Әож 372. 851 Дарынды балалардың негізгі педагогика-психологиялық ерекшеліктері альменбетова Қ. Ж., Тугелбаева Ж. Н



жүктеу 99.71 Kb.

Дата12.03.2017
өлшемі99.71 Kb.

ӘОЖ 372.851

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Альменбетова Қ.Ж., Тугелбаева Ж.Н.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдқорған қ. 

azh.almenbetova@gmail.com

.,  tg.zhazira@mail.ru

         Осы мақалада дарындылық және дарындылықтың педагогика-психологиялық

ерекшеліктері мәселесі қарастырылған.

           В статье рассматривается об одаренности и об   психолого-педагогических

особенностях одаренных детей.

     The article discusses about giftedness and psychological-pedagogical characteristics

of gifted children.

   Кілт сөздер:дарындылық, дарынды бала

Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты – ізгілік және тұлғаны

қалыптастыру.   Қазақстан   Республикасының   «Білім   туралы»   заңында:   «Білім   беру

жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке

тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін

және эстетикалық технология тәрбие беруді дамыту»  - деп атап көрсетті. Осыған орай

бүгінгі   бастауыш   сынып   мұғалімдерінің   алдында   оқушыға   білім,   білік,   дағдыларын

игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-

жақты, азат шығармашыл дамыту міндеттері де тұр. 

Оқушының   шығармашылық   әрекетін   педагогикалық   және   психологиялық

тұрғысынан     жан   –   жақты   зерттеулер   көбеюде.     Өйткені,   қоғамның   тәжірибесі

шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап,

психология – педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең

маңызды,   ең   тұрлаулы   ерекшеліктер.   Бұған   әрбір   адамның   мінезі   мен   темпераменті,

қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығу жатады. 

Сонымен,  дарындылық, қабілет  түсініктерін қарастыратын болсақ, дарындылық-

қабілеттің көрінісі, оны анықтағанда мына белгілерге сүйенген жөн:

- көп   жағдайларда   қабілеттің   дамуы   туа   біткен   ерекшеліктерге,   нышандарға

байланысты;

- қабілеттер тек қозғалыс, даму үстінде жүріп отырады, яғни белгілі бір іс әрекет

түрін орындауға мүмкіндік береді;

- қабілет   адамның   бойында   қалыптасқан   дағдыларға   бірікпейді   (Б.Ф.Теплов,

1957).


Дарындылық – бұл қабілеттердің шоғырлана көрінуі, адамның бір немесе бірнеше

әрекет   түрлерінде   басқа   адамдармен   салыстырғанда   жоғары   жетістіктерге   жету

мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмір сүру барысында дамитын психика қасиеті.

Дарындылық   -баланың   жеке   әлемі   мен   оны   қоршаған   арасындағы   өзара

байланысты   ықпал   жүйесі.   Қоршаған   орта   балаға   тән   қабілеттерді   (интеллект,

креативтілік, талант) оятып, дамытады. Осы арқылы баланың «мені» беки түсіп, соның

арқасында   тәуекелге   бел   буады   және   бір-нәрсеге   қатысуға   белсенділік,   пайда   болады,

қажырлық, шыдамдылық, табандылықтың арқасында жетістікке жетеді. 

Дарындылық көрсеткіштерінің формаларына: ойлаудың оралымындағы, ойлаудың

жемістілігі,   зейіннің   жоғарылығы,   есте   сақтау   қабілетінің   жоғарлығы

қызығушылықтарымен   дейімділіктері   жатады.   Осыларға   анықтама   беру   арқылы   біз

дарынды баланың анықтамасын шығарамыз.



Ойдың оралымдығы. Әрі тез әрі жеңіл шешімдер таба білу, қандайдай ситуация

болмасын жаңаша стратегиялар ойлап табу, ассоциациялық байланыстар орната білу және

бір   құбылыстан   екішісіне   ауыса   білуді   екінші   сөзбен   атағанда   ойлаудың   оралымдығы

дейміз.


Ойлаудың   оралымдығының   жоғары   көрсеткіші   –   оған   қарама   –   қарсы   түсінік

ойлаудың салғырттығы немесе баяу ойлану сияқты сирек құбылыс болып табылады. Сол

себепті де ойлау оралымдылығының жоғары көрсеткіші тек дарынды балаларға тән деп

есептейміз.

Ойлау оралымдығы баланың бұрыңғы алған тәжірибесіне тығыз байланысты, яғни

білім   көлемі   мені   іскерлігі   және   т.б.   Бірақ   дарындылықты   тек   осы   түсініктермен   ғана

шектеу жеткіліксіз. 

Ойлаудың жемістілігі немесе оны екінші сөзбен ойдың шапшандығы деп атайды.

Ол   көбінесе   ойлауды   топтастыру   икемділігі   ретінде   қарстырады.   Бұл   қасиет

дарындылықты басқа қырынан тануға көмектеседі. Неғұрлым идея көп болса соғұрлым

олардың ішінен қолайлырағын таңдауға мүмкіндік бар идеялардың молығы бір жағынан

негізгі   болып   саналса,   екінші   жағынан   шығармашылыққа   қажетті   алғы   шарт   болып

табылады.   Дарынды   балаларға   идеялардың   молдығы   тән.   Себебі,   олар   қандайда   бір

проблемалық ситуацияларға жауап ретінде идеялардың көптігін пайдаланады.

Жаңа идея дегеніміз - бұл жерде алғашқы түсініктер мен ойларға ассоциациялық

түсініктеме беру емес. Алғы түсініктер мен идеялардың бірігуі мазмұны жағынан қолдау

тапқан,   ал   бұл   жағдай   тек   қана   осы   түсініктердің   алдында   тұрған   объектівті

құбылыстардың   көрінісі   болған   кезде   орындалады.   Алғашқы   да   бұдан   туған   ойлар

шындыққа ұласпайтын сияқты көрінеді, бірақ терендеп зерттесек жаңа көзқарастардың

негізі болуға көмектеседі.

Дарынды балалардың құрдастарына қарағанда ерекше бір нәрсені болжап алдын-

ала сезу секілді қабілеттер тән. Бұл құбылыс психологияда бірнеше аспектілер бойынша

қарастырылады:

Бір мәселенің алдын алу шешімін табу;



Интуиция;

Шығатын нәтижені алдын ала көз алдына елестете алуы;



Қандайда бір оқиға болмасын организмнің оған дайын болуы;

«Озық көрініс беру». 



Болжай білу қабілеті дарынды балалармен қатар өзге жай баларға да тән. Атақты

психолог А.В.Брушлинский былай деп айтқан екен «Адам ой жаттығуын шеше отырып, ол

ең аз дегенде алдындағы шешімдік болжайды».

Дарынды балаларды бұл қасиет ерекше көрінге тіпті алдын-ала сезе білу қасиеті

тек қана оқу жаттығуларын шешумен ғана шектелмей, сонымен қатар шынайы өмірдің

басқада көріністерін, әлеуметтік құбылыстар дамуын да болжайды. 

Дарынды   балалардағы   болжау   мүмкіндігі   бәрінен   бұрын   дивергенті   типтегі

тапсырмаларды   шешуге   бейімділігі,   ойлау   оралымдығы,   ойлау   жемістілігінің   дамуы

дарындылыққа түсініктеме береді. 

Танымдылық қабілет дамуының ерекшеліктері.

Қызығушылық   –   Білуге   құштарлық   –   Танымдық   қажеттілік.   Алдымен   осы

түсініктерге жеке-жеке тоқталып өтсек. 

Қызығушылық   –   адамның   дүниені   тануға,   білуге   мұқтаждығы.   Қызығущылық

адамның өміріндегі нақты шындық көріністі терең жаңа бір фактіны жете білуіне және сол

арқылы іс әрекетіндегі бағыты мен бағдарын мақсатын айқындауға мүмкіндік береді. 

Адамның   қызығушылығын   қанағаттандыру,   оны   одан   әрі   жаңа   бір

қызығушылыққа, дүниетанымдық жаңа бір биік сатысына жетектейді. Қызығушылықтың

даму табиғаты неғұрлым күшейсе, соғұрлым адамда қызыққан іс-әрекеттің орындау, іске

асыру  ниеті   пайда   болады.   Қызығушылық   туғызатын   объекті   болуы   керек.   Бұл   –   осы

қасиеттердің ерекшелігі. Ол адам қызығушылығындағы белгі бір мақстақа жетуіне құрам



ретінде қажет. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінде оларға білім беруде қолданатын әдіс –

тәсілдерде   қызығушылық  туғызу  белгілі  дәрежеде  маңызды  рольде   ие  болады.   Адамға

қызығушылықтың  тұрақтылығы  оның  қызығушылығының  уақыт  ұзақтылығы   мен  оған

жету  жолындағы   шапшандыққа   байланысты.   Оған   қоса   сол  қызығудан   туған   мақсатқа

жету жолындағы қиындықты жеңе алуына байланысты. 

Білуге құштарлық – бұл қоршаған өмірді терең де толық білуге құштарлық. Білуге

құмарлық адамды жаңа білім, жаңа шеберлік, жұмыста жаңа әдіс іздеуге жетелейді. Осы

ізденуде қуаттылық пен тұрақтылық пайда болады, адам өмірін бай да мақсатты етеді.

Әр   педагогқа   таныс   білім   шыңына   апаратын   «әйгілі   басқыш»   осы

түсініктерменберіледі.   Бұл   баспалдақтың   бірінші   басқышында   барлық   дарынды   және

дарынсыз оқушылар тұрады.

Дәстүрі   педагогикада   айтылғандай,   әрбір   дені   сау   балаға   әр   нәрсеге   әуестік,

қызығушылық интеллектілік қабілеттер тән.

Қызығушылықтың   білімге   деген   құштарлығына   ұлғаюы,   ал   оның   ары   қарай

танымдылық қажеттілікке ұласуы дарынды дарынды балаларды тәрбиелеуде өте маңызды.

Дегенмен,   балалардың   көпшілігінде   қоршаған   әлемді   тануға   деген   қызығушылығы,

ынтасы жеткілікті дәрежеде білімге деген құштарлыққа өспейді. Жай балаларға қарағанда

аталған қасиеттер дарындыларға тән. 

Дарынды балалар өздерінің зерттеулеріне шек қоймайды. Оларға тән қасиет ерте

жастан қалыптасады және барлық жас кезендерінде олардың маңызды ерекшелігі болып

қала береді. Балалар дарындылығы бойынша атақты маман Лейтес былай дейді: ақыл-ой

ізденісі, оған түсетін салмақ дарындыларға тән, тіпті олардың кейбіреулерінің қабілеттері

бірден   көбінесе   де   кеңінен   шыға   бастайды.   Осыған   байланысты   белгілі   дәрежеде

танымдық   қажеттіліктер   дамуының   өте   жоғары   деңгейі   танылады.   Лейтестің   айтуы

бойынша,   білуге   деген   балалық   құштарлықты   сақтап   қалу   мүмкін   болса,

қабілеттіліктердің дамуына тұрақты стимул (ынталандыру) береді. 

Дарынды  балалар көбінесе өздерінің есте сақтау қабілеттерімен таң  қалдырады.

Бірақ бір ескеретін жағдай, дарынды балалар есте сақтау қабілетімен емес, оларды өмірде

тиімді қолданумен ерекшеленеді. 

Қызығушылықтар мен бейімділіктер дарынды балаларға өздерінің спецификалық

ерекшеліктерімен көзге түседі. Бұлардың біреуі – қызығушылық табандылығы жоғарыда

айтылған. Дарындылықтың бір қыры қызығушылықтың жоғары болуы. 

Көптеген балалардың үлкендердің қиялынсыз ақ өздерінің қызығушылықтарының

арқасында     бар   зейінін,   ынтасын   бір   ғана   бағытқа   шоғырландырып,   сөйтіп   үлкен

жетістіктерге жетіп жатады. Мәселен, музыка, шахмат, метематика т.б.

Дарынды   балалар  өздерінің  күшін  текке  жұмсаумен  тең  дейді.  Бірақ  бұл  дұрыс

емес. Себебі, дарынды бала тек бір бағытта ғана ұстап, содан үлкен жетістікке жету басты

мақсат   болмауы   тиіс.   Керісінше   дарындылықты   ары   қарай   дамытып,   жетілдіріп,   ол

әрқашан қолдау тауып отырыу керек. 

Дарындылықтың   тағы   бір   белгісі   -   өздерінің   тәжірбиесінен   алған   мол   билігі,

зерттеу тәжірибесі арқылы қол жеткен көрсеткіштері, қызығушылығынан құралған билігі

болып табылады.

Бағалау   қызметі.   Отандық   және   шетелдік   зерттеушілер   бағалау   қызметін

дарындылықтыңбір   көрсеткіші   ретінде   алып   қарастырады.   Бағалай   білу   қызметі   сыни

тұрғыдан ойлау болып табылады. Ол өзінің мүмкіншіліктерін бағалаумен қатар өзгелердің

де ойларын, қылықтарын  түсінуге мүмкіндік береді. Бағалай білу мүмкіндіктері дарынды

балалардың өзін-өзі бағалай білуін, өзін-өзі бақылауын және т.б. көптеген ақыл – ой және

жеке қасиеттердің дамуына көмектеседі. 

Эгоцентризм.   Дарынды   балалар   басқа   балалар   сияқты   қоршаған   орта   нақты

шынайы өмірдің өздері ойлағандай, армандарына сәйкес келе бермейтінін түсте бермейді.

Бұл үлкендерге де тән, бірақ егер үлкендердің  эгоцентризімі белгілі мөлшерде – туынды


эгоизм болса, ал балалардың эгонцетризімінің табиғаты өзгеше және де өзгелердің жағына

тұра алмайтындығымен, тәжірибесінің шектеулігіне байланысты анықталады. 

Көптеген зерттеулер дарынды балалардан жоғары дәрежедегі эгоцентризм көріністі

байқайды және оны М. Дональдсон  сөзімен түсіндіруге тырысады: «Неғұрлым көп білген

сайын   соғұрлым   өзінді   эгоцентрлі   ұстау   мүмкіндігін   көп».Эгоцентризімді   басқа   да

қасиеттер секілді жай біржақты қарастыруға болмайды. Терең зерттеу нәтижесінде кейбір

сфера   эгоцентризм   жай   балаларға   қарағанда   дарынды   балаларда   айқын   көрінсе,   кейде

керісінше онша көрініс таппаған.

Танымдық сферада танымдық эгоцентризм пайда болады. Зерттеу практикасынан

шығатын   қорытынды:   эгоцентризмнің   бұл   тұру   –   мектепке   дейінгі   және   кіші   мектеп

жасындағы     дарынды   балаларға   тән.   Кейде   біз   үлкендер   түсіне   бермейтін   нәрселерді

дарынды   балаларға   қарапайы   әрі   түсінікті     болады.   Эгоцентризімнің   бұл   түрі   -   өзінің

тұрақтылығымен ерекшеленеді және де әлі жалғасын табуда [1].

Басқа адамдардың моральді іс - әрекеттерін мен қылықтарының себептерін алуда

жай балаларға қарағанда бұл мәселеде үлкен басымдық танытады.

Ақыл – ойының жоғары   деңгейде дамуының арқасында қандайда бір мәселенің

себеп-салдарлық байланысын байқау, болып жатқан құбылыстарды алса бір сезімталдық

пен қабылдау – осының бәрі басқа адамдардың қылықтарының себептерін түсінуге жол

ашады. Сол себепті де біз аз да болса білім бір мөлшерде моральдіқ эгоцентризм жай

балаларға қарағанда дарындыларға тән деп есептейміз. 

Коммуникативті эгоцентризм. Ж.Пиаженің «Эгоцентризм концепциясында» былай

деп жазылады: мектеп жасына дейінгі бақылаудың нәтижесінде кішкентай балалар өздерін

тыңдаушы ретінде қойғысы келмейді. 

Д.   Сиск   пен   С.   Кейтсан   жұмыстарды   қолданған   аранайы   тапсырмалар   даму

бағдарламасында   ұсынылған.   Мұнда   кір   объектіге   көзқарасын   өзгуртуге   арналған

тапсырмаларды орындауда  жай балаларға қарағанда дарынды балалардың мәселені тез әрі

жеңіл   шешіп   тастайтынын   көрсетеді.   Сонымен   жай   балаларға   қарағанда   дарынды

балаларға коммуникативті эгоцентризм аз дәрежеде тән.

Ата-ана   мен   мұғалімдер   балаға   бостандық   пен   өз   күніне   деген   білімді   дамыту

арқылы   бала   өзін   дарынды   бола   алатынын   сезеді   (2-3)   (6-4).   Олар   интеллектуалды

жетілдіру және ынталандыру арқылы баланың өзі «дарынды» болғысы келетіндей жағдай

жасай алады (1-3), (6-5).

Мектептен   тыс   уақытта   дарынды   балалардың   хоббиі   негізінен   36%-ы   кітап   оқу

болған:   ғылыми   фантастика,   оқиғалар,   ғылыми   әдебиеттер,   энциклопедиялар,

өмірбаяндар. Содан соң достары, ғылыми, энциклопедтер, модельдеу немесе ұсақ-түйек

бұйымдар   жасау,   шахмат,   телевизор   мен   радио   және   спорт   пен   өнермен   шұғылдану

(әсіресе   кіші   жастағы   балаларға)   басқа   балалар   сияқты   10   жасқа   дейінгі   балалар   бір

нәрсені коллекциялауды хобби ретінде әсіресе пошталық маркерлерді жинауды ұнатады

екен. 25%- ға жуығы дстармен кездесуді қалайды. Тек 10%-ы ғана, спортты сүймейді екен,

себебі   бұлар   күшті   емес   болғандықтан   және   ата-аналары   спортты   маңызды   деп

санамағандар қатарынан болғандықтан.

Білім бастауы ретінде 5-6 жастағы балалар –тәжірибе десе, 7-8 жасар балалар ата-

ана үйі деп есептейді. 10 жастан бастап, дербес балалалар білім бастауы деп-оқу (36%),

отбасы   (25%),  теледидар   (10%),  бақылау  мен  тәжірибе (6%),  деп   санаған.  Тек  23%-ғы

балалар ғана білім бастауын-мектеп деп санайды. Ал, оқыған немесе теледидар көргенді

ұнатасың ба?- деген сұраққа 47%-ы теледидар көргенді жөн деп санайды екен, ал 39%-ы

оқыған, 14%-ы екеуін де ұнатпаған. 

Бүгінгі күні 10 жастағы үлкен әр екінші дарынды бала ең сүйікті не?- интернет деп

жауап береді. Теледидарға көп көңіл бөлінетіні белгілі себебі оларға кітап оқудан  гөрі

теледидер   алдында   көңіл   көтере   алады   және   де   телевизор   алдында   ойлануды   қажет

етпейді, ал кітап ойламай оқып, көру мүмкін емес. Тағы бір ескеретіні теледидарды көру

үшін, олар арнайы уақыт бөлінбейді дейді. Ал, кітап оқу кәдімгідей уақытты талап етеді.



Көптеген   дарынды   балалар   өздерінің   әлеуметтік   мүмкіндіктеріне   көп   сене   бермейді.

Себебі   олар   әлеуметтік   істерге   көп   қызықпайдындықтан   ал   кейбіреулерінің

тәжірибелерінің аздығынан қызықпаушылыққа түсе бермейді. 

Оларды   көбісі   ұнатпайды,   тіпті   кейде   оқшау   қалып   қалады.   Элен   Виннердің

пікірінше интеллект коэффициент саны  160-тан асқан балалар жай балалардың ортасынан

дос таба алмайды, тіпті достары болмайды. Интеллект коэффициенті жоғарылаған сайын

бала да оқшау жеке қалып қоя береді. Біздің ойымызша бұлай емес). Ия, соңғы жылдары

дарынды балалардың ортасында көптеген оқшау қалған балалар көптеп кездесетін болды.

Бірақ, олардың себептері әр түрлі болып келеді: Қоғамның мақсатталған бағыттары, себебі

компьютер алдында интернетке саяхат ұзақ уақытты өткізеді және көбінесе ата-аналардың

жеке дербес  үлгілері, тәрбиесі болып саналады. Бірақ біз оларға эмоцияларын дамыту,

рухани кемелденуге тәрбиелеу және әлеуметтік қалыптасуына  көмектесуге тиіспіз. Сонда

олар жай балаладан өздерін артық санамай қайта оларға шын ықылас білдіріп дос болар

еді. 


Мұнда   мұғалімдер   мен   ата-аналарға   экскурсия,   танымдық   топ   саяхаттар   т.б

ұйымдастыру арқылы баланы әлеуметтік мәртебесіне мойындаған, жетуге көмектесер еді. 

Дарынды балалардың проблемасы олардың дарындылығынан емес, қайта олардың

әлсіз   жақтарынан   пайда   болады.   Сол   себепті   әлсіз   жақтарынан   жою   арқылы   оның

проблемасы да шешіледі [2].

Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ол

креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекетте   жүзеге асады деген пікірде. Демек,

шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді. Мектеп

білім   беру   әдістерін   қолданып,   танымдық   процесті   ұйымдастыру   тәсілдері   арқылы

баланың   креативтілігін   дамытуды   ынталандырады.   Креативтілік   туралы   айтқанда

шығармашылық ойлау ғана емес, тұлғаның қасиеті мен дамуы да ескерілуі керек. 

Дарындылық   дамуының   психологиялық   механизмдері.   Дарынды   балалармен

жұмыс жасаудың эффектифті әдістерін құру үшін тек қабілеттердің дамуына ықпал ететін

факторларды біліп қана қоймай, осы ықпалдың психологиялық механизімдері туралы да

хабардар болуы керек. Дарындылықтың дамуын – анықтайтын кейбір негізгі факторлар

мен механизмдерді атап өтейік: 

А) қажеттілікті- мотивациялы факторлар.

Көптеген  зерттеулер  бала  қабілеттілігінің  дамуына  мотивацияның  маңызын  атай

отырып,   дарындылық   феноменін   белгілі   бір   қажеттіліктер   мен   мотивтер   түрлерімен

байланыстрады, және танымды қажеттіліктер жетекші рольге ие болады. 

Зерттеушілердің пікірінше танымдық қажеттіліктердің айқын көріну және өзіндік

ерекшелік дәрежесі дарындылықтың дамуының түрі мен деңгейін анықтайды.

Осы   көз   қарастан   шығатын   тұжырым   дарындылықты   идентификациялау   үшін

баланың танымдық қажеттілігінің даму деңгейін диагностикалап өту керек дегенге келеді.

Мотивтерді   класификациялаған   кезде   дәстүрлі   түрде-ішкі   (экстринсивті)   және

сыртқы (интринсивті) мотивацияларды дифференциалдайды. А.В.Хуторской қазіргі таңда

– ішкі – мотивацияны зерттеудің алты  негізгі әдістемелерін бөлуге болады деп есептейді

[3].


Дарындылықтың   дамуын   ішкі   мотивацияның   ықпалымен   байланыстырады.

«Сыртқы»   жетістіктерге   бағдарлану   (мансап,   ақша,   т.б),   субьектінің   шығармашылық

белсенділігіне     негативті   әсер   етеді.   Шығармашылық   психология   саласының   белгілі

маманы   Н.С.Лейтес   [4]   өз   іс   әрекетіне   толық   берілген   адам   сезінетін   белсенділіктің

қуанышты сезімін білдіретін «тасқын немесе ағын» ұғымын енгізді. Соңғы кездері бұл

түсінік дарындылық феноменін сипаттауда жиі қолданылып жүр.

Мазмұнды   аспектісінен   басқа   мотивтің   көріну   деңгейі,   дәрежесі   де   ескеріледі.

Дарындылық   психологиясының   мамандары   мотивацияның   негізгі   сапасы   ретінде   оның

стимулдық   функциясын   қарастырады.   Өкінішке   орай,   осы   ықпалдың   нақты

психологиялық механизімдері толық қарастырылмайды.



Б) Компенсаторлы механизмдер, мүмкін барлық дефектілердің стимулдық ықпалы

мен   олармен   байланысты     компенсаторлы   процестер   туралы   пікірлер   түрлі   ғылыми

бағыттардың   жақтаушыларымен   бөліне   бастады.   Осылайша,   А.Адлердің   ойынша

дарындылықтың   дамуына   себепші   болатын   жаттығуларға   түрткі   ретінде   жиі   жағдайда

болада   болатын   өзінің   толық   жетілмегендігін   сезіп   тұрады.   Әсіресе   бұл   сезім   ауыр

органикалық дефектілері бар балаларға жіті көрінеді.

Бірақ дефектінің стимулдық пікірлері түрлі сипат алады. Бір жағынан дефектіге

қарамай, басқалардан озу, әрқашанда алда болу ниеті туралы айтылады. Екінші жағынан

танып   білуге   деген   оның   ұмтылысы,   өзінің   шығармашылық   потенциялының   жүзеге

асыруға талпынып жатыр делінеді.

Компенсаторлы   механизімдердің   қызмет   етуі   мотивациялы   әсер   етуге   ғана

дефектінің талантқа айналуын білдірмейді.

В) Тосқауылды жеңудің психологиялық механизмі. Динамикалық дарындылықтың

дамуының   жеткен   деңгейін   диагностикалаудың   орнына   алға   дамуға   кедергі   келтіретін

бөгеттерді   іздеу,   олардың   туындауының   себептерін   зерттеу   мәселелері   шығады.   А.С.

Выготскийдің идеяларын дамыта отырып бұл кедегілер баланың өзінің социамәдениетті

ортасына бейімделуінен туындайды деп болжауға болады. Кедергілермен күресу қажеттігі

психикалық функциялардың күшеюі мен жетілуін талап етеді. Егер бұл процес табысты

жүрсе,   бала   қабілеттері   даммды,   ол   кедергіні   жеңуге   мүмкіндік   алады,   осылайша

социамәдениеттік ортаға бейімделеді.

А.С.   Выготский   бұл   процестің   механизмін   түсіну   үшін   кедергіні   талдау  қажет,

сонымен   бірге  кедергі   туғызған   өзгерістерді   ой-елегінен   өткізу  керек   дегн.   Кез   келген

кедергілер дамуды шектейді немесе тоқтайды. Бірақ қиындықты тудыра отыра олар бір

мезгілде осы дамуға стимул болады. Ю.З.Гильбух мен А.И.Доровскилердің мәліметтері

бойынша кедергі жеңу механизмдерінің әрекеті интелектуалды дамудың жылдамдығымен,

ал қорғаушы механизмдер әрекетті оның баяулауымен байланысты.

Г)   Санасыз   процестер.   Дарындылықтың   дамуы   мен   үздік   жетістіктердің   пайда

болуына   санасыз   процестерге   елеулі   роль   береді.   Дарынды   балаларды   оқыту   мен

тәрбиелеу  әдістері   саналы   процестерге   бағдарланған.   Аз   зерттеушілер   ғана   өз   алдына

интуицияны, т.б. дамытуға бағытталған әдіс, тәсілдерді жасауды мақсат қояды. Ұсынылған

осы әдістер «психологиялық қауіпсіздік» талаптарына сәйкес келмейді.

Қазіргі   білім   беру   тұжырымдамасының   бағытының   өзгергеніне   қарамастан,

мектептерде оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі күнге дейін кездеседі.

Оқытуда   білім   беруді   меңгеруге,   баланың   интеллектісін   ғана   дамытуға   бағыттайды.

Оқушының   тұлғалық   және   психологиялық   шығармашылық   қабілеттерін   дамытуға

арналған жұмыстар тең дәрежеде өткізілуі тиіс. 

Білім   беру   жүйесінің   тиімді   көрсеткіші   баланың   дамуы   болуы   керек.

Зерттушілердің пікірі бойынша, білім беруде дамытудың тиімді және маңыздысы тұлғаға

бағытталған   оқыту.  Мұндай   оқыту   тек   біліммен   ғана   қаруландырып   қана   қоймай,   ең

алдымен   оқушылардың   танымдық   шығармашылық   күштерін   қалыптастырады.

Зерттеушілердің   бұл   пікірімен   келіспеу   мүмкін   емес.   Өйткені,   креативтілікті   дамыту

тұлғалық   дамудың   басты   көрсеткіштерінің   бірі,   тек   қана   креативтілік   адамның   өзінің

даралығы мен бірегейлігін көрсетеді. 

Қ.Әбдібекқызы   бастауыш   сынып   оқушыларының   бала   бойындағы   қасиеттерінің

шығармашылық үшін тиімсіз жақтарын анықтайды: 

Төменгі   сынып   оқушылары   небір   дүниені   қиялында   қиыстыра   алғанымен,



олардың қиялы тұрақтап, бір образды, сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея,

мақсат   тумайды.   Ой   –   қиялы   тұрақсыз   болғандықтан,   оны   әлдебір   тапсырма   міндет

төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. 

Төменгі сынып шығармашылыққа өте белсендік көрсеткенімен, оны тек ойын



ретінде қабылдайды.

Төменгі сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз.



Бастауыш сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы.

Бастауыш   сынып   оқушыларын   шығармашылыққа   тәрбиелеу   үшін   қиын   кезең

екеніне   қарамастан   балалардың   бойына   жауапкершілік   сезімін   сіңіру   керек.   Оларды

шығармашылыққа бағыттап, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру керек. 

Бастауыш   сынып   оқушыларының   креативтілігін   дамыту   жолдарын   қарастыра

отырып,   педагогикаляқ   инновациялық   процесте   оқытушының   түрткісі   мен

шығармашылығының қатынастары инновациялық әрекеттің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Өткізілген зерттеулер өз кезегінде болашақтағы  инновациялық әрекетті  болжау деңгейі

мен сипатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қысқасы,   дарынды   балаларды   іздеу,   оларды   оқыту   мен   тәрбиелеу   қоғам   үшін

бүгінгі   күні   қажет,  себебі   дарынды   адам   басқаға   қарағанда   көп   пайда   әкеледі.   Әрбір

талантты адам еңбеке бейімді, ол шығармашылық тапқырлықпен жемісті еңбек етеді.

Бастауыш    мектеп  оқушысының   жеке   тұлғасын   қалыптастыру, оның    рухани

әлемін  байыту, сабаққа  ынта – жігерін  арттыру, жеке  дарындылығын  дамыту – бүгінгі

таңдағы  негізгі  мәселелердің  бірі.

Өйткені,   қазіргі   кезеңдегі     қоғамның     жедел     дамуы     ғылым   мен     техниканың

дамыуымен     байланысты     болса,   ол     болашақта     ғылым     мен     техниканы,   өндірісті

дамытатын     бүгінгі     мектеп     оқушылары.   Сондықтан     мектеп     оқушылары     үлкен

жауапкершілік   пен       білімдарлықты     қажет   етеді.   Оқушылардың     өз   -   өзіне     сенімін

арттыру, олардың  шығармашылығын  дамыту, өтілетін  сабақтың  оқу – материалын терең

ұғына  білуге  баулу – мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне  де  байланысты. 

Мұғалімнің  әрбір  өтілетін сабағы қазіргі  кездегі  оқыту  талаптарына сай  болып

келуі қажет. Бұл   айтылған     талаптармен   бірге   мұғалімнің   күнделікті   өтілетін әрбір

сабағы     ғылыми     түрде     негізделіп,   оның   тәлім-тәрбиелік   мәні   жан-жақты   ашылуы

тиіс.Осы талаптардың орынды атқаруында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами

түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын

ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-

тәсілдерін   қолдана   білгенде   ғана   бастауыш   сынып   оқушыларының   шығармашылық

қабілеттері дами түседі.



  

 ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Жексенбаева У.Б. Содержание деятельности РНПЦ «Дарын».- Алматы, 2002

2. Программа РНЦП «Дарын» (республиканский научно-практический центр)- Алматы,

1998

3. Хуторской А.В. Развитие одаренности школьников.- М.: 2000



4. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников.-М., 2000

5. Нарикбаева, Калиева С.И. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными детьми:



Методическое пособие.- Алматы,- 2001

Document Outline

  • ӘОЖ 372.851




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал