Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет219/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Салыстырмалы диагностикасы
ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа да көз аурулары.


Емі
Диабеттік ретинопатияның басқа да асқынуларды емдегендей басты емдеу қағидасы ҚД-нің оңтайлы компенсациясы болып табылады. Диабеттік ретинопатины емдеудің және соқырлықтың алдын алудың ең әсерлі әдісі-лазерлі фотокоагуляция. Лазерлі фотокоагуляцияның басты мақсаты гемофтальм, торлы қабықтың тракционды сылынуы, нұрлы қабықтың рубеозы және екіншілік глоукома секілді асқынуларға әкелетін жаңа түзілген қантамырлардың функциясын жою болып табылады.

7.11 сурет. Диабеттік ретинопатия:
а) пролиферативті емес; б) препролиферативті; в) пролиферативті

7.11 сурет
Ретинальные геморрагии-ретинальды геморрагиялар
Твердые экссудат.очаг- қатты экссудативті ошақтар
Формирование мягких экссудатив.очагов- жұмсақ экссудативті ошақтардың қалыптасуы
Извитость сосудов- қантамырлардың иректелуі
Мягкий экссудатив.очаг- жұмсақ экссудативті ошақтар
Ретинальные геморрагии- ретинальды геморрагиялар
Папиллярно новообразованные сосуды в области диска зрительного нерва- көру жүйкесінің дискісі маңындағы папиллярлы жаңа тамырлар
Рост новообразованных сосудов- жаңа түзілген тамырлардың өсуі
Вены неравномергого калибра- біркелкі емес калибрлі веналар



Болжамы
ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды. ДР байланысты соқырлықтың жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 3,3 жағдайды құрайды. ҚД-1 кезінде HbA1c дейгейінің 7,0 % түсуі ДР даму қаупін 75%-ға және оның үдемелі даму қаупін 60%-ға төмендетеді. ҚД-2 кезінде НbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі ДР даму қаупін 20%-ға азайтады.


7.8.3. Диабеттік нефропатия
Диабеттік нефропатия (ДНФ) ҚД-мен сырқаттанған науқастарда несеп инфекциялары, жүрек жеткіліксіздігі және басқа да бүйрек аурулары болмаған жағдайда альбуминурия (тәулігіне 300 мг альбумин немесе протеинурия тәулігіне 0,5 г ақуыз) және/немесе бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен анықталады. Микроальбуминурия альбумин экскрециясы 30–300 мг/тәу немесе 20–200 мкг/мин болуымен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет