Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болады. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез – құлқын түрлі іс — әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Тапсырма:
«Педагогика пәнінің пәнаралық байланыстары» тақырыбына кластер жасаңыз.
Педагогика котегорияларының құрамына:
Тәрбие, педагогикалық процес
Әлеуметтендіру
Тұлға, іс-әрекет
Даму, қалыптастыру
Тәрбиенің қалыптасуы
Отбасы
Айналадағы орта
Мектеп
Өзін—өзі тәрбиелеу
|
Достарыңызбен бөлісу: |