Əож 373 013: 37. 033/. 035 Карбаева Ш. Ш



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі357,88 Kb.
#635

Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

320

ƏОЖ  373.1.013:37.033/.035 

Карбаева Ш.Ш. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогоикалық университеті 

АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР 



Аңдатпа 

Мақалада   Қазақстанның  агроөнеркəсіптік  кешеніндегі инновациялық  процестердің 

ерекшелігі қарастырылған,  елдің агроөнеркəсіп кешенінің дамуына əсер етуші факторлар 

келтірілген, сонымен қатар ҚР аграрлы секторының  инновациялық белсенділігін арттыру 

жолдары ұсынылады. 

Кілт  сөздер:    агроөнеркəсіптік  кешен,  инновация,  инновациялық  процес, 

инновациялық  даму,  агробизнес,  агроөнеркəсіптік  кешендегі  инновация,  ауыл 

шаруашылығы, ауыл шаруашылығының жаңа инфрақұрылымы. 

Кіріспе 

Агроөнеркəсіптік  кешен  «Агробизнес 2020» жаңа  салалық  бағдарламасында  елдің 

əлеуметтік-экономикалық дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде ерекше орынға 

ие. Агронерксіптік кешен (АӨК) – қоғам үшін өмірлік маңызға ие өнім өндіретін Қазақстан 

экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Аграрлы саланың дамуы бүкіл 

экономикалық  əлеуеттің  жай-күйін,  мемлекеттің  азық-түліктік  қауіпсіздік  деңгейі  мен 

қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық ахуалды шешуші дəрежеде анықтайды.  

Агроөнеркəсіптік  кешендегі  инновация – ол  жаңа  технология,  жаңа  техника, 

өсімдіктің жаңа сорттары, малдың жаңа тұқымдары, жаңа тыңайтқыштар жəне өсімдіктер 

мен  малды қорғап-сақтаудың жаңа құралдары,  малды емдеу мен профилактикасының жаңа 

əдістері,  өндірісті  қаржыландыру  мен  несие  берудің  жаңа  формаларын  ұйымдастыру, 

маман  кадрларды  даярлау,  қайта  даярлықтан  өткізу,  біліктіліктерін  арттыру  жəне  т.б. 

(Б.И.Шайтан).  Бұл  берілген  анықтамаға  талдау  жасай  келе,  АӨК-гі  инновация  зерттеу 

нəтижелерін шаруашылық тəжірибесінде жүзеге асыру деп қорытындыланды. Инновация 

мен  инновациялық  процес  өзара  тығыз  байланысты.  Инновациялық  процес  жаңа  идея 

алудан       тұтынушының жаң немесе жетілдірілген өнімді пайдалануына дейінгі өндірісті 

ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тəсілдері. 

Зерттеу материалдары мен əдістері 

Агроөнеркəсіптік  кешеннің  инновациялық  дамуы  ауыл  шаруашылығының,  онымен 

өзара тығыз байланыстағы салалардың жəне АӨК-ң экономикалық механизмін жетілдіруді 

ұйымдастыруды,  оны  сапалы  қайта  құрылымдауды  білдіреді.  Ол  ауыл  шаруашылығы 

өнімдерін қайта өңдеу жəне неғұрлым кеңейтілген өндіріс технологияларын, техникалық 

дақылдар мен мал тұқымдарының жаңа жақсарған  сорттарын, жаңа ауыл шаруашылығы 

машиналарын,  прогрессивті  экономикалық-ұйымдастыру  үлгілерін,  қазіргі  ақпараттық 

техологияларды, т.б. жаңартуларды    пайдалануды қамтиды.  

Ел экономикасында ауыл шаруашылығының ролін оның құрылымы мен даму деңгейі 

көрсетеді.  Ауыл  шаруашылығы – агроөнеркəсіптік  кешеннің    маңызды  буыны  болып 

табылады,  ол  бүкіл  халық  шаруашылығында  елеулі  орынға  ие.  Оның  көрсеткіші  ретінде 

онда  еңбек  ететін  экономикаклық  белсенді  халықтың  үлесі  мен  ауыл  шаруашылығынан 

түсетін  ішкі  өнімінің  үлес  салмағы  алынады.  Ауыл  шаруашылығының    дамуы  ел 

қауіпсіздігі факторларының бірі бола отырып, оны басқа елдерге тəуелділіктен сақтайды. 

Ауыл шаруашылығының жаңа инфрақұрылымы оны өндірістік ұйымдастыру-басқарудан: 

ауыл шаруашылығы техника мен мал шаруашылығы фермаларының жабдықтарын жөндеу 

жəне  техникалық  қызмет  көрсету,  материалдық  техникалық  жабдықтау,  көліктік  қызмет 


Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

321 

көрсету,  ауылдағы  агрохимиялық  жəне  малдəрігерлік  қызмет,  егін  шаруашылығы 



жұмыстарын  жүргізу  барысында  түрлі  қозғалмалы  механикаландырылған  топтармен 

жұмыс жүргізу, агроқұрылымдарға өндірістік қызмет көрсету жəне т.б. тұрады. Нарықтық 

экономика  жағдайында  ауыл  шаруашылық  өндірістік  инфрақұрылымдық  кəсіпорынның 

дамуының стратегиялық бағыттары а) нарыққа ену немесе қызметті толық жетілдіруді; ə) 

қызмет көрсету нарығын дамытуды; б) жаңа өнім түрлерін дайындауды қамтиды. 

Еліміздің ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарына мал шаруашылығынан: етті-

жүнді қой шаруашылығы, етті жəне етті-сүтті ірі қара мал, түйе, жылқы жəне т.б.; өсімдік 

шаруашылығанан: дəнді дақылдар – бидай, күнбағыс, мақта, шашақты зығыр, мал азықтық 

дақылдар  жəне  жеміс-жидек,  бау-бақша,  т.б.  жатады.  Сондықтан  ауыл  шаруашылығы 

материалдық өндірістің негізгі саласы ретінде халықты азық-түлікпен, өнеркəсіп салаларын 

шикізатпен, сондай-ақ еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған  

қоғам өміріндегі  маңызды орынды иеленеді [2].  

Шаруашылық  саласында  агроөнеркəсіп  экологиялық  тиімділік,  экономикалық 

мақсаттылық  жəне  əлеуметтік  қажеттілікті  қамтамасыз  ету  бағытында  дамып  келеді. 

Мұндағы    агроөнеркəсіптің    экологиялық  тиімділік  бағытында  дамуы  алдымен 

республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық 

жүйе  тараптарына,  агроөнеркəсіптік  кешен  араласқан  экожүйелердің  барлық 

элементтерінің  эколгиялық  қауіпсіздігіне  экономикалық,  құқықтық  жəне  техника-

технологиялық  кепілдік  беретін  жүйелер  құрумен  сипатталады.  Ал  экономикалық 

мақсаттылық алдымен өзін-өзі қамтамасыз етуімен, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары 

егіс көлемі құрылымның əлемдік нарық сұраныстарына сəйкестендіру болып табылады.  

Агроөнеркəсіптің əлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз ету бағыты  өсімдік жəне мал 

шаруашылығындағы жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, ауылды жерлердегі 

əлеуметтік 

инфрақұрылымды 

дамытумен 

сипатталады. 

Дегенмен, 

нарықтық 

қатынастардың дамуы ауыл шаруашылығында жұмыссыздық, кедейліктің пайда болуына, 

инфрақұрылымның  бастапқы  уақытта  əлсіз  болуына  əкеліп  отыр.  Бұл  үрдіс  ауыл 

шаруашылығы  жұмыскерлерін  əлеуметік  қорғаудың  жəне  оларға  əлеуметік  кепілдік 

берудің  жаңа  механизмдерін  дайындауды  қажет  етіп  отыр,  ол  үшін  ауылшаруашылығы 

бəсекелестігіне жағдай жасау, шағын жəне орта кəсіпкерлікті көтермелеу үшін қаржы жəне 

банктік жүйе құру дұрыс жолға қойылуы тиіс.  

Агроөнеркəсіп  кешендерінің  дамуына  шаруашылықты  жүргізудің  нарықтық  тəсілі, 

табиғат  жағдайының  қолайлығы  мен  табиғи  ресурстардың  көптігі,  ғылым  мен  білім 

əлеуетінің жеткіліктілігі, ішкі азық-түлік нарығының ауқымдылығы, экологиялық тұрғыдан 

қауіпсіздігі мен табиғи азық-түлік өнімдер өндіру мүмкіндігі факторлары ықпал етеді [3].   

Зерттеу нəтижелері мен талдау 

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық тəсілінде агроөнеркəсіп



 салаларын үйлестіру, 

өндірісті  түрлі  табиғи-экономикалық  аудандарда  орналастыру,  жергілікті  табиғи-

экономикалық  жағдайларға  бейімделген  технологияларды  қолдану,  сақтандыру, 

несиелендіру,  ауыл  шаруашылығы  өндірісінен  тыс  табыс  көздерін  іздестіру,  сондай-ақ 

кешенге  кіретін  кəсіпорындар  формаларының  əртүрлігін,  еңбекшілердің  өндірісте,  еңбек 

ұжымдарында мемлекеттік басқару үрдісіне жан-жақты қатысуына мүмкіндігін көрсетеді.  

Еліміздің  табиғат  жағдайы  мен  табиғи  ресурстары  агроөнеркəсіп  кешендерінің 

дамуында  маңызды  рөл  атқарады.  Мұндағы  климаттық  жағдай  мен  өсімдік  өсіретін 

топырақ бетінің əр түрлілігі, температураның тиімді жиынтығы, ауыл шаруашылығының 

барлық дақылдарын, дəнді дақылдан бастап жүзім жəне мақта өсіруге дейін мүмкіндігі, жер 

аумағының  көп  бөлігі  егіншілікпен  айналысуға  қолайлығы,  жер  аумағының  топырақ 

бетінің ерекшелігі (қою қоңыр топырақ, қоңыр топырақ жəне ашық қоңыр топырақ, құба 

құмды топырақ, сұр топырақ жəне таулы сілтілі қара топырақты болып келуі) агроөнеркəсіп 

өндірісін  дамытудың  алғышарты болып табылады. 



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

322

Агроөнеркəсіп кешендерінің дамуындағы ғылым мен білім əлеуетінің жеткіліктілігі 



факторы  тікелей  ғылыми-техникалық  прогреспен  байланысты.  Ол  ғылым  мен  техника 

жетіктістерін  игеру  арқылы  кеңейтілген  ұдайы  өндірісті  жүргізуге  мүмкіндік  беретін 

инновациялық  процестерге  негізделеді.  Инновациялық  процестерді  игеру  сапалы  білім 

беру  мен  мамандар  дайындауды  жетілдіруді  қажет  етеді.  Себебі,  агроөнеркəсіп 

кешендерінің дамуындағы ғылым мен білім əлеуетін күшейтпейінше ауыл шаруашылығы 

өндірісіне озық үлгідегі, ресурс үнемдеуші технологияларды ендіру мүмкін емес. Ғылым 

мен  білім  əлеуетінің  жеткіліктілігі  инновацияға  негізделген  білім  беруге,  инновациялық 

инфрақұрылым  жасауға,  жаңаша  ойлауға  қабілетті  кадрлар  дайындауға,  инновациялық 

ұжымдық  мəдениет  қалыптастыруға,  білім  мен  ғылымды  басқарудың  заманауи  жүйесін 

жасауға қол жеткізеді. 

Ал  ішкі  азық-түлік  нарығының  ауқымдылығына  келетін  болсақ    агроөнеркəсіп 

кешенін  жаңарту  үшін  өндірілетін  өнім  сапасын  жақсартып,  көлемін  арттыру  арқылы 

экспорттық  əлеуетті  күшейту  қажет.  Бұған  дəлел  еліміздің    сапалы  ұн  өндіруден  əлемде 

алдыңғы  орынды  иеленуі.  Болашақта  агроөнеркəсіп  кешенін  Отанымыздың  зор 

байлығының  қайнар  көзіне  айналдыру  үшін  сапалы  ет,  сүт,  шұжық,  тері  жүн  өнімдерін 

экспорттауда көшбасшы болуға міндеттіміз. Елді азық-түлікпен  қамтуға қатысты Елбасы  

« ... бірінші  кезекте  Қазақстан  халқы  сапалы,  дəмді  жəне  ағзаға  пайдалы  азық-түлік 

өнімдерімен  қамтамасыз  етілуге  тиісті», – екендігін  айта    келе,  сапалы,  қоспасыз  тамақ 

халықтың  денсаулығын  нығайтып,  жасын  ұзартатын  негізгі  фактор  екенін  ерекше  атап 

отыр.  Бəсекеге  қабілетті  елдер  агроөнеркəсіп  кешенінің  тиімділігін  арттыру  арқылы 

халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету,  олардың  денсаулығын  жақсарту,  генофондын 

күшейту  мəселелеріне  ерекше  назар  аударуда,  яғни  «Сапалы,  зиянсыз  тамақ – мықты 

денсаулықтың кепілі» деген қағида күн тəртібінен түскен емес. Осыған орай  Қазақстанда 

тамақ өнімдерінің сапасы мен пайдасын тексеру мəселелерін  шешу қарастырылуда.    

Жоғарыда аталған агроөнеркəсіп кешендерінің дамуына ықпал етуші факторлардың 

ішінде  аграрлық  саланы  экологиялық  тұрғыдан  қауіпсіздігін  тұрақтандыру  мен  табиғи 

азық-түлік өнімдер өндіру мүмкіндігі факторының маңызы зор.  

Аграрлық саланы экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін тұрақтандыру мен табиғи азық-

түлік  өнімдер  өндіру  мүмкіндігі  ескере  келе,  Елбасы  өзінің  кезекті  Жолдауында  «Біз 

экологиялылыққа  баса  назар  аудара  отырып,  ұлттық  бəсекеге  қабілетті  брендтер  құруға 

тиіспіз.  Нəтижесінде,  мен  агроөнеркəсіптік  кешеннің  алдына – экологиялық  таза  өндіріс 

саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», – деген болатын [5]. Бұл ауқымды 

міндетті орындау барысында мемлекет қазіргі кездегі климаттың өзгеріске ұшырауы, ауыл 

шаруашылығы жерлерінің шөлге айналуы, қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі, 

ауызсудың азаюы мəселелеріне қатысты халықаралық бағдарламаларды (ИКАРДА, ГЭФ, 

ПРООН жəне т.б.) жүзеге асыруда.   

Əлемнің дамыған елдерінде соңғы онжылдықта өндірісті қарқынды дамытумен қоса, 

экологиялық  таза  тағам  өнімдерін  тұтынуға  бетбұрыс  ерекше.  Экологиялық  таза  өнім 

ретінде  таза  аумақта,  ешбір  минералдық  тыңайтқыштар  мен  пестицидтерді  қолданбай, 

басқа да техногендік əсерлерсіз өсірілген өнім танылады. Қазіргі уақытта əлемнің 32 елі 

экологиялық  таза  өнімге  толық  бекітілген  стандарттарға  ие.  Əсіресе  Еуропа  елдерінде 

гендік  модификацияланған  организмсіз,  ауыл  шаруашылық  жəне  тағамдық  қоспасыз 

өнімдерді қолдану дəстүрлі үрдіске айналған.  

Сапалы жəне экологиялық таза өнім тұтынуға деген қызығушылық біздің елімізде де 

байқала бастады. Осыған орай елімізде аграрлық саладағы бəсекеге қабілетті брендтер құру 

үшін  өнімнің  экологиялылығы  бірінші  кезекке  шығып  отыр.  Бүгінгі  таңда  республикада 

экологиялық таза өнімдер тіркеміне енген өнімдерді шығаратын 40-қа жуық кəсіпорын бар. 

Солардың ішінде – «Алель Агро» АҚ, «Диқан» күріш компаниясы ЖШС, «Қарағанды сүт 



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

323 

комбинаты» ЖШС, «Ақнар ҚФ» ЖШС, «Сүт» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «Ертіс бройлерлік 



құс фабрикасы» ЖШС т б. жұртшылыққа кең танылған. 

Табиғи  азық-түлік  өнімдер  сапасы  мен  қауіпсіздігін  тұрақты  түрде  қамтамасыз  ету 

үшін əлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі 

пайдаланылады.  НАССР  жүйесі – өнімнің  қауіпсіздігіне  айтарлықтай  əсер  етуші  қауіпті 

факторларды жүйелеу, біртұтастандыру, бағалау мен басқарудың тұжырымдамасы. НАССР 

жүйесі  əлемдік  тамақ  индустриясында  жетекші  орын  алады  жəне  азық-түлік  тауарларын 

өндіруші кəсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін ны-

ғайтады. Себебі, бұл жүйе бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді 

анықтау  жəне  оларды  басқару  немесе  алдын  алу  тəсілдері  ғылыми  негізде  жүзеге 

асырылады.  

НАССР  жүйесін  нəтижелі  енгізу  технологиялық  процестерді  жетілдіру,  құрал-

жабдықтарды  техникалық  жаңарту,  қауіпті  фактордың  пайда  болу  себептерін  анықтау, 

қауіптілікті  болдырмау  жəне  жою  шараларын  іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен 

қатар,  ол  тамақ  өнімдерін  өндіру,  тасымалдау,  сақтау  кезеңдерінде  қауіптілікті  пайда 

болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету 

жүйесін нығайтады [6].   

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасы  кəсіпорындарына  НАССР  жүйесін  енгізу 

арқылы: 


-  тұтынушылардың  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін  факторлардың  алдын 

алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұйғарымды деңгейден асырмау; 

-  тамақ  өнімдерін  өндіру,  тасымалдау,  сақтау  жəне  өткізу  кезеңдерінде  өнім 

қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 

-  технологиялық  процестегі  негізгі  бақылау  нүктелерін  анықтай  отырып 

технологиялық бақылаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін əзірлеу, қолданысқа 

енгізу сияқты нəтижелерге қол жеткізуге болады. 

Қазақстан  Республикасында  НАССР  ұстанымдарының  негізінде  тамақ  өнімдерінің 

сапасын  басқару  бойынша  сапа  жүйесінің  мемлекеттік  стандарты  ҚР  СТ 1179-2003 

қолданысқа  енгізілген.  Бұл  жүйені  екінші  тілмен  өнім  қауіпсіздігінің  технологиясы  деп 

атайды. 

Экологиялық таза өнім өндірісін дамытуға қатысты мақсатты шараны жүзеге асыру 

үшін  елімізде  құқықтық  база  құрылған,  яғни,  заңнамалар  мен  бекітілген  стандарттар 

экологиялық  нормалау  саласында  құқықтық  базаны  қалыптастырып  отыр.  Экологиялық 

таза  өнім  өндірісін  дамытудың  құқықтық  базасы  экологиялық  кодекспен,  экологиялық 

қауіпсіздік тұжырымдамасымен, сондай-ақ тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жəне 

стандарттармен  реттеледі.  Елімізде  тамақ  өнімдерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

мəселесі Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 

(2004  ж.), «Тұтынушылардың  құқығын  қорғау  туралы» (1992 ж.), «Техникалық  реттеу 

туралы» (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған.  



Қорытынды 

Қазақстанның  агроөнеркəсіп  кешендерінің  дамуына  ықпал  етуші  факторларға 

жасалған  талдаулар  білім-ғылым-өндірістің  жүйелі  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етуді 

міндеттейді.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  аграрлық  ғылымды  ұйымдастырудың  жаңа 

жүйесін  құруды,  іргелі  жəне  қолданбалы  ғылым  əдістерінің  үйлесуіне  негізделген 

кадрларды  дайындауды,  трансферт  пен  алдыңғы  қатарлы  əлемдік  жетістіктерге 

бейімделуді,  сонымен  қатар  экономикалық  жағынан  тиімді  агроөнеркəсіп  кешендерін 

дамытудың  жаңғыртылған  үлгісін  жасауды  талап  етеді.  Ол  үшін    аграрлық  саланы 

дамытудың  жаһандық  мақсатын,  өзара  қарым-қатынасты  жетілдіру  қажеттігін  жете 

түсінуіміз керек.  



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

324

Еліміздің  АӨК  дамыту  факторлары  инновациялық  дамуды  құқықтық  реттеуі  жəне 



оған  қатысушылардың  құқығын  қорғау;  инновацияны  игеру  мен  құруда  тікелей  жəне 

қосымша  қолдау  көрсетуді  жүзеге  асыру;  дамудың  басым  бағыттарын  анықтау; 

серкітестіктің  тиімді  формаларын  дамыту;  экономикалық-ұйымдастыру  құрылымын 

қалыптастыру; АӨК-ң инновациялық іс-əрекетіне кадрлар дайындау; материалдық базасын 

жетілдіру;  инновациялық  салада  халықаралық  ынтымақтастық  орнату  сияқты 

инновациялық іс-əрекетті белсендіруге ықпал етеді. 



Əдебиеттер 

1.

Шайтан  Б.И.  Инновации  в  АПК  и  роль  службы  сельскохозяйственного

консультирования //Инновационная  деятельность  в  АПК:  опыт  и  проблемы:  материалы 

междунар. науч.-практ. конф. (13–14 января 2005 г.). – М., 2005. – С. 206-213. 

2.

Белгібаев  Қ.М.  Ауылшаруашылығы  экономикасы.  ЖОО  студенттеріне  арналған

оқулық. –  Алматы, 2002. 

3.

Құбаев  Қ.Е.,  Ихданов  Ж.О.,  Кəрібай  А.Ш.  Аграрлық  сектор  экономикасы

мемлекеттік реттеу мəселелері. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 1997 ж. 

4.

Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму жоспары: ҚР Президентінің

Қазақстан халқына Жолдауы.  – Астана, 2010. 

5.

Еспаев.  С.С.  «Углубление  аграрной  реформы:  проблемы,  пути  и  механизм

реализаций», КазГосИНТИ. –  Алматы, 1995. 

6.

Калиев Г.А. Актуальные проблемы реформ АПК в Казахстане //Аграрная наука,

2006, №11-12. 

Карбаева Ш.Ш. 

ИННОВАЦИОННЫЕ ПРОЦЕССЫ В РАЗВИТИИ  

АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА 

Аннотация 

В  статье  рассмотрена  специфика  инновационных  процессов    в  агропромышленном 

комплексе 

Казахстана, 

приводятся 

факторы, 

способствующие 

развитию 

агропромышленного  комплекса    страны,  а  также  предлагаются  пути  повышения 

инновационной активности в аграрном секторе РК. 



Ключевые  слова:  агропромышленный  комплекс,  инновация,  инновационный 

процесс,  инновационное    развитие,  агробизнес,  инновация  в  агропромышленном 

комплексе, сельское хозяйство, новая инфраструктура сельского хозяйства. 

Karbayeva Sh. 

INNOVATIVE PROCESSES IN THE DEVELOPMENT OF AGRO-INDUSTRIAL 

COMPLEX 


Annotation 

The article deals with the specifics of innovative processes in the agro-industrial complex of 

Kazakhstan, the factors contributing to the development of the agro-industrial complex of the 

country are given in the article, and it suggests ways to enhance innovation activity in the 

agricultural sector of Kazakhstan. 

Кeywords:  agriculture, innovation, innovative process, innovative development, 

agribusiness, innovation in the agricultural sector, agriculture, the new infrastructure of the rural 



economy. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет