Енсебаева Бибигуль мт-11ж 1-модуль: «Педагогиканың әдіснамалық негіздері»


Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы



бет2/3
Дата15.03.2022
өлшемі15,45 Kb.
#27992
1   2   3
Байланысты:
Енсебаева Б 1 семинар М-11ж

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы;

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар: әдіснамалық және пәндік.

- Әдіснамалық байланыс - басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды, жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан); басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану (мысалы, әлеуметтанудан).

- Пәндік байланыс - басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы, психологиядан, медицинадан, физиологиядан және т.б.); кешенді зерттеулерге қатысу.

Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы кіргендіктен, бұл ғылым адамды зерттеу нысаны ретінде қарастыратын барлық ғылымдармен байланыс жасайды. Бұл байланыстардың ішінде философия және психологиямен байланыстары ерекше. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.Педагогиканың философиямен байланысы ерекше, себебі философия педагогиканың әдіснамалық негізін құрайды, яғни көптеген педагогикалық құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі, педагогикалық ізденістер бағыттарын анықтайды. Философия ғылыми таным қағидалары мен әдістерін, әдістемесі мен технологиясын жасай отырып, педагогикалық зерттеулер мен педагогикалық ізденістерді жүргізудің, педагогикалық тәжірибені талдаудың және педагогикалық тұжырымдамаларды жасаудың теориялық негізі болып табылады. Педагогикалық фактілер мен құбылыстар философиялық негіздемесіз ғылыми мәртебеге ие бола алмайды. Екінші жағынан педагогика философиялық идеяларды «сынақтан өткізу алаңы» болып табылады. Педагогика адамның дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен құралдарын жасайды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет