Эндокринология



бет11/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Супрессивті сынақтарға үлкен және кіші дексаметазон сынақтары (Кушинг синдромының диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы), глюкозамен сынақ (акромегалия диагностикасы) жатады. Бұл жағдайда гормон деңгейі, ағзаға оның өндірілуін тежеуші затты енгізгеннен кейін бағаланады. Бездің автономды (немесе жартылай автономды) гиперфункциясы болмаса, сол гормон белгіленген критикалық (қауіпті) деңгейден төмендейді.
Қандағы гормондар деңгейін анықтаумен қатар, олардың несеппен бірге экскрециясы (шығарылуы) да аса маңызды диагностикалық құндылыққа ие. Бұл зерттеулердің диагностикалық маңызы, мысалы бос кортизол экскрециясын анықтау, заманауи функциональды сынақтармен салыстырғанда төмендеу. Қазіргі таңда тәжірибеде гормондар метаболиттерін анықтау толығымен қолданыстан шығып қалды, тек феохромоцитоманы анықтау мақсатында катехоламиндер метаболиттері экскрециясының деңгейі анықталады.
Гормональды зерттеудегі мәселелер қан алу барысында зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін барлық ережелерді сақтаумен және барлық ішкі, сыртқы түрткілерді ескерумен ғана шектелмейді. Биологиялық сұйықтықтарды сақтау және жеткізу тәртібі мен ережелерін ұқыптылықпен орындау (қан сарысуын зерттеуде антикоагулянттарды қолдану, үлгіні мұздату, консерванттар қосу және т.б.), сонымен қатар гормональды зерттеуді жүргізудің әдістемесін сақтау өте маңызды. Соңғы жылдары гормональды сараптамалардың автоматизацияланған әдістері кең қолданыс тапты, себебі оның жоғарғы өнімділігімен қатар, «адамдық факторлармен» байланысты қателіктерді төмендетуге мүмкіндік береді.
1.3. АСПАПТЫҚ ӘДІСТЕР

Аспаптық әдістер эндокринді бездер ауруларын диагностикалық іздеуді қорытындылайды. Жиі ультрадыбысты зерттеу (УДЗ), рентгенография, компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонансты томографияны (МРТ) пайдаланады. Сонымен қатар, эндокринологияда арнайы зерттеу әдістері де қолданылады: гормон деңгейін анықтау мақсатында эндокринді безден ағатын қанды селективті алумен сипатталатын ангиография, радиоизотопты зерттеу (қалқанша без сцинтиграфиясы, сүйек денситометриясы). Эндокринді аурулардың диагностикасында маңызды аспаптық әдістер мен олардың диагностикалық құндылығы төмендегі 1.4 кестеде көрсетілген.


Дегенмен, соңғы онжылдықта клиникалық тәжірибеге визуализациялаушы зерттеу әдістерін (КТ, МРТ) кеңінен енгізу эндокринді бездердің морфологиялық өзгерістері кездейсоқ анықталғанда, клиникалық белгілері жоқ болуына қарамастан, диагностикалық және терапиялық мәселелер туындатады. Осындай үлкен мәселелер бүйрек үсті безі, гипофиз және қалқанша безінің кездейсоқ анықталған көлемді түзілістері (инциденталома) кезінде туындайды.


1.4 кесте. Эндокринді аурулар кезінде қолданылатын негізгі аспаптық зерттеу әдістері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет