмір» атты новеллада Саттар жаңа өмір
үшін күресте, халық ісі жолында қазаға ұшыраған
адамның өмірінің сырын, оның өлімінде де өлмеушілік
бар екенін суреттейді. Бұл жағынан ол «Мәңгілік өмір
туралы жыр» балладасымен үндеседі. Новелланың
кейіпкері халыққа арналған азық-түлікті қорғап тұрып,
басмашылардың қолынан қаза табады. Өлер алдында
ол: «Мен бақыттымын. Ризамын өмірге»,— дейді. Өмі-
рінде езу тартып күлмеген, жылы сөз естіп көрмеген
сұсты, қатыгез адамның жүзінде шаттық күлкі ойнай-
ды. Оның сөзін бүкіл қыстақ естиді. Бірақ ешкім де
оның бақыттылығының себебін түсіне алмайды. Өлім,
жұрт ұғымында, үлкен бақытсыздық.
Жазушы новеллада қаһарманның осы сөзінің сырын,
бақыттылығының себебін Мирон Андреевичтің өлімі
арқылы түсіндіреді. Дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп,
бақыт таба алмаған Мирон Андреевич жетпістен асқан
шағында адам мен оның еңбегін бағалай білетін жаңа
заманды кездестіреді, бақытқа бөленеді. Өлім аузында
жатып, ол еңбек адамын еркелеткен партияның сөзін
тыңдайды, еңбек ерлерінің лебізін естиді. Өмірге құш-
тар шал сөзбен айтып жеткізе алмайтын шат сезім үс-
тінде, өңінде күлкі ойнап жатып дүние салады.
«Айтыңдаршы, ол елді деуге сия ма? Жоқ, ол
143
миллиондаған халықтың жадында сақталады. Оның қа-
ны өлмейтін халықтың тамырында ағады, оның шаттығы
мен бақыты бүтін бір елдің шаттығы мен бақыты болып
табылады. Ол үшін қымбаттыдан да қымбатты болған
компартияға деген сүйіспеншілік пен берілгендік мил-
лиондардың жүрегінде мәңгі жасайды.
Міне, бұл — мәңгілік өмір, жолдастар!»
Новелланың идеялық түйіні осы үзіндіде айтылған.
Автор оны өмір шындығының нақты көрінісі арқылы
ашады. Біздің бақытты заманымызда адам өлімінің
өзінде өлместік бары, оның жүрегі тірі миллиондардың
жүрегімен жалғасып жататындығы шебер суреттеледі.
Саттар новеллалары тақырыптық жағынан ұқсас
келеді. Оның бәрі бақытты өмір сырын ашуға арналады.
Автор публицистикаға көбірек ойысады, оқушысымен
сырласу әдісін көбірек қолданады. Оның жазу стилінде
жиі кездесетін қайталау ойды нақтылау, идеяны ұштай
түсу мақсатымен ұласып жатады.
«Өмір көркемдігі» деген новелланы Саттар былай
бастайды.
«Біз бақытты едік.
Өмірде жоқшылық, торығушылық бар дейтін, бірақ
біз оны көрмеген едік.
Өмірде еріксіздік, езушілік бар дейтін, бірақ оны да
көрмеп едік.
Біздің өмір.— бақытты өмір еді. Біз тек бақытты,
қуанышты өмірдің аясында өскен едік. Сондықтан да.
біз өміріміздің бұл қасиеттерін жақсы білетін едік. Бі-
рақ өмірдің сұлу, көркем екенін білмейтін едік.»
Новелла осы соңғы шындықты ашуға, өмірдің көр-
кемдігін көрсетуге арналады. Адам бойындағы сұлулық-
ты өмір береді ,ендеше адам (нақты қаһарман — Дәме-
лі) ғана сұлу, көркем емес, өмірдің өзі көркем, сұлу де-
ген қорытынды жасайды автор.
Саттар новеллалары өмірге құштар жазушының өмір
туралы ұғымын, идеалын кең бейнелейді.
Саттардан қалған әдеби мұраның ең көлемдісі —
«Менің құрдастарым» атты романы. Автор бұл шығар-
масының ұзын-ырғасын аяқтағанмен, қайта қараудан,
жөндеуден өткізе алмады, оның соңғы нүктесін қойып
үлгермеді. 1934—1937 жылдар арасында жазылып, қол-
жазба күйінде қалған роман тек бірінші рет 1939 жылы
жарық көрді.
«Менің құрдастарым»— қазақ совет әдебиетінің та-
рихында өзіндік орны бар елеулі туынды. Бұл романы
144
арқылы Саттар үлкен прозада өндіріс тақырыбын ал-
ғаш көтерушілердің бірі болып, қазақ жерінде жұмыс-
шы табының туып, қалыптасу процесін көркем суреттей-
ді. Бұған дейін өлең поэмалар мен әңгіме новеллалар-
да, бірен-саран повестерде ғана болмаса, Қазақстанда
өндірістің дамып, жұмысшы адамның тууы үлкен про-
заның негізгі тақырыбына айнала қойған жоқ-ты. Сат-
тар Қарағанды жұмысшыларының жаңа өмірін, еңбегін
бейнелеуге алғашқы қадам жасады. Ол роман геройла-
ры етіп жастарды — өзінің құрдастарын таңдады. Сөй-
тіп жаңа социалистік қоғам орнату ісіне маман жұмыс-
шы жастардың қосып жатқан ұлы еңбегін жырлаушы
болды.
«Менің құрдастарым» композициялық жағынан да
қ аза қ әдебиетіндегі басқа ешбір шығармаға ұқсамайды.
«Роман туралы әңгіме», «романға баратын жол І", «ро-
манға баратын жол II», «роман былай басталады I»,
«роман былай басталады II» сияқты болып келетін
роман тарауларыныц әрқайсысы өзіндік идеялық-көр-
кемдік мақсатқа бағындырылады. Осы тарауларда,
олардың құрылысы мен мазмұңын екшей, қадағалай қа-
расақ, шығарманың тақырыбы мен негізгі кейіпкерле-
рін, олардың еңбегі мен өсу жолдарын көруге болады.
«Роман туралы әңгімеде» (мұны Саттар «романның
увертюрасы» деп те атаған) автор роман тақырыбы
туралы әңгімелейді. Публицистикалық пафоспен жазыл-
ған бұл тарау Саттар новеллаларымен үндесіп жатады.
Оның геройы бақытпен кездесуін аса бір бай сезімтал-
дықпен айта отырып, өмірге ғашықтығын бейнелеп, оның
қызығы мен әсемдігін суреттер жазушы болуды арман-
дайды. М. Горькийге еліктеп «Сұңқар жыры» сияқты
тамаша әңгіме айтар адам іздейді. Бірақ ол іздеп тап-
қан қойшы «Макар Чудраны» да, «Сұңқар жырын» да
айтпайды, «Терек пен қызыл гүл» атты жаңа ертегі ай-
тады. «Гүл бағындай отанымызда» ерекше жайнап, кө-
семнің кеудесіне тағылған, қуанышты гүл туралы әңгі-
мені тыңдап, жазушы: «Бір-ақ рет ұлы көсем кеудесіне
тағылған гүл осыншама қуанды. Ал көсемнің кеудесінен
шықпайтұғын еш уақытта құшағынан, жүрегінен кет-
пейтұғын жастардың да бір арманы бар ма екен!»—
деген қорытынды жасайды. Бақытты замандағы жаңа
өмір сыпатын мәңгі өлмеушілік идеясымен байланысты-
рып автор «роман туралы әңгіменің» екінші бөлімі етіп
жоғарыда сөз болған «Мәңгілік өмір туралы жырын»
кіргізген.
145
«Романға баратын жол-І» («Менің құрдастарым»)
атты тарауда біз шығарманың басты геройы Рахмет жә-
не оның достарымен танысамыз. Еш уақытта Бетховен-
нің атын, Рембрандтың атағын есітпеген, скрипка даусы
шықпаған, Гомер аты аталмаған, үстінен Беранже өле-
ңін білетін адам жүрмеген жапан далада туып, айрық-
ша бақытқа ие болған, білгір жастың бойына осы қа-
сиетті жаңа дәуір дарытқан еді. Ауылдан, Долбының
таяғынан қашып, жаңа өмірге ұмтылған Рахмет Дәуір-
дің ұлы болады. Оған жен сілтеген Тұрар жау оғынан
өліп бара жатып, орамалына «Д» деген әріпті қанымен
жазып қалдырады. «Сенің әкең Төлеп емес, Дәуір. Біз-
дің дәуір»,—дейді ол Рахметке. Дәуірдің кім екенін
әуелде түсінбесе де, Рахмет оның тәрбиесін кереді. Ата-
дан балаға мұра болып келе жатқан бай үйінде жалшы-
лық ету салты бұзылады.
Д а л а д а қойды бағып көп жүремін.
Бай малының қамдарын жеп жүремін.
«Малдық қамын қойшы жер, қойшы қамын
Жейтін адам бар ма екен?» деп жүремін,—
деген атасы, әкесі айтатын елең Рахмет аузына түспей
кетеді. Қалада Рахмет мектепке барады, комсомол қа-
тарына кіреді. Кейін Ленинград тау-кен институтын бі-
тіріп, Қарағандыға инженер болып оралады. Сөйтіп, ол
жаңа дәуірдің тәрбиесінен өтіп, дәуір түлегіне айна-
лады.
Рахмет қана емес, оның құрдастары Сейтен де, Са-
ғадат та жаңа дәуірдің тәрбиесін алып, музыкант болып
шығады. Жазушы осы кейіпкерлерінің бәрін Қараған-
дыда түйістіреді. Онда, өндірісте олардың жаңа өмірі,
қоғамдық қызметі басталады.
«Романға баратын жол ІІ" атты тарау «Менің аға-
ларым» деп аталады. Атынан көрініп тұрғандай, Сат-
тар мұнда ағалары—Қарағандының қарт азаматтары
туралы әңгімелейді. Жұмысшы табы өкілдерінің рево-
люциядан бұрынғы ағылшын капиталистерінің қарауын-
дағы ауыр өмірі, жүдеу тұрмыс күйі тарауда нақты
суреттермен беріледі. Шахта иесі Хокинс, оның баласы
Джим әрекеттері, олардың жұмысшыларды аяусыз қа-
нап, езу фактілері көркем бейнеленеді.
Роман кейіпкерлері — орыс-қазақ жұмысшыларының
егде тобы осындай қиыншылықтар үстінде достасады,
өмірдің ауыртпалығын бірге көтереді.
146
Достарыңызбен бөлісу: |