Эндокринология


сурет. УДЗ мәліметтері бойынша эндокринді офтальмопатия кезінде дамыған көзқозғалтқыш бұлшықеттерінің жуандауы Басты бұлшықеттік симптомдарға



бет71/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

3.17 сурет. УДЗ мәліметтері бойынша эндокринді офтальмопатия кезінде дамыған көзқозғалтқыш бұлшықеттерінің жуандауы

Басты бұлшықеттік симптомдарға жоғарыға немесе жанына қарағанда дамитын диплопия, бір жаққа көз жанарын ауыстыра алмау, ауыр жағдайларда-қитарлық жатады. Офтальмопатия ауырлығын NOSPECS Халықаралық жіктемесі бойынша жіктейміз (3.8 кесте). Жиі жағдайда ЭОП емдік шараларды қажет етпейтін жеңіл дәрежеде өтеді, ал көрудің бұзылуына қауіп төндіретін ауыр дәрежедегі ЭОП 1–1,5 % жағдайда ғана кездеседі.




Диагностикасы
Басты, бірақ абсолютті емес маңыздылыққа бірге дамитын ГА, сирек жағдайда аутоиммунды тиреоидит ие болады. Бұл жағдайда науқаста екі жақты үрдістің дамуы диагнозды толығымен растайды. Сирек орындалатын орбиталар УДЗ-сі көзқозғалтқыш жүйкелерінің жуандағанын көрсетеді (3.17 сурет).
Бұл зерттеу әдісі клиникалық айқын емес ЭОП-ны белсенді түрде диагностикалау мақсатында жүргізіледі, себебі ол тиреотоксикозбен дамитын бірқатар сырқаттардан ажырату барысында ГА диагнозын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатта аса қымбат, бірақ әлдекайда ақпаратты зерттеу МРТ жүгізуге болады. МРТ жүргізуге басты көрсеткіш болып науқаста біржақты экзофтальмді анықтау табылады (әсіресе, басқа көз симптомдары мен қабынулық өзгерістер дамымағанда). Сонымен қатар, МРТ ретробульбарлы ісікті жоққа шығару мақсатында орындалады. ЭОП диагностикасындағы емді тағайындау жөніндегі маңызды сұрақтардың бірін шешу үшін ЭОП белсенділігін анықтау қажет. Осы мақсатта клиникалық көріністер мен анамнез мәліметтері (динамикадағы қарау) маңызды. Оларды төменде көрсетілген 3.9 кестедегі ЭОП клиникалық белсенділігі шкаласында қосып, топтастырады.


3.9 кесте. ЭОП-ның клиникалық белсенділігінің шкаласы



1. Спонтанды ретробульбарлы ауырсыну (соңғы 4 апта бойы көздің артында дамитын қысқандай ауыру сезімі)
2. Көзді қозғалтқанда дамитын ауыру сезімі (соңғы 4 апта бойы жоғарыға, жанына және төмен қарауға әрекет еткенде)
3. Қабақтың қызаруы (эритема)
4. Қабақтың ісінуі
5. Конъюнктива инъекциясы (аз дегенде бір квадрантты қамтитын конъюнктиваның диффузды қызаруы)
6. Хемоз
7. Карункул ісінуі



  • 1 балл 1 белгіге сәйкес келеді

  • Жалпы балл 0зден (белсенділік жоқ) 7-ге дейін (айқын) ауытқиды.

  • ЭОП 4 баллдан жоғары болғанда белсенді болып есептелінеді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет