Эпидемиологиясы
ҚД-1-мен сырқаттанған науқастарда диабет манифестациясынан 5–15 жылдан кейін микроальбуминурия 6–60 %-да анықталады. ДНФ жиі ер адамдарда және ҚД-1 15 жасқа дейін дамыған науқастардың 35%-да байқалады. ҚД-2 кезінде ДНФ европалық нәсілді науқастардың 25%-да, ал азиялық нәсілді науқастардың 50%-да дамиды. ҚД-2 кезінде ДНФ-ның таралуы көрсеткіші 4–30%-ды құрайды.
Клиникалық көріністері
ДНФ-мен жанама түрде байланысты, салыстырмалы ерте клиникалық белгі артериялық гипертензия болып табылады. Басқадай клиникалық белгілер кеш көріністерге жатады. Оларға нефротикалық синдром мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін жатқызуға болады.
Диагностикасы
ҚД-мен сырқаттанған науқастарға ДНФ-ны анықтауға скрининг жүргізу жыл сайын микроальбуинурияға ҚД-1 манифестациясынан 5 жылдан кейін, ал ҚД-2 үшін сырқат анықталған бойда жүргізуге негізделеді. Сонымен қатар, жыл сайын шумақтық фильтрация жылдамдығын (ШФЖ) бағалау мақсатында креатинин деңгейін анықтаған міндетті. ШФЖ түрлі формулалар бойынша есептеп шығаруға болады, солардың ішінде мысалы, Кокрофт-Голт формуласы:
а х [(140 – жасы (жыл)) х дене массасы (кг)]
С КФ =
қан креатинині (мкмоль/л)
Ер адамдар үшін: а = 1,23 (қалыпты ШФЖ 100 — 150 мл/мин)
Әйелдер үшін: а = 1,05 (қалыпты ШФЖ 85 — 130 мл/мин)
ДНФ-нің бастапқы сатыларында ШФЖ жоғарылауы мүмкін. Микроальбуминурия ҚД-1-дің манифестациясынан 5–15 жылдан кейін анықталады; ал ҚД-2 кезінде 8–10% жағдайда ол диагнозды қойғанға дейін сырқаттың симптомсыз өтуіне байланысты ҚД растағанда анықталады. Протеинурия немесе альбуминурияның даму шыңы ҚД-1 дамығанан 15 және 20 жылдан кейінгі уақытқа сәйкес келеді. Протеинурия ертелі-кеш СБЖ әкелетін ДНФ-нің қайтымсыз үрдіс екенін көрсетеді. Уремия айқын протеинурия дамығаннан соң шамамен 7–10 жылдан кейін көрініс береді. ШФЖ-нің протеинуриямен корреляцияланбайтынын естен шығармаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |