Эндокриндік жүйе функцияларының бұзылуы және олардың алдын



бет1/3
Дата30.06.2023
өлшемі20,69 Kb.
#103845
түріПрезентация
  1   2   3
Байланысты:
«Эндокриндік жүйе функцияларының бұзылуы және олар


«Эндокриндік жүйе функцияларының бұзылуы және олардың алдын 
алу» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін 
шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Қазіргі заманның күнделікті өмір тіршілігінің қарбалас сәттерінде жиі орын 
алатын біз ағзаның жіберетін үрейлі белгілерін біз елемей отырамыз. Көпшілігі 
жүрек-қантамыр, асқазан мен ішек қызметінің, несептік-жыныстық саулығына 
алаңдайды. Бірақ, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, ашушаңдық немесе ренжігіштік, 
шамадан тыс тершеңдік, ұйқысыздық – бұл ағзаның эндокриндік жүйесінің 
бұзылуының қауіпті көріністері. 
Эндокриндік өзгерулер көбінесе әртүрлі аурулар кейпіне енеді немесе 
косметикалық ақаулар болады, мысалы, безеу бөртпесі, сондықтан мәселенің 
негізгі себебін анықтау оңайға соқпайды. 
Сондықтан, эндокриндік бұзылулардың белгілі симптомдарын білу қажет. 

Ішкі секреция безінің қызметі бұзылғанда, эндокриндік атты аурулар пайда 


болады. Бұзылулар (қалыпты жағдаймен салыстырғанда) бездердің қызметінің 
күшеюімен – гиперфункциямен, бұл жағдайда гормондардың көп мөлшерде 


21 

түзіліп, қанға енуі байқалады немесе бездердің төмендеген қызметі – 


гипофункциямен байланысты, ол кері нәтижелер береді. 
Ішкі секреция бездерінің негізгі
функцияларын  қайталап, олардың бұзылу 
салдарынан болатын ауруларды қарастырайық. 
Қалқанша без кеңірдектің жағында көмейдің қалқанша шеміршегінен сәл төмен 
орналасқан. Қалқанша без гормондары құрамындағы йод бездердің қалыпты 
жұмыс істеуінің қажетті шарты. 
Қалқанша без гормондары зат алмасуды реттейді, жасушалардың өсуі мен 
дамуына және жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді. 
Бездердің гиперфункциясында базедова ауруы (зоб ауруының жеңіл түрі) 
дамиды. Оның негізгі белгілері: без тканьдарының үлкеюі (зоб), бадырақ көз, 
жүрек қағысының жиілеуі, салмақ жоғалтуы. 
Бездердің гипофункциясы ересек адамдарды микседеманың (сілемейлі ісік) 
дамуына әкеліп соғады, дене температурасының төмендеуінен, дене салмағының 
өсуінен, беттің ісігі мен өзгеруінен, психиканың бұзылуынан көрінеді. Бездердің 
гипофункциясы балалар жасында өсуді тежейді, ергежейлілік дамиды, сонымен 
қатар, ақыл-ой дамуының күрт артта қалуы байқалады (кретинизм). 
Бүйрекбездер – қос без, бүйректердің жоғарғы полюстарында орналасқан. 
Бүйректер сияқты бүйрекбездер де әртүрлі әрекет ететін мінезі бар түрлі 
гормондарды шығарушы екі қабаттан тұрады: сыртқы – қабыршақты, ішкісі – 
милық. 
Қабыршақты қабатты жасушалармен шығарылатын гормондар, минералды, 
көмірсулы, ақуызды және май алмасуды реттейді. Олардың көмегімен қандағы 
натрий мен калийдің деңгейі реттеледі, қандағы глюкозаның белгілі бір 
концентрациясын ұстайды, бауыр мен бұлшық еттерде глюкогеннің жасалуы 
мен жиналуы ұлғаяды. Соңғы екі функцияны бүйрекбездер ұйқы безі 
гормондарымен бірлесе орындайды. 
Бүйрекбездердің қабыршақты қабатының гипофункциясында қола ауруы 
немесе адиссонов ауруы дамиды. Оның белгілері: теріге қола реңк береді, 
бұлшық ет әлсіздігі, жоғары деңгейде шаршағандық, иммунитеттің төмендеуі. 
Бүйрекбездердің ми қабаты арқылы адреналин және норадреналин 
түзіледі. Олар күшті эмоцияларда бөлінеді: ашу, үрей, ауырсыну, қауіп. Бұл 
гормондар қанға түскенде, жүрек қағысының жиілеуі, қантамырлардың 
жіңішкеруі (жүрек және ми тамырларынан басқа), артериялық қысымның 
көтерілуі, бауыр мен бұлшықет жасушыларындағы гликогеннің глюкозаға дейін 
ыдырауының күшеюі, ішек қызметінің төмендеуі, қолқа бұлшықеттерінің 
босауы. Нәтижесінде төтенше тітіркендіргіштер әрекетінің жағдайында, 
дімкәстік синдромы атты ағзадағы функцияларының қайтуы, құрылуы болады 
және күйзеліс ахуалынан өту үшін ағзаның күштері жинақталады. Ағзаның 
күйзеліске бейімделу мүмкіншілігі көп жағдайда эндокриндік жүйенің осы 
гормондарының шығарылуының тез төмендеуі мен жауап беру қабілетіне 
байланысты. 
Ұйқы безі айтып өткеніміздей, инсулин мен глюкагон гормондарын 
шығаратын аралдық жасушалар, олар ағзадағы көмірсу алмасуын реттейді. Атап 
айтқанда, инсулин жасушалардың глюкоза тұтынуын ұлғайтады, осылай 
қандағы қант мөлшерін азайтады. Инсулин әрекеттерінің арқасында қанның 
құрамындағы глюкозаның мөлшері ағзаға жайлы, қалыпты деңгейде ұсталады. 
Инсулин жеткіліксіз түзілген жағдайда, қан құрамында глюкоза деңгейі 
жоғарылайды да, қант диабеті ауруына әкеліп соғады. Ағзаға пайдаланылмаған 
қант зәрмен сыртқа шығарылады. Науқастар суды көп ішеді, азады. Бұл ауруды 
емдеу үшін ағзаға инсулин жіберу керек. Ұйқы безінің екінші гормоны – 
глюкагон инсулинге қарама-қарсы болады және қарама қарсы әрекет жасайды, 


22 

нақтырақ айтқанда, гликогеннің глюкоза деңгейіне ыдырауын күшейтіп, оның 


қан құрамындағы мөлшерін көтереді. 
Адам ағзасының эндокриндік жүйесінің ең маңызды безі гипофиз екенін 
естеріңізге салайық. Онда, басқа эндокриндік бездердің функцияларын 
ынталандырушы (ширатушы) гормондар түзіледі, олар: қалқанша без, бүйрек 
без, жыныстық бездер, сонымен қатар өсу гормондарының (соматотропин) 
шығарылуы мен жасалуын ынталандырушы гормондар. Өсу гормоны 
жеткіліксіз түзілгенде баланың өсуі тежеледі де, гипофиздік ергежейлілік ауруы 
белең алады (ересек адамның ұзындығы 130см аспайды). 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтағандай, адам бойының 
орташа ұзындығы 160 см (әйелдер) және 170 см (еркектер). 140 см төмен немесе 
195 см биік адам өте қысқа немесе өте ұзын болып есептеледі. Рим императоры 
Максимилианның бойы 2,5 м болғаны, ал египеттік ергежейлі Агибенің бойы бар 
болғаны 38 см болғаны белгілі. Гормондар көбейіп кеткенде, керісінше алыптық 
дамиды. Гормон түзілуі жоғарылағанда ересектерде акромегалия ауруы пайда 
болады, ол жағдайда дененің кейбір бөліктері – тіл, мұрын, қол ұштары үлкейе 
бастайды.
Басқа гормондар судың кері тартуын күшейтеді және несеп шығаруын 
төмендетеді және жатыр бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді. 
Жыныстық бездер – аталық без еркектерде және аналық без әйелдерде. 
Аталық бездер андроген гормондарын, ал аналық бездер – эстроген гормондарын 
түзейді. Олар өсіп-өну органдарының дамуын, жыныстық жасушалардың өсіп 
жетілуін және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуын, дәлірек айтқанда, 
қаңқаның құрылымының ерекшеліктері, бұлшық еттің дамуы, шаштың тері 
үстіндегі және тері асты майлардың үйлесуі, көмей құрылымы, еркектер мен 
әйелдердегі дауыс тембрі, т.б. 
Аналық без бен аталық бездің сыртқы секреторлық функциялары ұрық жасушалар 
мен сәйкесінше, сперматозоидтардың түзілуінде және жыныстық түтіктер бойынша 
бөлінуінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет