Клиникалық көрінісі Клайнфелтер синдромына ұқсас; таралу жиілігі 1:10000 жаңа туған балаларға; себептері — Х-У транслокациясы, яғни тек Х хромосомасында У бөлігінің болуы
Крипторхизм
Постпубертатты крипторхизмнің таралу жиілігі— 0,5 % (жаңа туылған нәрестелердің 10 %-да аталық бездері енге түспеген); екі жақты крипторхизм 15 % жағдайда дамиса; ер адамдардың 75 %-да екі жақты крипторхизм дамып, бедеулік көрініс береді; интраабдоминальды крипторхизмде аталық бездің қатерлі ісігінің даму қаупі 10%-ға жоғарылайды; емі — орхидопексия (ең дұрысы өмірінің 18 айына дейін, 5 жасқа дейін-міндетті)
Орхит
Паротитпен сырқаттанған ер адамдардың 25%-да дамиды, олардың 25–50 %-да біріншілік гипогонадизм көрініс береді. Аутоиммунды орхит басқа аутоиммунды сырқаттармен бірге ұштасып дамуы мүмкін
Химиорадиотерапия
Аталық бездерге цитотоксикалық алкилирлеуші агенттер уытты әсер етеді; гипогонадизм қатерлі ісіктің дамуына байланысты химиотерапиямен ем қабылдаған ер адамдардың 50 %-да көрініс береді. Химиотерапия тағайындау алдында сперманы криоконсервілеу орынды