Энергетика



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата30.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#77619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Энергетика

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1 дәріс. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Еңбекті қорғау және  
электр қауіпсіздігінің нормативтік-құқықтық негіздері 
 
Дәрістің мақсаты: студенттерді «Еңбекті қорғау», «Қауіпсіздік 
техникасы» ұғымдарымен және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі 
электр қауіпсіздігі мәселелерімен таныстыру. 
Еңбекті қорғау (ЕҚ) - бұл еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, 
денсаулығын сақтауды және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін 
заңнамалық актілер мен оларға сәйкес келетін әлеуметтік-экономикалық, 
техникалық, гигиеналық және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі. 
Қауіпсіздік техникасы (ҚТ) - бұл жұмыскерлерге қауіпті өндірістік 
факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық 
шаралар мен құралдар жүйесі. 
Еңбекті 
қорғаудың 
барлық 
құқықтық 
мәселелері 
Қазақстан 
Республикасының (ҚР) конституциясы, еңбек туралы заңдар кодекстері 
(ЕТЗК), үкімет, министрліктер мен ведомстволар қаулылары негізінде 
шешіледі. 
Конституцияға сәйкес жұмыс аптасының ұзақтығы 41 сағат, зиянды 
өндірістерде – 36 сағаттан аспауы керек. ЕТЗК сәйкес кәсіпорынның 
әкімшілігіне салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету 
міндеті жүктелген. Ол заманауи ҚТ құралдарын енгізуге және өндірістік 
жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында қажетті 
санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. 
ЕТЗК еңбекті қорғау туралы жалпы талаптарды негізге ала отырып, 
министрліктер мен ведомстволар салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын 
жасау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөнінде 
нақты іс-шаралар әзірлейді. Бұл шаралар ҚТ бойынша арнайы ережелермен, 
санитарлық нормалармен, өндірістік нұсқаулықтармен және басқа да 
құжаттармен анықталады. Мұндай ережелер халық шаруашылығының барлық 
салалары үшін бірдей, сондай-ақ белгілі өнеркәсіп, көлік немесе ауыл 
шаруашылығы саласы үшін арнайы болуы мүмкін. 
ҚТ бойынша салааралық ережелер белгілі бір жұмыс түріне немесе 
өндірістің түріне қолданылады және осындай өндірістері бар халық 
шаруашылығының кез келген саласы үшін міндетті. Салааралық ережелерге 
жататындар:
1) 
Өнеркәсіптік 
кәсіпорындарды 
жобалаудың 
санитарлық 
нормалары. 
2) 
Электр қондырғыларын құру қағидалары (ЭҚҚ).
3) 
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде
қауіпсіздік техникасының қағидалары (ҚТҚ).
4) 
Құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНмЕ).
5) 
Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану 
ережелері және т. б. 



Электр қондырғыларын пайдаланатын электр техникалық қызметкелер 
үшін 
техникалық пайдалану ережелер
(ТПЕ) және ҚТҚ негізгі ережелер
болып табылады [1]. Олар өнеркәсіп, көлік, құрылыс, коммуналдық-
тұрмыстық, ауыл шаруашылығы және басқа да электр энергиясын 
тұтынушылардың 
барлық 
министрліктері 
мен 
ведомстволарының 
кәсіпорындары мен ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Бұл ережелер 
тұтынушылардың қолданыстағы электр қондырғыларына қолданылады. ТПЕ 
жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларына қызмет көрсететін, оларда жедел 
ауыстырып қосуды жүргізетін, жөндеу, монтаждау немесе жөндеу 
жұмыстарын орындайтын және ұйымдастыратын қызметкелерге таралады.
Электр техникалық қызметкерлерге қойылатын арнайы талаптар: электр 
қондырғыларына қызмет көрсететін электр техникалық жұмысшылар өз 
кәсіпорнының 
технологиялық 
ерекшеліктерін 
және 
оның 
халық 
шаруашылығы үшін маңызын анық білуі тиіс, еңбек және технологиялық 
тәртіпті сақтауы және нығайтуы, ТПЕ және ҚТҚ білуі және орындауы тиіс. 
Осы ережелерге сәйкес электр шаруашылығына жауапты тұлға (бас энергетик, 
бас механик) электр қондырғыларын сенімді, үнемді және үздіксіз 
пайдалануды, оқытуды ұйымдастыруды, нұсқау беруді және қызметкерлердің 
білімін мерзімді тексеруді қамтамасыз етуге міндетті. 
ЕТЗК еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын 
орындау үшін кәсіпорын әкімшілігінің белгілі бір жауапкершілігін белгілейді. 
Қадағалау мен бақылауды мемлекеттік органдар мен инспекциялар, сондай-ақ 
министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырады. 
Өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді мемлекеттік қадағалауды
төтенше жағдай комитеті (ТЖК) және оның жергілікті органдары жүзеге 
асырады. 
Гигиеналық нормалардың, санитарлық-гигиеналық және санитарлық-
эпидемияға қарсы ережелердің сақталуын мемлекеттік санитарлық 
қадағалауды денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық 
қызмет органдары жүзеге асырады. Олардың негізгі міндеті сыртқы ортаның 
(су айдындары, топырақ, ауа) ластануын жоюға және алдын алуға, халықтың 
еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын сауықтыруға бағытталған іс-
шаралардың жүргізілуін бақылауды, сондай-ақ сырқаттанушылықтың алдын 
алу мен азайтуға арналған іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін 
бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 
Мемлекеттік өрт қадағалау өртке қарсы режимнің сақталуын 
қадағалауды жүзеге асырады. 
Электр энергетикасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-
шаралардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды мемлекеттік энергетикалық 
бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады. Оның негізгі 
міндеттері электр қондырғыларының жай-күйін бақылау, Қазақстан 
Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және 
тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. 
Кәсіпорындарда еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 



Еңбекті қорғау жөніндегі жалпы басшылық директор мен бас инженерге 
жүктеледі. ҚТ және өндірістік санитария (ӨС) бойынша жұмыстарды тікелей 
басқаруды және ұйымдастыруды бас инженер, ал ірі кәсіпорындарда оның ҚТ 
жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Кәсіпорындарда ҚТ жөніндегі бөлім 
немесе ҚТ жөніндегі бюро құрамында арнайы ҚТ қызметі құрылады. 
Қызметкерлердің саны кәсіпорын құрылымыа, өндіріс күрделілігіне және 
жұмысшылар 
санына 
тәуелді. 
ҚТ 
қызметіне 
осы 
кәсіпорынның 
ерекшеліктерін ескере отырып, ҚТ және өндірістік санитария бойынша 
жұмысты жедел басқару жүктеледі. 
Цехтардағы, бөлімдердегі, учаскелердегі ҚТ және өнеркәсіптік ӨС 
жағдайына жауапкершілік олардың басшыларына (цех, бөлім, учаске 
бастықтарына) жүктеледі. 
Аға шеберлерге, учаске шеберлеріне, цех механиктері мен 
энергетиктеріне жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды болдырмайтын 
жағдайларда дұрыс ұйым мен жұмыс жүргізуге тікелей басшылық жасау 
жүктелген. 
ҚТ жөніндегі инженер сондай-ақ жұмыскерлерді ҚТ және ӨС 
ережелеріне оқытуды, дәрістер, әңгімелесулер өткізуді, арнайы кабинеттер 
құруды, плакаттарды, ескертпе жазулар мен ҚТ бойынша белгілерді сатып 
алуды және таратуды ұйымдастырушы болып табылады.
Кадр бөлімімен 
бірлесіп, ол мерзімдік медициналық тексерістерді ұйымдастырады. Еңбек 
қорғау маманы ретінде ҚТ жөніндегі инженер жаңадан келіп түскендерге 
кіріспе нұсқамалық
өткізеді, жазатайым оқиғалар және кәсіби ауруларының 
тергеуіне қатысады , еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын түсіндіреді. 
ҚТ жөніндегі инженер жабдықтарда, машиналарда жұмыс істеуге 
тыйым салуға құқығы бар, егер олардың пайдалануы жұмысшылардың өмірі 
мен денсаулығы анық қауіпті болса, цехтар мен бөлімдердің басшыларынан 
ҚТ өрескел бұзған тұлғаларды 
жұмыстан шеттету талап етуге 
құқығы бар. 
Оның еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар 
беруге құқығы бар. 
Ол бақылауға міндетті: 
- еңбекті қорғау бойынша заңнамалық актілерді, жоғары тұрған 
ұйымдардың шешімдерін, ҚТ және ӨС бойынша ережелер мен нормаларды, 
осы мәселелер бойынша директордың бұйрықтары мен мемлекеттік қадағалау 
органдарының ұйғарымдарын сақтау; 
- өндірістік үй-жайлардағы ауа ортасының жай-күйі және желдету 
қондырғыларын дұрыс пайдалану; 
- қазіргі заманғы техникалық қауіпсіздік құралдарын әзірлеу және 
өндіріске енгізу; 
- цехтардың ҚТ және ӨС бойынша нұсқауларды уақытында әзірлеуі; 
- қызметкерлерді норма бойынша арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен 
және жеке қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ емдеу-алдын алу 
тағамдарымен, сабынмен қамтамасыз ету; 



- барлық құрылымдық бөлімшелерде ҚТ бойынша нұсқамаларды 
уақытында және сапалы өткізу. 
ҚТ жөніндегі инженер жазатайым оқиғалардың есебін жүргізеді, 
олардың себептерін анықтайды, осы жағдайлар бойынша есептер жасайды; 
еңбекті қорғау жағдайын талдайды және басшылыққа ұсыныстар береді; 
жабдықтардың, 
құрал-саймандардың, 
технологиялардың 
ҚТ 
жаңа 
талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады және олардың нәтижелері 
бойынша осы объектілерді нормалар талаптарына жеткізу бойынша 
ұсыныстар жасауды үйлестіреді; еңбек жағдайларын жақсарту бойынша 
ұсыныстар жинауды жүзеге асырады және оларды кәсіпорын басшылығына 
ұсынады;
бөлімшелерге еңбек және ҚТ жағдайларын жақсарту бойынша іс-
шараларды әзірлеуге көмек көрсетеді. 
Жазатайым оқиға үшін қызмет көрсетуші және әкімшілік-техникалық 
қызметкерлер, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың 
орындалуын қамтамасыз етпеген адамдар жауапты болады.
Дербес жұмысқа тағайындалғанға дейін немесе электр қондырғыларына 
қызмет көрсетумен байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, сондай-ақ 
жұмыста 6 айдан астам үзіліс кезінде персонал жұмыс орнында оқудан өтуге 
міндетті. Оқу аяқталғаннан кейін ол арнайы комиссияда ТПЕ және ҚТҚ 
білімінен, сондай-ақ лауазымдық нұсқауларды білімінен тексеріс өтеді, сосын 
комиссия оған орындалатын жұмысқа сәйкес біліктілік тобын береді. 
Қызметкерлердің ТПЕ мен ҚТҚ және өндірістік 
нұсқаулықтарды оқып 
алған білімдерін тексеру мерзімдері:
а) жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларына тікелей қызмет 
көрсететін немесе оларда реттеу, электр монтаждау, жөндеу жұмыстары 
немесе профилактикалық сынақтар жүргізетін қызметкерлер үшін, сондай-ақ 
өкімді ресімдейтін және осы жұмыстарды ұйымдастыратын қызметкерлер 
үшін, жылына бір рет;
б) алдыңғы топтың қызметкерлеріне жатпайтын ИТЖ үшін үш жылда 
бір рет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет