Әож №445. 83 Әсілбекова Б.Қ.,Досбаева А. М. магистр оқытушы, хт-14-4К2 тобының студенті


Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі30,05 Kb.
#16325
1   2   3   4   5

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.


  • Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,

  • Жасыбай орманшылығы — 22 904 га,

  • Далба орманшылығы — 8 596 га.

  • Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор [1,2,6].

Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының сол түстік –шығыс, солтүстік-батыс беткейлерінен, солтүстігінде Акбет тауларынан, батысында – Аккарағай, Шибет, Огелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып шығатын көлдермен және көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып жатады. Баянаул ұлттық парк территориясында 9 көл бар. Алты көлдің су беті айдыны 1 км2 аз, және үш көл (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр)1 ден 7,4 км2 (кесте 2), барлық көлдердің жалпы қосынды акваториясы 15,3 км және ұлттық парк аумағының 3% алып жатыр. Ұсақ көлдері аласа жерлерде уақытша суайрықтарда және ірі көлдерді жағалай орналасқан. Баянауылдық көлдер тобына керемет беткейлі жағалаулар тән. Көлдердегі су ағынына жауын-шашынды көп алатын көлді қоршаған кеңістіктен көлге қарай беткейлермен су жылдам ағып жарықтар арқылы ішкерілей енетін кристаллды жыныстар көлге тұрақты жер асты ағынсуы түрінде түседі. Сондықтан суы тұщы айтарлықтай терең көлдер қатпайды






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет