1.ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы:
Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор.
Электронды пошта: shokum@mail.ru
Конференцияның ID номері: 8089623066.
1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
«5В020500- филология» мамандығы білім бағдарламасы мазмұнының құрамдас бөлігі ретінде «Гендерлік лингвистика» пәні курсы - жоғары оқу орындарының қазақ филологиясынан маман даярлайтын факультеттерінде оқытылатын пәндердің бірі.
«Гендерлік лингвистика» курсы әйел тілі мен ер тілінің айырмашылығын белгілеп, олардың түрлі тілдік және әлеуметтік ортадағы сөз саптау ерекшелігін қарастырады, тіл білімінің дербес саласы гендерлік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы, теориясы мен әдіснамасы түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |