Эндокринология


АНАЛЫҚ БЕЗДІҢ ПОЛИКИСТОЗДЫ СИНДРОМЫ



бет159/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   285
5.5. АНАЛЫҚ БЕЗДІҢ ПОЛИКИСТОЗДЫ СИНДРОМЫ
Аналық бездің поликистозды синдромы (АБПС) — гиперандрогения және овуляторлы дисфункциямен сипатталатын гетерогенді клиникалық синдром (кесте 5.5). Алғаш рет АБПС-ын 1935 жылы Д. Штейн және Д. Левентал суреттеген болатын.


5.5 кесте. Аналық бездің поликистозды синдромы



Этиологиясы

Генетикалық бейімділік АБПС-мен қатар семіздік пен көмірсуға толеранттылықтың бұзылуына болуы мүмкін

Патогенезі

1. Аналық безбен андрогендер гиперпродукциясы.
2. Тека жасушаларымен андрогендердің бөлінуін жоғарылатуға және олардың гиперплазиясына әкелетін ЛГ өндірілуінің жоғарылауы.
3. Семіздік, гиперинсулинемия, ЛГ жоғары болғанда андрогендер өндірілуін инсулинмен ынталандыру, жыныс гормондарымен байланысатын глобулин мөлшерінің төмендеуі.
4. Фолликулалардың қалыпты өсуіне төтеп болатын және майда фолликулярлы кисталардың түзілуіне және фолликулалардың кистозды атрезиясына әкелетін гиперандрогения

Эпидемиологиясы

Гирсутизмнің 95 %-ы АБПС байланысты.
АБПС популяцияда таралуы 8–20 %



Басты клиникалық көріністері

1. Олиго- немесе аменорея (70 %).
2. Бедеулік (30 %).
3. Гирсутизм (60 %) және андрогенді дермопатияның басқа да көріністері: майлы себорея, безеу бөртпелері, андрогенді алопеция.
4. Семіздік (40 %)



Диагностикасы

1. Тестостерон↑, ЛГ ↑., ЛГ/ФСГ↑, ГСПГ ↓.
2. УДЗ: овариальді строма көлемінің ұлғаюымен ұштасатын диаметрі 10 мм артық болмайтын 8 фолликулярлы кистаны анықтау, эндометрий гиперплазиясы.
3. Гиперандрогения мен гирсутизмнің басқа себептерін жоққа шығару

Салыстырмалы диагностикасы

1. Аналық бездер мен бүйрек үсті безінің андрогенөндіруші ісіктері.
2. Бүйрек үсті безі қыртысты затының туа біткен дисфункциясы.
3. Гиперпролактинемия (АБПС көрініс берген науқастардың 30 %-да пролактин жоғарылайды).
4. Идиопатиялық гирсутизм

Емі

1. Салмақтың төмендеуі (семіздікті емдеу).
2. Метформин (тәулігіне 1–2 грамм).
3. Оральді контрацептивтер, ципротерон ацетат, спиронолактон, флутамид, финастерид.
4. Бедеулікті емдеу (кломифен, гонадотропин препараттары, хирургиялық емдеу, ЭКҰ)

Болжамы

Емделмеген кезде гирсутизм менопаузаға дейін үдемелі дами береді, науқастардың 15 %-да кейінірек қантты диабеттің 2 типі анықталады



Этиологиясы
Аса маңыздылыққа генетикалық бейімділік ие болады, себебі оған ролигенді тұқымқуалаушылық тән. Соның ішінде инсулин мен стероидты гормондар биосинтезіне жауапты гормондар ерекше назарға ілігеді: INS, VNTR, CYP11 және т.б. АБПС-на генетикалық бейімділік қантты диабеттің 2 түрімен және семіздікке генетикалық бейімділікпен өте ұқсас деген пікір бар (7.6 бөлімді қараңыз). АБПС-мен сырқаттанған науқастардың отбасылық анамнезі семіздікпен, қант диабетінің 2 түрімен және метаболикалық синдромның басқа да компоненттерімен асқынған (11.2 бөлімді қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет