Салыстырмалы диагностикасы Аменореяға әкелетін көптеген сырқаттармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі.
Емі
Эстрогендермен орынбасушы терапия (жатыр болмаған жағдайда ғана —гестагендермен бірге) біріншілік және екіншілік гипогонадизм кезінде тағайындалады. Бұл терапия табиғи жағдайда менопауза дамитын жасқа дейін жүргізіледі (шамамен 50 жас).
Аменореяның дамуына әкелетін сырқаттардың спецификалық терапиясы (гиперпролактинемия кезінде дофаминмиметиктер, гормональды белсенді емес гипофиз аденомалары кезінде хирургиялық ем, антиандрогенді терапия және т.б).
Y-хромосомасы анықталғанда (тестикулярлы феминизация синдромы) гонадобластоманың алдын алу мақсатында екі жақты гонадэктомия жасалынады.
Гипогонадизм асқынуларын емдеу (остеопороз, урогенитальді бұзылыстар).
Көмекші репродуктивті технологиялық (экстракорпоральды ұрықтандыру) біріншілік және екіншілік аменореямен сипатталатын көптеген сырқаттарда жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік береді.
Болжамы Аменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді. Түрлі генезді гипогонадизммен сырқаттанған әйелдер арасында өлім көрсеткіші жалпы популяциямен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Эстрогендер тапшылығы жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары мен остеопороздың дамуы қаупін жоғарылатады.
5.4. КЛИМАКТЕРИЯЛЫҚ СИНДРОМ Климактериялық кезең — жастық ерекшеліктерге байланысты репродуктивті жүйенің инволютивті өзгерістерімен сипатталатын физиологиялық өмір кезеңі. Климактериялық кезеңнің үш сатысын ажыратады: пременопауза — менопауза алдындағы кезең (шамамен 2–5 жыл), менопауза — соңғы менструальды қан кету, менопаузадан кейінгі кезең — менопаузадан бір жылдан кейін дамитын өмір кезеңі.
Этиологиясы мен патогенезі Пременопауза кезінде аналық без қызметінің төмендеу себебіне ондағы гонадотропиндерге сезімтал рецепторлар санының азаюы жатады, нәтижесінде эстрадиол, прогестерон, андростендион және тестостерон өндірілуі төмендеп, аналық без көлемі 2–3 есе кішірейеді. Несеп-жыныс жүйесіне және сүйектерге эстрадиолдың трофикалық қызметінің жоғалуы атрофиялық вагинит, дизуриялық бұзылыстар мен остеопороз секілді асқынулардың дамуына әкеледі. Менопауза басталғаннан атеросклероздың дамуына әкелетін липидті спекторда атерогенді өзгерістер дами бастайды.