«Жезқазған индустриалдық - гуманитарлық колледжі»
РЕФЕРАТ
Орындаған : Әбілқасым Н.Е. Қабылдаған : Шах Құралай
Жезқазған 2023 жыл
Жоспар :
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Терминология
2. Ақылды үйлер
3. Ақылды үй технологиялары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Үйді автоматтандыру (smart home, немесе home automation) — әрекеттерді орындауға және адамның араласуынсыз белгілі бір міндеттерді шеше алатын үй құрылғыларының жүйесі. Мұндай әрекеттердің ең көп таралған мысалдары: шамдардың автоматты жанып-өшуі, автоматты жылыту және ауаны тазарту, өрт және басқа төтенше жағдайларда автоматты түрде үй иесіне хабарлама жіберу.
Қазіргі таңда үйді автоматтандыру өте ыңғайлы және икемді болып жасалған. Пайдаланушы қажеттіліктеріне сәйкес баптауларды өз бетінше түзей алады. Әрине бұны жүзеге асыру үшін ақылды үй иесі, құрылғылардың қайда орналасқанын, қандай міндеттер атқаратынын және оларды қалай орындауға болатынын білуі тиіс.
Ақылды үй жүйесі құрылғылары үш түрден тұрады:
Контроллер (HUB)
- барлық элементтері жүйесін бір-бірімен қосатын және оларды сыртқы әлеммен байланыстыратын бақылау құрылғысы
Сенсорлар (датчиктер)
- қоршаған орта жағдайлары туралы ақпарат алатын құрылғылар
Актуаторлар
- тікелей нұсқауларды орындайтын құрылғылар: сиреналар, климат контроллерлер, және ақылды (автоматты) ажыратқыштар, ақылды (автоматты) розеткалар, құбырларға арналған ақылды (автоматты) клапандар.
Көп жағдайда заманауи ақылды үй контроллері басқа құрылғылармен радио жүйесі арқылы байланысады. Олардың ең көп таралған стандарттары: “Z-Wave”, ”ZigBee” және “Wi-Fi”, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында танымал “Thread” жүйесі. Әдетте сыртқы әлеммен қарым-қатынас үшін контроллер интернетке қосылған.
Қозғалыс сенсорлары, діріл датчиктері, терезе сынуын және есіктердің ашылуын сезетін датчиктер :
Бейнебақылау
Видеотелефондар
Электрондық құлыптар (ақылды құлыптар) және қақпаны басқару модульдері
Сиреналар
Бұл құрылғылар салыстырмалы қарапайым жүйеден немесе өте күрделі қауіпсіздік жүйелерін салуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |