Эндокриндік жүйе бұзылыстары Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Эндокриндік бездердің анатомиясы Біріншілік : ішкі секрецияның перифериялық бездердің дефектісі
Эндокриндік бұзылыстар Үшіншілік: негізінен гипоталамикалық бұзылулар.
Екіншілік: Ішкі секреция бездерінің қызметі қалыпты, гипофизден (рилизинг-фактор) гормондардың бөлінуі бұзылады.
Эндокриндік жүйенің бұзылыстары патогенездік даму жолдары:
Орталық- орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстарынан;
Бездік- Бездердің өздеріндегі
орналасқан дерттерден;
Безден кейін- Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылыстарынан.
Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары. Гипофиз арқылы реттелудің бұзылыстарымен;
Бездердің кері байланыс негізінде өзін-өзі реттеудің бұзылыстарымен
Гипофизден тыс реттелудің бұзылыстары
Эндокринопатияның типтік механизмі №1
Эндокриндік жүйенің қызметтері, жоғарыда келтірілген реттелулерден басқа, өзін-өзі реттеу жолдарымен де қамтамасыз етіледі. Шеткері эндокриндік бездер мен гипоталамус және гипофиз араларында бірінің қызметін бірі реттейтін кері байланыс заңдылығы болатыны белгілі). Бұл заңдылық бойынша: шеткері эндокриндік без (мәселен, бүйрек үсті бездері) гормонының (кортизолдың) қандағы деңгейі көбейгенде гипоталамуста сәйкес либериннің (кортиколибериннің) және аденогипофизде сәйкес тропиннің (кортикотропиннің) өндірілуі азаяды. Ал, керісінше, шеткері эндокриндік без гормонының қанда деңгейі азайғанда гипоталамус пен гипофизде сәйкес либерин мен тропиннің өндірілуі көбейеді. Осындай жағдайды кері байланыс заңдылығы деп атайды. Бұл заңдылық оң және теріс болуы мүмкін. Жоғарыдағы келтірілген жағдай теріс кері байланыстың мысалы бола алады.
Эндокринопатияның типтік механизмі №2
Бездердің біріншілік бұзылыстары
Эндокриндік жасушалардың массасы мен гормондардың деңгейінің өзгерісі
Гормондардың синтезіне қажетті субстраттардың жеткіліксіздігі
Бездердің ұзаққа созылған гиперфункцисы кезінде гормондардың синтезінің жеткіліксіздігі
Гормондардың биосинтезіне қажетті ферменттердің құрамының немесе белсенділігің өзгерісі
Деполанудың бұзылысы немесе гормондардың жасушадан босауы
Бездердің өздеріндегі орналасқан дерттерден