Энергияны тасымалдау және жүйелерді біріктірген кезде пайда болатын техникалық-экономикалық есептер


Электр тораптарына қойылатын жалпы талаптар



бет9/13
Дата28.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#88162
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Энергияны тасымалдау ж не ж йелерді біріктірген кезде пайда бола

Электр тораптарына қойылатын жалпы талаптар
Электр тораптары тұтынушыларды сенімді және қажетті электр энергияның мөлшерімен қамтамасыз етуі керек.
Сонымен бірге, тораптың жұмысы ең көп үнемділіктің талаптарына сәйкесті болуы керек. Бұл, жобалау және пайдалану жағдайларына байланысты. Тораптарға қойылатын бес талаптарды атауға болады:
Жұмыстың сенімділігіТұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыру-дың сенімділігі туралы мәселенің туатын себебі – уақыттың өтуімен, іс жүзінде тораптың барлық элементтері бұзылады. Бұзылу себебі-найзағай әрекетінің жоғарлауы, желдің әрекеттінің күшеюі, ауыр көк тайғақтың пайда болуы т.б. Электр жабдықтарының сенімділігі, тек қана бұзылуларды төмендетумен және қор құру арқылы ғана емес, оған қосымша басқа да әдістерді қолданады. Сенімді электр жабдықтауды орындау үшін, сенімді істейтін реле қорғаныстың және автоматиканың құрылғылары қажетті: АҚҚ-автоматты қайталап қосу. АҚор Қ – автоматты қорды қосу, АЖЖТ- автоматты жиліктік жүк түсіру.
Электр энергияның сапасыӘрбір тұтынушы сапалы электр энергияны алу керек. Бұл энергияның негізгі көрсеткіштерімен белгіленеді: кернеудің және жиіліктің деңгейімен; үш фазалы кернеудің симметриясымен және кернеудің қисығының түрінен.
Көп ұзын электр тораптарда электр энергияның сапасы, тораптың көп жұмыс жағдайына тәуелді (электр қабылдағыштардың санына т.б.б.). Тораптың әртүрлі орындарында ол әртүрлі болады, бірақ та арнайы құрылғыларды қолданып оны реттеуге болады.
Үнемділік. Торап үнемді болу үшін ең мақсатқа лайықты тораптың сүлбесінің кескін үйлесімін, кернеулерін, сымдардың қимасын дұрыс таңдау керек. Сондықтан «келтірілген шығын» деп аталатын орнатылған белгі бойынша бір-бірімен салыстырылатын бірнеше нұсқа белгіленеді. Бұл белгі энергияның шығындарын, ақша қаражатын жұмсауды және келетін зиянды есепке алады.
Қауіпсіздік және пайдаланудың қолайлылығы. Қызметшілердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін жерлестіру, қоршау қою, дыбыс беру, арнайы киім және басқа да тәсілдер қолданады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге пайдаланудың қолайлылығын қарастыру керек: Әртүрлі ауыстырып қосудың қолайлылығын, жөнделіп жатқан жабдыққа жақындау жолын, техникалық байқауға жеткілікті өтуді және т.б.
Келешектегі дамудың мүмкіншілігі. Электр тораптары жүктеме өскендіктен және үзіліссіз жаңа тұтынушылар пайда болғандықтан барлық уақытта дамуда және қайта құру жағдайда болады. Желілер және трансформаторлық қосалқы станциялар ауыстырылады және қайта құрылады. Сондықтан, электр тораптарын жобалаған кезде, келешекте оның дамуының мүмкіншілігін еске алу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет