ӘОЖ № 445.83
Әсілбекова Б.Қ.,Досбаева А.М.магистр оқытушы, ХТ-14-4К2 тобының студенті
Жайман А.Ж.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Казақстан Республикасы
БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ПАРКІ.БАЯНАУЫЛДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ.
Андатпа: . Баянауыл ұлттық паркі және және оның қазіргі кездегі экологиялық жағдайына талдау жасай отырып, оны қорғау және сақтау мақсатындағы жұмыстарды талдау. Баянауыл ұлттық паркі физикалық-географиялық жағдайдың өзгеру динамикасын ұқсас географиялық объектілерді шаруашылықта пайдалануда есепке алу.
Казіргі физикалық географияда және геоэкологияда қолданылатын картографиялық, салыстырмалы-баяндау, статистикалық әдістерді талдау.Сонымен қатар, Баянауыл аймағын зерттеуде ҚР ҰҒА География институтының мамандары қолданған ландшафттық-индикациялық және тарихи-динамикалық әдістерін толықтырды.
Кілттік создер: жер бедері,туризм,табиғи ескерткіш,қорық, қаумал,орман және т.б.;
Баянауыл ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында— Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында— Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында— Қарағанды облысымен шектеседі.
Аудан жерінің беті таулы-жазық болып келеді. Аудан аумағының негізгі бөлігін Сарыарқаның солтүстік-шығыс тау-тарамдары алып жатыр. Биіктігімен еркешеленетін таулар: Қызылтау, Ақбет, Ақбастау. Тау бойымен жылғалар мен арықтар ағып өтеді, олар тау етегіндегі жазыққа еніп, көл ойпаттарына жетпей, жоқ боп кетеді. Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан. [1].
Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Министрлер кеңесінің № 276 қаулысымен 1985 жылы 12 тамызда Павлодар облысында Баянауыл ауданында, елімізде тұңғыш рет - Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк ұйымдастырылды. Табиғаты әсем таулы-орманды, ұсақ құмды Баянауыл ұлттық паркі Қазақстан жерінің 68452,8га алып жатыр, оның 12927га - орман алқабы. Ұлттық парк үш орманшылыққа бөлінген: Баянауыл – 19188га, Жасыбай – 22094га, Далба – 26360,8 га. және БМҰТП-не 60000га жер «Қызылтау» қорығы бекітілді [14].Табиғи аудандастыруы бойынша ұлттық парк Баянауыл құрғақ-далалы таулы-шоқылы алқапқа, негізгі ормандары граниттерде орналасқан жартасты Баянауыл тауларына жатады. Баянауыл таулары негізінен доға тәріздес пішінге ие. Кейбір жекелеген тау жоталары және кесек үстірттері орташа тауға жатады. Барлық массивтің ең биігі – Ақбет тауы (1027м). Гидрографиялық торабы көлдермен және Баянауыл тауларынан бастау алатын көптеген өзендермен, бұлақтармен көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |