Іш сүзегі – қоздырғышы сальмонеллаларға жататын ішсүзектік таяқша болып табылатын ішектік инфекция. Ол нерв жүйесінің бұзылуымен және аш ішектің осы ауруға тән морфологиялық өзгерістермен сипатталатын сырқат.
Salmonella enterica
Этиологиясы
Қоздырғышы — Salmonella enterica серовары – Typhi, туысы Enterobacteriaceae,тұқымдасы- Salmonella, қозғалғыш, грам теріс соңы домалақталған,барлық анилинді бояулармен жақсы боялады. Адамға ғана патогенді эндотоксин бөледі. Споралар түзбейді.
Salmonella enterica
Іш сүзегінің бактериялары қоршаған ортаға айтарлықтай төзімді келеді: суда айлар бойы, жеміс-жидектер мен көкеністерде 10 күнге дейін сақталып, ал сүт өнімдерінде көбейіп жинақтала алады. 3 % хлорамин ерітіндісінде, 5 % карбол қышқылы, сулема (1:1000), 96 % этил спиртінде олар бірнеше минуттардан соң өледі.
Инфекция көзі ауру адам немесе ауырып жазылған бацилла бөліп шығарушылар, кейде сау бацилла тасымалдаушылар. Инфекция су, азық – түліктер арқылы соларға инфекция түскенде жұғады. Тасымалдаушылар – шыбындар. Сондықтан іш сүзегі жаз, күз айларында, әсіресе Орта Азия республикаларында, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі.
Әлемдік таралуы: ♦ сүзек белдеуі ♦ эпидемиялық аймақтар ♦ спорадиялық жағдайлар
Эпидемиология
Патогенезі:
Тамақ, су арқылы ағзаға түскен батериялар аш ішекте көбейе бастайды. Олар осы жерден энтероциттердің цитоплазмасына еніп, одан әрі ішектің лимфоидты аппараты арқылы тасымалданып кетеді.
Пейер табақшалары мен солитарлы фолликулаларда көбейген бактериялар аймақтық лимфа бездеріне , оған қанға өтеді.