Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлерін өлшейтін белгі, өлшем, негіздеме.
Критерийлер оқу міндеттерімен айқындалып, оқушының әртүрлі әрекеттерінің тізімі ретінде құрастырылады. Бұл әрекеттерді оқушы үйрену кезінде атқарып, нәтижесінде оларды толығымен меңгеруі керек.
Дескриптор – оқушының жұмысты қан-шалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
КРИТЕРИЙЛЕРГЕ КОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Критерийлер оқушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.
Критерийлердің оқушылармен бірге құрасты-рылғаны дұрыс.
Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.
Критерийлер әрбір оқу тапсырмасы үшін бөлек жасалады.
Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек, оны сынып қабырғасына іліп қойған дұрыс
КРИТЕРИЙЛЕРДІ ЖАСАҚТАУ: ҚАЛАЙ БАСТАУ ҚАЖЕТ?
Оқудағы күтілетін нәтиже қандай бола-тынын анықтау керек.
Күтілетін нәтижені өлшеу үшін критерийлерді жасақтап, оларды кестеге түсіру қажет.
Әрбір ұпай үшін дескрипторларды сипаттау қажет. Дескрипторлар – бұл күтілетін нәтижеге жетудің түрлі деңгейлері.
КРИТЕРИЙЛЕРДІ ЖАСАҚТАУ: ҚАЛАЙ БАСТАУ ҚАЖЕТ?
Дұрыс жасақталған бағалау критерийлері оқу материалын түсіну тереңдігін жан-жақты өлшеуге мүмкіндік береді.
Критерийлер мен дескрипторлар оқушыға оның білімі қалай бағаланатынын және одан не күтілетінін анық көрсетіп береді.