Тағам
|
Масса, г
|
Көлемі
|
Энергетикалық құндылығы, кКал
|
Қара нан
|
25
|
1 тілім
|
50
|
Күріш ботқасы
|
50
|
2 ас қасық
|
45
|
Картоп
|
50
|
1 орташа
|
45
|
Алма
|
90
|
1орташа
|
40
|
Томат
|
240
|
2-3 тал
|
45
|
Пастерленген сүт
|
251
|
1 стакан
|
125
|
Апельсин шырыны
|
100
|
1\2 стакан
|
45
|
Мысалы, науқаста құрамында 5 НБ бар кешкі ас алдында 30 минут бұрын, гликемия деңгейі 7 ммоль/л болса, гликемия деңгейі қалыпты деңгейге түсу үшін 1 Бр инсулин артық енгізіледі: 7 ммоль/л-ден 5 ммоль/л дейін. Сонымен қатар тағы 5 Бр инсулин қалған 5 НБ жою үшін енгізіледі. Осылайша, науқасқа қысқа және ультрақысқа әсерлі 6 Бр инсулин қабылдау тағайындалады.
ҚД-1 манифестациясынан кейін және ұзақ уақытқа созылған инсулиндік терапия басталғаннан кейін инсулинге деген қажеттілік тек 0,3–0,4 Бр/кг құрайды. Бұл кезең ремиссия кезеңі немесе «бал айы» деп аталады. Қалған 10–15% β-жасушалардан бөлінетін инсулин секрециясын тежейтін, гипергликемия мен кетоацидоз кезеңінен кейін, инсулин енгізу арқылы гормональды-метаболикалық бұзылыстар компенсацияланып, аз болсада инсулин жасушаларының қызметін қалпына келтіріп,инсулинмен ағзаны қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл кезең бірнеше аптадан бірнеше жылдарға дейін созылуы мүмкін, бірақ соңында қалған β-жасушалардың аутоиммунды деструкциясы нәтижесінде «бал айы» аяқталады.
Өзін-өзін басқара алатын және инсулин мөлшерін таңдай алатын арнайы оқытылған науқастарда ҚД-1 кезінде емдәм еркін болуы мүмкін. Егер науқаста артық салмақ немесе салмақ тапшылығы болмаса, емдәм изокалориялы болуы тиіс. ҚД-1 кезінде тағамның басты құрамы тәуліктік калораждың 65%-ын құрайтын көмірсулар болып табылады. Құрамында күрделі, баяу сіңірілетін және тағамдық торшаға (клетчатка) бай тағам өнімдерін қабылдау қажет. Жеңіл сіңірілетін көмірсулары бар тағамдардан бас тарту керек (тәтті нан тағамдары). Ақуыздар мөлшері микроангиопатияның алдын алу мақсатында 10–35%-ға төмендетіледі, ал атеросклероздың даму қаупін төмендету мақсатында майлар 25–35%-ға төмендетіледі және тәуліктік калораждың 7%-ын құрауы міндетті. Бұған қоса, әсіресе күшті алкоголь сусындарынан бас тарту қажет.
ҚД-1-мен сырқаттанған науқастарды емдеуде нәтижелі компенсацияға қол жеткізуде емнің басты құрамдас қажетті бөлігі науқастарды оқыту болып табылады. Науқас өмір бойы кез-келген сыртқы түрткілерге байланысты өзі инсулин мөлшерін реттеп отыру қажет. Әрине, науқасты оқытуға баулу дәрігерден арнайы дағдыларды талап етеді. Сондықтан эндокринологиялық ауруханаларда немесе амбулаторлы «ҚД-1-мен сырқаттанғандар мектебі» ұйымдастырылады, онда науқастарды өзін-өзі бақылау ұстанымына негізделе отырып, түрлі жаңа интерактивті тәртіпте көрнекті әдістемелерді қолдана отырып дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике 5–7 құрылымдық сабақтар жүргізеді.
Болжамы
Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады. Адекватты емес инсулиндік терапия нәтижесінде, ҚД компенсациясы критерийлеріне қол жетпесе, науқас үнемі созылмалы гипергликемия жағдайында жүріп (7.3 кесте), диабеттің кеш асқынулары дамып, үдей бастайды (7.8 бөлім). ҚД-1 кезінде диабеттік микроангиопатиямен (нефропатия, ретинопатия) және нейропатия (диабеттік табан синдромы) аса клиникалық маңыздылыққа ие. Макроангиопатия ҚД-1 барысында маңыздылығы бойынша бірінші орынға сирек жағдайларда ғана шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |