ҚОРЫТЫНДЫ
Павлодар облысы территориясында орналасқан Баянауыл ұлттық паркі ерекше ладшафттарымен көзге түсетін Қазақстанның ерекше маржанды аймағы болап табылады.
Баянауыл ұлттық паркінде 9 көл бар. Алты көл айдыны бір шаршы километірден аспайды, тек үш көл ғана 1 км ден 7,4 шаршы километірге дейін алқапты алып жатыр. Барлық көлдің аумағы 15,3 шаршы километр және ол ұлттық парк аумағының 3 %-тін құрайды.
Орман ағаштары біркелкі өспейді. Жоғары биоклиматтық белдеуде қарағай, арша мен таңқурай өседі. Төменгі аймақта қарағай, қайың мен қоса арасында терек араласқан ағаштар кездеседі.
Тау өзегі мен ойпаң жерлерде қарағай мен қайыңы бар сирек ағаштар, сондай-ақ жазық жерлерде – шөбі шүйгін көктерек өседі. Тау өзеншесі мен бұлақтарын қуалай қайың, жабысқақ қараағаш араласқан тал, мойыл өседі.
Бұталардан - қарақат, таңқурай, итмұрын, кәдімгі шәңкіш және Сібір шетені өсіп шығады. Аласа таулы Баянауыл жерінің өсімдіктер дүниесін 260 түр мен 72 тұқымдас жалпы алғанда 518 өсімдік құрайды. Бұл алқапта жұмыс істеген ботаниктер сирек кездесетін өсімдіктер өсетінін анықтаған.
Кәдімгі шәңкіш – негізі ормандық түр, ылғал сүйгіш бұта, орманның шіліктерін мекен етеді, өзен-көлдердің жағасында таралған. Жемісі сүйір әрі шар тәрізді сүйекті келеді, ашық қызыл түсті. Бірінші аяздан кейін ғана жемісін жеуге болады. Шәңкіштің әсемдік қасиеті жоғары бағаланады. Шәңкіш өскен жерінің климаттық жағдайына байланысты мамыр, шілдеге дейін гүлдейді, тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді. Қызғылт қатқыл ағашынан сәндік бұйымдар жасайды.
Парк аумағындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінен жабысқақ қараағаш, боз селеу, көктемгі жанаргүл, жатаған қызғалдақ, ашық құндызшөп ҚР қызыл кітабына енгізілген
Өңірдегі туристік инфрақұрылымның нашар дамуы мен қызмет көрсету ұйымдарының бүгінгі талаптарға емес қызметі салдарынан бұл сала кенже қалды. Жуықта ғана облыстағы туризм саласын 2010-2012 жылдары кластерлік дамытудың жобасы қабылданды. Баянауылдағы ұлттық паркте орналасқан табиғи әлеуеттерді пайдаланып, аталмыш ауданды туристік орталыққа айналдыруды көздеген бұл жоба өміршең саналуда. Облыс әкімі бағдарламаның іске асуына айрықша назар аударып отыр. Межеленген мақсат орындалса, аудан жазғы демалыс уақытында тәулігіне 12 мың туристке дейін өткізе алу қабілетіне ие болмақшы. Өңірлік бренд болып қалыптасатын Баянауылда туризм дамыса, жергілікті экономика өсiп-өркендеп, әлеуметтiк ахуалдың жақсаруына ықпал етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |