Эндокринология



бет171/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Психологиялық

Күйзеліс, қорқыныш, психикалық бұзылыстар

Дәрілік препараттар, интоксикациялар.

Алкоголь, гипотензивті дәрілер (диуретиктер, α-адренолокаторлар), циметидин, марихуана, героин, метадон, трициклдік антидепрессанттар, бензодиазепиндер, дигоксин, эстрогендер

Эндокринді аурулар

Гипогонадизм, гиперпролактинемия, қант диабеті, қалқанша без қызметінің бұзылыстары

Неврологиялық аурулар

Жұлынның патологиясы, перифериялық және автономды нейропатия, шашыранды склероз

Қантамырлық патология

Қантамырлардың окклюзиялы аурулары, жарақаттар, қант диабеті, көктамыр жеткіліксіздігі

Басқа да себептер

Сырқаттың дамуын нашарлататын гемохроматоз, еркек жыныс мүшесінің ақаулары, простатэктомия



Патогенезі
Эрекция бұзылыстарының біріншілік психогенді себептері әлеуметтік ортада және тәрбиеде жатыр. Екіншілік бұзылыстар жедел дамып, нақты бір жағдаймен, қорқынышпен, сәтсіз аяқталған тәжірибені еске түсірумен байланысты дамиды. Еркек жыныс мүшесі қанайналымының бұзылуы 50–80% жағдайда органикалық генезді эректильды дисфункцияға тән. Ол артериялық қанайналымның (атеросклероз) немесе кавернозды дене окклюзиясының бұзылысынан дамуы мүмкін. Эректильды дисфункциямен көптеген неврологиялық сырқаттар ұштасады. Эрекция жұлынның жоғарғы бөліктері зақымданған науқастардың 95%-да және кұйымшақ бөлігі зақымдалған науқастардың 25%-да ғана сақталады. Эректильды дисфункцияның 5% эндокринді аурулар әсерінен дамиды, яғни эндокринді патология көрініс берген ер адамдар арасында эректильды дисфункцияның жиілігі өте жоғары. 6 жылдан көп қант диабетімен сырқаттанған науқастардың 50 %-да эректильды дисфункция көрініс береді.


Эпидемиологиясы
Ер адамдардың 10 %-да және 70 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды. 40 жастағы ер адамдардың 5 %-ы толық эректильды дисфункцияға және 15 %-ы жартылай эректильді дисфункцияға шағымданады. Эректильды дисфункция жиілігі ЖИА-ның жиілігімен салыстырғанда екі есе жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет