Энергияның сақталу заңы



Дата06.11.2022
өлшемі19,93 Kb.
#47909
Байланысты:
Сақталу заңдары


Энергияның сақталу заңы
Денелердiң әртүрлi қозғалыстарының және өзара әсерлесулерiнiң әмбебап сандық сипаттамасы ретiнде физикалық скаляр шама энергия енгiзiлген.
Денелердiң механикалық қозғалысын және оған сәйкес келетiн әсерлесулердiң сипаттамасы механикалық энергия болып табылады. Денелердiң қозғалыс жылдамдығы өзгергенде немесе денелердiң өзара әсерлесулерiнiң сипаты өзгергенде - энергиясы өзгередi. 
Энергияның өзгерiсiн сипаттау үшiн физикалық шама жұмыс енгiзiлген.
Жұмыс деп – күш пен орын ауыстыру векторларының скаляр көбейтiндiсiн айтады.
Тұрақты күштің жұмысы келесі формуламен анықталады:
.
Жұмыстың атқару жылдамдығын сипаттау үшiн физикалық шама қуат енгiзiлген. Өлшем бірлігі .
.
Механикалық энергия кинетикалық және потенциалдық болып бөлiнедi.
Кинетикалық энергия - қозғалыстың сандық мөлшерi болып табылады. Қозғалыстағы дененiң энергиясын кинетикалық энергия деп атайды.
.
Денелердiң өзара орналасуына тәуелдi әсерлесу энергиясын потенциалдық энергия деп атайды.

2. Гравитациялық өрiстегi денелердiң әсерлесу энергиясы
.
3. Серпiмдi деформацияланған дененiң потенциалдық энергиясы
.
Толық механикалық энергия деп дененiң кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысын айтады.
Тұйық жүйеге тек консервативті күштер әсер еткенде толық механикалық энергия тұрақты болады.
.
Есептер шығару
1.Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді ?
2.Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
3.Тікұшақ жерден 2 шақырым биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 2 м/с болды. Егер оның массасы 0,2 тонна болса, жермен салыстырғанда механикалық энергиясы неге тең?
4.Массасы 500 г доптың 4 м/с жылдамдықпен қозғалған кездегі кинетикалық энергиясы неге тең?
5.Жер бетінен 10м биіктіктегі балконнан 0,5 кг доп көкжиекке параллель 10 м/с жылдамдықпен лақтырған жерге түсер кездегі доптың механикалық энергиясы?
6. Массасы 0,4 кг допты 20 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырады. Доптың ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергиясы (g = 10 м/с²) қандай?
7. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?
8. Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға болады?
9. 20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж болса,оның массасы:
10. Массасы 400 г дене 2 м биіктіктен құлап түсіп, Жерге ұрынғандағы кинетикалық энергиясы (g = 10 м ̸ с2)
11. Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
12. Массасы 2 кг дененің 10 м биікіктегі толық механикалық энергисы. (g=10м/с2)
13. Қуаты 25 Вт құралдың 100 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыты?
14. . Шегені 3 м/с жылдамдықпен соққан массасы 0,4 кг балғаның кенетикалұы энергиясы неге тең?
15. 20 м/с жылдамдық қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, масссасы неге тең?
16. Массасы 20 кг денені көтергенде 4000 Дж жұмыс жасалса, дене көтерілген биіктігі қандай болады? g = 10м/с2
17. Массасы 12 кг денені 6 м биіктікке көтрілдегі потенциалдық энергиясы қандай болады?
18. Жүк тасу кезінде жүкті өздігінен түсіретін машина 30 кВт қуат өндіреді.Осы машинамен 45 минутта қандай жұмыс істеледі?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет