Эндокринология


ЕГА жеке сырқат болып табылмайды және нақты диагностикалауды талап етпейді. Салыстырмалы диагностикасы



бет144/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

ЕГА жеке сырқат болып табылмайды және нақты диагностикалауды талап етпейді.


Салыстырмалы диагностикасы
1. Эссенциальды және басқа симптоматикалық артериялық гипертензиясы.
2. БГА мен ЕГА-ды салыстырмалы диагностикалау қан сарысуындағы ренин белсенділігін анықтауға және ортостатикалық сынаманы жүргізуге мүмкіндік береді.
3. Бір жақты (альдостерома) және екі жақты (идиопатикалық БГА) үрдістерді салыстырмалы диагностикалау аса үлкен қиындықтарды туғызады. Бүйрек үсті безінің бірінде КТ-да солитарлы көлемді түзіліс анықталса, альдостерома деп қорытынды жасауға болады. Бұл идиопатикалық бүйрек үсті безі қыртысты затының гиперплазиясының гормональді-белсенді көлемді түзілісімен ұштасуы болуы мүмкін, осыған орай бүйрек үсті безінің түзілісін алып тастау нәтижесіз болады. Диагностикалауда бүйрек үсті безі көктамырының селективті катетеризациясы көмек береді.


Емі
Альдостерома кезінде адреналэктомия көрсетілген. Идиопатикалық БГА (бүйрек үсті безі қыртысты затының екі жақты гиперплазиясы) емі консервативті: басқа дәрілер мен верошпирон тағайындалады (тәулігіне 200–400 мг): ААФ ингибиторлары, кальций каналының антагонистері.


Болжамы
Альдостеромаға байланысты орындалған адреналэктомиядан кейін бүйректерінде қайтымсыз өзгерістер дамымаған науқастардың 70–80%-да артериялық қан қысымы мен калий мөлшері қалыптасады.
4.8. ФЕОХРОМОЦИТОМА
Феохромоцитома (phaios — қара, қошыл; chromos — хром) — кризді ағымды клиникалық қатерлі артериялық гипертензиямен көрінетін, катехоламиндер бөліп шығаратын (адреналин, норадреналин) экстраадреналды хромаффинді тіннің немесе бүйрек үсті безі милы затының ісігі (4.17 кесте).


Этиологиясы
Бүйрек үсті безі милы затының хромаффинді жасушалары мен симпатикалық жүйке жүйесінің эмбриональды шығу тегі ортақ - олар жүйке түтігі қырының жасушаларынан түзіледі. Хромаффинді жасушалар бүйрек үсті безі милы затынан басқа көп мөлшерде симпатикалық ганглияларда және жайылып орналасқан хромаффинді денешіктерде анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет