English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет43/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   176
Байланысты:
Искакова Ш. Г-emirsaba.org

Үстеу (The Adverb). 
Іс-қимылдық кұй жайын білдіретін сөз табы үстеу деп аталады.
Үстеу етістікке қатысты жəне де сөйлемде пысықтауыш қызметін
атқарады.
He walks quickly. Ол жылдам жүреді.
I didnt see him yesterday. Мен оны кеше көрген жоқпын.
Үстеуді мағынасына қарай тoптау жəне оның сөйлемдегі орны. 

Мекен үстеулер. 



53
Мекен үстеулерге келесі сөздер жатады: here-осында, there-онда,


where-қайда, somewhere, anywhere-бір жерде, nowhere-еш жерде, elsewhere-
бір жерде, басқа жақта, far-алыс, near-жақын, inside-ішінде, outside-
сыртында, above-жоғарыда, below-төменде.
We saw beautiful flowers there. Біз ана жақтан əдемі гүлдерді көрдік.
He went somewhere on Sunday. Ол жексенбі күні бір жерге барып
келді.

Мезгіл үстеулер. 
1) Мезгіл үстеулерге келесі сөздер жатады: always-əрқашан, қашанда,
often-жиі, seldom-сирек, ever-қашан да болса, never-еш уақытта,
ешқашанда, just-қазір ғана, already-енді, əлдеқашан, still-тағы, əлі, soon-
жақын арада, usually-əдетте.
He always comes early. Ол əрқашан ерте келеді.
2) Келесі үстеулер сөйлемнің басында немесе сөйлемнің соңында
тұрады: todаy- бүгін, tomorrow-ертең, yesterday-кеше, afterwards- аяғында,
sometimes- кейде, then-сол уақытта, сол кезде, сонда, онда, now- қазір, енді.
I shall go there tomorrow. Tomorrow I shall go there. Мен онда ертең
барамын.
I go there sometimes. Sometimes I go there. Мен онда кейде барамын.
3) Келесі сөздер ереже бойынша сөйлемнің соңында тұрады: lately-
соңғы уақытта, recently- жақында, жақын арада, before- бұрын, since- содан
бері.
I have seen this film before. Мен бұл фильмді бұрын көрдім.
I have not been there lately. Мен соңғы уақытта сонда болған жоқпын

Мөлшер үстеулер. 
Мөлшер үстеулерге келесі сөздер жатады: very-өте, тым, аса, too-
тым, өте, so- сондай, rather-əжептəуір, едəуір, almost, nearly-дерлік, hardly,
scarcely-əрең, much far, by far-анағұрлым, едəуір, quite-мүлде, not at all-
мүлде басқа, much-көп, little- аз.
He is very old. Ол өте қарт кісі.
This story is rather interesting. Әңгіме едəуір қызықты.
I could hardly understand him. Мен оны əрең түсіндім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет