II. β-жасушаларға әсер ететін және инсулин секрекциясын күшейтетін дәрілік заттар. Бұл топқа тағам қабылдаудан кейін гликемия деңгейін қалыптастыру мақсатында қолданылатын сульфонилмочевина және глинид дәрілері жатады (гликемияның прандиальды реттеушілері). Сульфонилмочевина дәрілерінің (СМД) басты нысанасы- панкреатикалық аралшықтардағы β-жасушалар. СМД β-жасушалардың мембранасында сәйкес спецификалық рецепторлармен байланысады. Бұл АТФ-тәуелді калий каналдарының жабылуына және жасуша мембранасының деполяризациясына әкелді, бұл кальций каналдарының ашылуына ықпал етеді. Β-жасушасы ішіне кальцийдің енуі, олардың дегрануляциясына және қанға инсулиннің шығуына әкеледі. Клиникалық тәжірибеде көптеген СМД қолданылады, олар бір-бірінен тек қант деңгейін түсіруші әсерінің ұзақтығы мен әсерлігі бойынша ғана ерекшеленеді (7.9 кесте).
7.9 кесте. Сульфонилмочевина дәрілері
Дәрінің атауы
Бастапқы мөлшері, мг
Тәуліктің мөлшері, мг
Тәулігіне қабылдау тәртібі
Ерекшеліктері
Гликлазид
40
80–320
1–2
Гипогликемияның дамуы қаупі минимальды
Модифицирленіп босайтын гликлазид
30
30–120
1
Тәулік бойы әсер көрсетеді
Гликвидон
15
30–120
1–3
95%-ы ішекпен сыртқа шығарылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысында тағайындалады
Глипизид
2,5-5
5-40
1-3
Гипогликемия дамуының қаупі төмен
Глипизид-ретард
5-10
5-40
1
Тәулік бойы әсерін көрсетеді.
Глибенкламид
5
5-15
1-2
Күшті қант деңгейін түсіретін әсер көрсетеді
Микронизирленген глибенкламид
1,75-3,5
1,75-14
1-3
Глимепирид
1
1-6
1
Тәулік бойы әсерін көрсетеді, терапевтік диапазоны кең
СМД басты және жиі жағымсыз әсері гипогликемия болып табылады (7.7.3 бөлімді қараңыз). Ол препарат мөлшерін артық қабылдағанда, оның кумуляциясында (бүйрек жеткіліксіздігі), емдәмді немесе қабылдау тәртібін сақтамағанда (үлкен физикалық жүктеме алдында СМД мөлшері төмендетілмесе немесе көмірсулар қабылданбаса) көрінеді.