9. Материалды бекітуге арналған іс-тәжірибелік жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөлу. Парталарда бездердің атаулары жазылған кішкентай кестелер жатыр, оларды ашу
керек. Орындықтардың арқаларында гормондар аттары жазылған кестелер
бекітілген.
1. Гипоталамус
2. Гипофиз – соматотропин, вазопрессин, гонадотропин
3. Қалқанша без – тироксин, трийодтиронин, кальцитонин
4. Бүйрек
бездері
–
адреналин,
норадреналин,
кортикоидтар,
минералокортикоидтар
5. Ұйқы безі – инсулин, глюкагол.
Сосын әр топтан бездер аттары жазылған кестелерді ұстап (мысалы, біреуі –
гипоталамус, екіншісі – гипофиз, т.б.), гормондар аттары жазылған кестелерді
пайдаланып, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетеді.
10. Сабақты қорытындылау. Оқытушы оқушыларға мына сұрақты қояды: бүгін осы сабақтан соң өздеріңе
қандай тұжырым жасадыңдар?
Осыдан кейін оқытушы сабақты қорытындылайды:
Эндокриндік жүйенің барлық органдарының ынтымақты және үйлесімді қызмет
етуі сіздің ағзаңыздың қалыпты тіршілік етуінің кепілі.