Тиреоглобулин деңгейін анықтау ҚБ жоғары дифференцирленген қатерлі ісігі бойынша кешенді ем (тиреоидэктомия+терапия 131I) қабылдайтын науқастардың мониторингінде қолданады. Тиреоидты тіннің толық аблациясы (алып тастау) жасалған науқастарда қандағы тиреоглобулиннің пайда болуы (жоғарылауы), ісік рецидивін көрсетеді.
ҚБ-дің аутоиммунды ауруларын диагностикалауда түрлі антиденелерді анықтау қолданылады. Классикалық антиденелерге жатады: тиреоглобулинге қарсы антидене (ТГ-АД), тиреоидты пероксидазаға қарсы антидене (ТПО-АД). Бұл антиденелер ҚБ кез келген аутоиммунды патологиясының суррогатты (сапасыз) маркерлері болып табылады, яғни олардың мөлшерін анықтау көптеген ҚБ-дің аутоиммунды ауруларын ажыратуға мүмкіндік бермейді. Антиденелер аутоиммунды тиреоидитпен сырқаттанған науқастардың 70–90%, Грейвс ауруымен сырқаттанғандардың 75% және ҚБ өзгерісі дамымаған сау адамдардың 10% анықталады. Аса спецификалық зерттеу ТТГ рецепторларына қарсы бағытталған антиденелерді (ТТГр-АД) анықтау болып табылады, жиі Грейвс ауруында кездеседі.
Кальцитонин деңгейін анықтау ҚБ медуллярлы ісігін (С-жасушасынан дамитын қатерлі ісік) анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл кезде кальцитониннің базальды деңгейі мен пентагастрин, кальций глюконаты секілді ынталандырушыларды енгізгеннен кейінгі динамикасын бағалауға болады.
Несеппен йод экскрециясын анықтау қандайда бір аймақта йод тапшылығының айқындылық дәрежесін бағалау мақсатында эпидемиологиялық зерттеу шеңберінде жүргізіледі. Клиникалық тәжірибеде, яғни ауруларды диагностикалауда бұл зерттеу қолданылмайды. Тек йодиндуцирлеген ҚБ аурулары кезінде жүргізуге болады, бұл кезде ағзаға йодтың артық түсуін йодурия арқылы бағалауға болады.
3.7 сурет. УДЗ аппаратының мониторында (а) және сызбадағы (б) ҚБ-дің көлденең кесіндісі
3.7 сурет Позвоночник- Омыртқа
Длинная мышца шеи- Мойынның ұзын бұлшықеті
Пищевод- өңеш
Общая сонная артерия- Жалпы ұйқы артериясы
Доля щитов.железы- Қалқанша бездің бөлігі
Грудино-ключично-сосцевидная мыщца- Төс-бұғана-емізікшелік бұлшық еті
Грудиноподъязычная и грудинощитовидные мышцы- Төс- тіласты және төсқалқаншалық бұлшық еттері
Перешеек щит.железы- Қалқанша бездің қылтасы
Трахея- Кеңірдек
Внутренная яремная вена- Ішкі жарма көктамыры