Әож 551. 56 1 Қожахмет-Яссауи С., 2



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі391,24 Kb.
#638

ӘОЖ 551.56 

1

Қожахмет-Яссауи С., 



2

Бултеков Н.У., 

1

Нысанбаева А.С. 



1

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. 

2

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазақ экология және 



климат ғылыми-зерттеу институты", Алматы қ. 

E-mail: 


sakalya94@mail.ru

  

 



Атырау облысында шаңды дауылдар кезіндегі жел режимі 

 

 



Мақалада  Атырау  облысы  территориясындағы  метеостанциялардың  бақылау  мәліметерін  пайдалану 

арқылы шаңды дауылдардың пайда болуы мен кеңістіктік-уақыттық таралуындағы жел режимі қарастырылған. 

Шаңды  дауылдардың  көпжылдық  ерекшеліктеріне,  жел  бағыттарының  қайталанушылығына,  шаңды  дауыл 

байқалған  күндер  санына,  жылдық  жүрісіне  және  жылы,  суық  мерзімдер  бойынша  таралуына  ерекше  назар 

аударылды. Суық мерзімде, яғни ауа температурасы уақытша өзгерістерге ұшыраған кезде, аталған құбылыс аз 

(11%)  байқалған,  ал  жылы  мерзімде  шаңды  дауыл  байқалған  күндер  саны  жоғары  (89%)  мәнге  ие  болды. 

Аймақтағы  жел  режимінің  жағдайы  мен  өзгергіштігін  талдау  нәтижесінде,  жыл  бойы  шаңды  дауылдардың 

пайда  болуына  әсер  ететін  күшті  желдердің  басым  бөлігі  оңтүстік-шығыс  бағытымен  соғатыны  анықталды. 

Жылы мерзімде желдің оңтүстік бағытының, суық мерзімде желдің солтүстік бағытының қайталанушылығы ең 

аз дәрежеде байқалды. 



Түйін сөздер: шаңды дауыл, жел, көріну қашықтығы, шаңды дауылдардың қайталанушылығы 

 

Кожахмет-Яссауи С., Бултеков Н.У., Нысанбаева А.С. 



Режим ветра при пыльных бурях в Атырауской области 

 

Рассмотрены происхождение, пространственно-временное распространение пыльных бурь по территории 



Атырауской области и режим ветра при пыльных бурях. Главное внимание уделено многолетним особенностям 

пыльных  бурь,  повторяемости  направлений  ветра,  количеству  дней  с  пыльными  бурями,  годовому  ходу 

пыльных  бурь,  а  также  распределению  пыльных  бурь  по  теплому  и  холодному  полугодию.  В  зимний  период, 

когда температура  воздуха  испытывает временные колебания,  пыльные бури проявляются редко  (11%), а  89% 

случаев  с  пыльными  бурями  приходятся  на  теплое  время  года.  Анализ  данных  о  состояниях  и  изменчивости 

ветрового режима в регионе показал, что юго-восточное направление является наиболее частым направлением 

сильных ветров при возникновений пыльных бурь во все времена года. Реже всего пыльные бури наблюдались 

при северном направлений в холодное полугодие, и при южном направлений в теплое полугодие. 



Ключевые слова: пыльные бури, ветер, горизонтальная видимость, повторяемость пыльных бурь 

 

Kozhakhmet-Yassaui S., Bultekov N.U., Nyssanbayeva A.S.  



The wind regime at the dust storms in Atyrau region  

 

The paper studies with the origin, spatial and temporal distribution of dust storms and wind regime in dust storms 

in  the  territory  of Atyrau  Oblast. The  main  attention  is  paid  to  the  long-term  characteristics,  the  number  of  days,  the 

annual course of the dust storms the repeatability of  wind directions, as  well as the distribution of the  warm and cold 

season. In winter, when the air temperature is experiencing temporary fluctuations, dust storms are rare (11%) and 89% 

of cases with dust storms occur in the warmer months. Analysis of data on the state and variability of the wind regime in 

the  region  showed  that  the  south-east  direction  is  the  most  frequent  direction  of  strong  winds  with  dust  storm 

occurrences in all seasons. Rarer dust storms were observed in the northern directions during the cold half of the year, 

and the southern directions during the warmer half of the year. 

Keywords: dust storms, wind, horizontal visibility, repeatability of dust storms 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Кіріспе 

 

Шаңды  дауылдар  –  табиғи  апатты  құбылыстардың  бірі.  Күшті  жел  әсерінен  құм,  шаң, 



құрғақ  топырақ  бөлшектерінің  көп  мөлшерде    ауаға  көтерілуінен  атмосферада  көріну 

қашықтығының  азаюы  құбылысын  шаңды  дауыл  деп  атайтыны  белгілі.  Шаңды  дауылдар 

ауыл  шаруашылығына  зиян  келтіреді;  темір  жолдар  мен  тас  жолдарда  көлік  қатынасына 

кедергі болады; көріну қашықтығын нашарлатып, авиациялық ұшу жағдайларына кері ықпал 

етеді; осы құбылыс байқалатын аймақтың жергілікті халқына қолайсыздық тудырады [1-3]. 

Шөлде және далалы өңірлерде құм мен шаңның ауқымды мөлшерінің күшті жел арқылы 

тасымалдануы  жиі  кездесетін  құбылыстардың  бірі,  соның  салдарынан  жел  эрозиясы,  яғни 

дефляция процесі байқалады [4]. 

Қазіргі заманда ғарыштық бақылаулар арқылы шаңның тасымалдануын, таралу аумағын, 

көлемін, қарқындылығын анықтауға болады [5]. 

Атмосфераның  вертикалды  бағыттағы  шаңдануына  байланысты    шаңды  дауылдардың 

бірнеше  түрлері  дамиды:  шамамен  1-2  метрден  (шаңды  немесе  құмды  борасын)  6-7 

километрге (шаңды дауыл) дейін ауытқиды [6]. 

Аймақтағы  шаңды  дауылдардың  таралуын  статистикалық  зерттеудің  ғылыми  және 

тәжірибелік маңызы зор. 

 

Зерттеу аймағы 



 

Атырау  облысы  шаңды  дауыл  құбылысы  жиі  бақыланатын  өңірлердің  бірі  болып 

табылады.  Облыс  территориясы  Шығыс-Еуропа  платформасының  бір  бөлігін  алып  жатқан 

Каспий  маңы  ойпатында  орналасқан.  Жер  бедері  шығу  тегі  бойынша  плейстоцен-голоцен 

кезіне  жатады,  теңіздік  ойпатты  жазықтар  хвалын  трансгрессиясы  кезінде  қалыптасқан, 

эрозияға  ұшыраған  жыралы,  сайлы  рельефтер  кездеседі.  Аумақта  сұр,  қоңыр,  батпақты-

тұзды,  құмды,  сазды  топырақ  түрлері  таралған.  Б.П.  Алисовтың  жіктеуі  бойынша  Каспий 

маңының  континенталдық  шығыс-еуропалық  шөлейт  және  шөлді  климаттық  облысына 

сәйкес  келеді.  Мұнда  күн  радиациясының  көрсеткіші  жоғары,  атмосфералық  ылғалдылығы 

төмен  болады.  Жауын-шашын  мен  буланушылықтың  айырмашылығы  теріс  мәнге  (800  мм) 

ие.  Климаттық  жағдайлары,  күн  сәулесінің  төселме  беткейді  әркелкі  қыздыруынан  және 

әртүрлі  ендіктердегі  атмосфера  циркуляциясы  әсері  атмосфералық  құбылыстар  ретінде 

көрініс береді. Жоғарыда аталған факторларға қосымша мұнда желдердің жиі соғуы шаңды 

дауылдардың пайда болуына ықпал ететіні белгілі [7-9]. 

 

Бастапқы мәліметтер мен зерттеу әдістері 

 

Бұл  мақалада  шаңды  дауыл  құбылысының  пайда  болуына  әсер  ететін  жел  режимі 

қарастырылады.  Зерттеу  барысында  Қазгидромет  орталығының  ТМ-1  кестесінен  алынған 

1986-2015  жылдар  аралығындағы  (30  жыл)  кезең  үшін  Атырау  облысындағы  8  станция 

бойынша  шаңды  дауыл  байқалған  күндер  мен  жел  туралы  мәліметтер  пайдаланылған.  Жел 

режимін  қарастыруда  шаңды  дауыл  пайда  болған  уақыттағы  жел  бағыттарының 

қайталанушылығы  анықталған.  Талдау  климатология  мен  метеорологияда  кеңінен 

қолданылатын  статистикалық әдіспен жасалған.  

 

Нәтижелері және талдау 

 

Шаңды  дауыл  желмен  тығыз  байланысты  болғандықтан,  осы  жұмыста  жел 

бағыттарының  жыл,  жылы  және  суық  мерзімдер,  сонымен  қатар  жыл  ішіндегі  айлар 

бойынша  таралуы  қарастырылған.  Атырау  облысында  30  жыл  ішінде  барлығы  4953  шаңды 

дауыл құбылысы байқалған (кесте 1).  

 


Кесте  1  –  Атырау  облысы  бойынша  шаңды  дауылдардың  1986-2015  жылдар 

аралығындағы байқалған күндер саны 

 

Станция 


жыл 

жылы мерзім 

суық мерзім 

Атырау 


594 

549 


45 

Ганюшкин 

186 

155 


31 

Индербор 

1438 

1292 


146 

Қарабау 


439 

363 


76 

Құлсары 


746 

685 


61 

Махамбет 

77 

63 


14 

Пешной 


84 

52 


32 

Ұштаған 


1389 

1253 


136 

Атырау облысы 

4953 

4412 


541 

%  бойынша 

100% 

89% 


11% 

 

Жыл ішінде шаңды дауыл байқалған күндер санының Индербор станциясында (1438) ең 



көп,  ал Махамбет станциясында (77) ең аз көрсеткіштері  тіркелген. Ұштаған станциясында 

да (1389) құбылыс жиі байқалған.  

Құлсары  (746),  Атырау  (594),  Қарабау  (439)  станцияларында  шаңды  дауылдар 

салыстырмалы  түрде  орташа  дәрежеде  байқалған.  Ганюшкин  (186)  және  Пешной  (84) 

станцияларында шаңды дауыл байқалған күндер аз болды. 

Облыс бойынша жылы мерзімде 4412, суық мерзімде 541 шаңды дауылды жағдай орын 

алды,  яғни  шаңды  дауылдар  байқалған  күндердің  89%-ы  жылы  мерзімге,  11%-ы  салқын 

мерзімге сәйкес келеді.  

Жылдың жылы мерзімінде ең көп шаңды дауылды жағдайлар Индербор (1292), Ұштаған 

(1253) станцияларында, ал ең сирек байқалуы Пешной (52) станциясында орын алған.  

Құлсары  (685),  Атырау  (549),  Қарабау  (363)  станцияларында  құбылыс  аз  байқалды,  ал 

Ганюшкин (155), Махамбет (63) станцияларында тіпті төмен дәрежеде тіркелді. 

Суық  мерзімде  шаңды  дауылдардың  жиі  болуы  Индербор  (146)  станциясында,  ал  ең 

төмен мәні Махамбет (14) станциясында байқалады.  

Ұштаған  (136)  станциясында  құбылыс  жиі  болды.  Қарабау  (76),  Құлсары  (61),  Атырау 

(45), Пешной (32), Ганюшкин (31) станцияларында шаңды дауыл байқалған күндер саны аз 

тіркелді.  

Каспий теңізіне өте жақын орналасқандықтан, Пешной станциясында құбылыс өте сирек 

байқалған,  ал  Ұштаған,  Индербор  станциялары  теңізден  алшағырақ  аудандарда 

орналасқандықтан, онда шаңды дауылды жағдайлар жиі байқалған.  

Қорытындылай  келе,  ауа  ылғалдылығының  жоғары  болуын  шаңды  дауылдың 

қалыптасуына кері әсер етуші факторлардың бірі ретінде қарастыруға болады.  

Шаңды  дауылдардың  пайда  болуы  және  жалғасуы  белгілі-бір  климаттық  және 

метеорологиялық  факторлардың сол аумаққа  тән топырақ жамылғысымен өзара кеңістіктік-

уақыттық  әрекеттесуімен  түсіндіріледі.  Бұл  байланыс  табиғат  кешендеріне  табиғи  және 

антропогендік әсер етуінен де байқалады.  

Күшті  желдердің  соғуы  шаңды  дауыл  құбылысының  пайда  болуының  негізгі 

себептерінің  бірі  болғандықтан,  шаңды  дауыл  байқалған  кездегі  жел  режимін  зерттеу  өте 

маңызды болып табылады.  

Зерттеу  жұмысында  шаңды  дауылды  қалыптастыратын  негізгі  жел  бағыттарын  (жыл, 

жылы және суық мерзімдер бойынша) анықтау мақсаты көзделді. 

Жел  режимін  қарастыру  кезінде  шаңды  дауыл  байқалған  кездегі  желдің  жалпы  8  румб 

бағыты бойынша таралуының қайталанушылығы анықталды (кесте 2).  

 


Кесте 2 – Шаңды дауыл кезіндегі жел бағыттарының қайталанушылығы (сан, %) 

 

Облыс, 



станция 

С 

СШ 



Ш 

ОШ 


О 

ОБ 


Б 

СБ 


Құбылыс 

саны 


Жыл 

Атырау 


облысы 

275/6% 


608/12%  474/10%  1676/34%  225/4%  732/15%  310/6% 

653/13% 


4953 

Атырау 


5/1% 

111/19% 


24/4% 

232/39% 


7/1% 

108/18% 


26/4% 

81/14% 


594 

Ганюшкин 

14/8% 

22/12% 


24/13% 

36/19% 


4/2% 

25/13% 


34/18% 

27/15% 


186 

Индербор 

151/11%  182/13% 

89/6% 


479/33% 

87/6% 


203/14% 

67/4% 


180/13% 

1438 


Қарабау 

17/4% 


28/6% 

38/9% 


189/43% 

36/8% 


55/13% 

23/5% 


53/12% 

439 


Құлсары 

23/3% 


91/12%  111/15%  223/30% 

37/5% 


116/16% 

33/4% 


112/15% 

746 


Махамбет 

1/1% 


7/9% 

5/7% 


33/43% 

4/5% 


12/16% 

4/5% 


11/14% 

77 


Пешной 

3/3% 


5/6% 

8/10% 


49/58% 

1/1% 


8/10% 

5/6% 


5/6% 

84 


Ұштаған 

61/4% 


162/12%  175/13%  435/31% 

49/4% 


205/15%  118/8% 

184/13% 


1389 

Жылы мерзім 

Атырау 

5/1% 


104/19%  23/4% 

205/37% 


7/1% 

101/19%  24/4% 

80/15% 

549 


Ганюшкин  11/7% 

15/10%  19/12% 

33/21% 

4/3% 


23/15% 

28/18% 


22/14% 

155 


Индербор 

147/11% 


164/13%  70/5% 

423/33% 


75/6% 

184/14%  61/5% 

168/13% 

1292 


Қарабау 

16/4% 


26/7% 

31/9% 


153/43% 

27/7% 


44/12% 

18/5% 


48/13% 

363 


Құлсары 

23/3% 


79/12%  88/13% 

203/30% 


37/5% 

113/17%  32/4% 

110/16% 

685 


Махамбет 

1/2% 


6/10% 

3/5% 


24/38% 

4/5% 


12/19% 

3/5% 


10/16% 

63 


Пешной 

3/6% 


3/6% 

2/4% 


32/61% 

1/2% 


6/11% 

2/4% 


3/6% 

52 


Ұштаған 

59/5% 


148/12%  162/13%  381/30% 

43/3% 


181/15%  101/8% 

178/14% 


1253 

Суық мерзім 

Атырау 



7/16% 



1/2% 

27/60% 


7/16% 


2/4% 

1/2% 


45 

Ганюшкин 

3/10% 

7/23% 


5/16% 

3/10% 


2/6% 


6/19% 

5/16% 


31 

Индербор 

4/3% 

18/13% 


19/13% 

56/38% 


12/8% 

19/13% 


6/4% 

12/8% 


146 

Қарабау 


1/1% 

2/3% 


7/9% 

36/47% 


9/12% 

11/14% 


5/7% 

5/7% 


76 

Құлсары 


12/20% 


23/38% 

20/33% 


3/4% 


1/2% 

2/3% 


61 

Махамбет 

1/7% 


2/14% 

9/65% 


1/7% 



1/7% 

14 


Пешной 

2/6% 



6/19% 

17/53% 


2/6% 


3/10% 

2/6% 


32 

Ұштаған 


2/1% 

14/10% 


13/10% 

54/40% 


6/4% 

24/18% 


17/13% 

6/4% 


136 

 

Жыл  ішінде  шаңды  дауыл  құбылысы  байқалған  кездегі  жел  бағытының 



қайталанушылығының  ең  жоғары  мәні  облыс  бойынша  оңтүстік-шығыс  бағытына  (34%) 

сәйкес  келеді,  яғни  1676  шаңды  дауылды  құбылыс  кезінде  жел  оңтүстік-шығыс  бағытында 

соққаны белгілі болды.  

Атырау  облысында  шаңды  дауыл  кезіндегі  жел  бағытының  қайталанушылығының 

жоғары мәндері оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бағыттарына тиесілі (12-

15%),  ал  төмен  дәрежедегі  қайталанушылық  шығыс,  солтүстік,  батыс  бағыттары  бойынша 

байқалады (6-10%). Шаңды дауыл кезіндегі желдің ең сирек бағыты ретінде оңтүстік бағыты 

(4%) анықталды.  



Берілген  уақыттағы  жылы  мерзімдегі  жел  бағытының  ең  жиі  қайталанушылығы 

оңтүстік-шығыс (21-61%) бағытында тіркелді, оның ішінде ең жоғарғы мәні Индербор (423) 

станциясында, ал ең төмен мәні Махамбет (24) станциясында байқалады. 

Суық  мерзімде  жалпы  барлық  станциялар  бойынша  222  шаңды  дауылдың 

қалыптасуында  оңтүстік-шығыс  (41%)  бағыты  бойынша  басым  болған.  Жел  бағытының 

қайталанушылығының төмен дәрежесі суық мерзімде солтүстік бағытта (2%) анықталды. 

Жылдың  суық  мерзіміндегі  шаңды  дауылдың  қалыптасу  кезіндегі  жел  бағытының 

қайталанушылығын  қарастырғанда  Атырау,  Құлсары,  Пешной,  Махамбет  станцияларында 

солтүстік  бағыты  мүлдем  байқалмаған,  сонымен  қатар,  Атырау,  Ганюшкин,  Құлсары, 

Пешной,  Махамбет  станцияларында  оңтүстік  бағыты  тіркелмеген.  Махамбет  станциясында 

шаңды  дауыл  құбылыс  кезінде  оңтүстік-батыс  бағытында  жел  соқпаған.  Суық  мерзім 

бойынша  шаңды  дауылдардың  санының  біршама  төмендегенін  байқауға  болады,  алайда 

төмен мәндердің ішінен Индербор станциясында (56) қайталанушылықтың жоғары дәрежесі 

бақыланды, мұнда да оңтүстік-шығыс бағыты (38%) басым болды.  

Индербор,  Қарабау,  Ұштаған  станцияларында  жыл  бойы  жел  бағытының 

қайталанушылығы әртүрлі дәрежеде барлық 8 бағыт бойынша байқалды. 

Зерттеу барысында Индербор станциясында шаңды дауылдардың пайда болуындағы жел 

бағытының қайталанушылығының айлар бойынша таралуы қарастырылды (кесте 3). 

 

Кесте  3  –  Жел  бағыттарының  шаңды  дауылдың  пайда  болуына  сәйкес  айлар  бойынша 



таралуы (күндер саны, %) 

 

Индербор метеостанциясы 



Ай 

С 

СШ 



Ш 

ОШ 


О 

ОБ 


Б 

СБ  


ш.д. саны 

Қаңтар 


 - 

1/6% 


5/31% 

3/19% 


1/6% 

2/13% 


1/6% 

3/19% 


16 

Ақпан 


1/4% 

2/7% 


3/11% 

13/49% 


3/11% 

2/7% 


2/7% 

1/4% 


27 

Наурыз 


1/2% 

9/16% 


6/10% 

20/35% 


3/5% 

10/18% 


2/4% 

6/10% 


57 

Сәуір 


9/5% 

28/16% 


21/12% 

80/46% 


3/2% 

21/12% 


5/3% 

7/4% 


174 

Мамыр 


13/8% 

11/7% 


8/5% 

70/44% 


8/5% 

24/15% 


11/7% 

14/9% 


159 

Маусым 


32/14% 

23/10% 


2/1% 

64/28% 


18/8% 

48/21% 


11/5% 

30/13% 


228 

Шілде 


44/19% 

37/16% 


19/8% 

30/13% 


7/3% 

35/15% 


9/4% 

51/22% 


232 

Тамыз 


35/15% 

39/17% 


7/3% 

51/22% 


16/7% 

30/13% 


16/7% 

37/16% 


231 

Қыркүйек 

12/7% 

17/10% 


9/5% 

81/49% 


15/9% 

15/9% 


5/3% 

13/8% 


167 

Қазан 


2/2% 

9/9% 


4/4% 

47/46% 


8/8% 

11/11% 


4/4% 

16/16% 


101 

Қараша 


2/12% 

4/23% 


2/12% 

5/29% 


2/12% 

1/6% 


-  

1/6% 


17 

Желтоқсан 

 - 

2/7% 


3/10% 

15/53% 


3/10% 

4/14% 


1/3% 

1/3% 


29 

 

Индербор  метеостанциясында  шаңды  дауылды  жағдайдағы  жел  бағыттары  жылдың 



барлық  айларында  оңтүстік-шығыс  бағыты  (13-53%)  бойынша  басым  болған,  сәуір-тамыз 

айлары  аралығында  шаңды  дауыл  байқалған  күндер  санынының  (30-80  күн)  ерекше 

жоғарылауы  байқалады.  Қаңтар  және  желтоқсан  айларында  солтүстік  бағытында,  қараша 

айында  батыс  бағытындағы  жел  бағыты  кезінде  шаңды  дауыл  құбылысы  мүлдем 

тіркелмеген. Қаңтар айында шығыс бағыты, ақпан айында оңтүстік-шығыс бағыты басым, ал 

наурыз, сәуір, мамыр айларында оңтүстік-шығыс бағытымен қатар солтүстік-шығыс, шығыс, 

оңтүстік-батыс бағыттарының желдері белсенді жоғарылай бастаған. Маусым айында шаңды 

дауылдың  қалыптасуындағы  шығыс  бағыты  өте  аз,  негізгі  үлесті  оңтүстік-шығыс  бағыты 

(28%)  және  оңтүстік-батыс  бағыты  (21%)  алады.  Шілде  айында  станцияда  оңтүстік  (3%), 

батыс  (4%)  және  шығыс  (8%)  бағыттарының  қайталанушылығы  төмен,  ал  солтүстік  (19%) 

және  солтүстік-батыс  (22%)  бағыттары  бойынша  неғұрлым  жоғары  қайталанушылығын 

көруге болады. Қараша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында шаңды дауылдар өте сирек 

тіркелген,  оның  себебі  бұл  айларда  төселме  беткейдегі  қар  жамылғысы  қорғаныс  қызметін 


атқарады.  Шаңды  дауылдың  пайда  болуына  әсер  ететін  желдердің  батыс  бағытының 

қайталанушылығы барлық айларда да төмен. .  

Соңғы  онжылдық  үшін  жылдар  бойынша  шаңды  дауылды  күндердің  таралуына  талдау 

жасалды (кесте 4). 

 

Кесте  4  –  Атырау  облысы  станцияларында  2004-2014  жылдар  аралығындағы  шаңды 



дауылдар байқалған күндер саны 

 

 



Станция 

жылдар 


 

орташа жылдық 

2004 

2005 


2006  2007  2008  2009  2010  2011  2012  2013  2014 

 

Атырау 



37 

43 


18 

19 


28 



20 



16 

Ганюшкин 











Индербор 

48 


59 

37 


41 

43 


25 

52 


33 

59 


23 

20 


20 

Қарабау 




35 



56 

65 



30 

26 


11 

Құлсары 


22 

20 


16 

15 


17 



19 



13 

Махамбет 









14 

18 


Пешной 








15 

31 


Ұштаған 


48 

38 


42 

41 


34 

54 


68 

56 


68 

71 


92 

28 


 

Шаңды  дауыл  байқалған  күндер  санының  уақыт  бойынша  таралуы  тұрақсыз  сипатта 

болып  келеді.  Соңғы  жылдары  қарастырылған  метеостанциялардың  барлығында  шаңды 

дауыл байқалған күндер санының артуы байқалған.  

Атырау  облысы  бойынша  шаңды  дауылдар  байқалған  күндердің  ең  аз  орташа  жылдық 

мәні 1 күн, ал ең жоғары орташа жылдық мәні 28 күн аралығында тіркелген.  

Ұштаған  және  Индербор  станцияларында  шаңды  дауылдар  байқалған  күндер  берілген 

жылдардың  барлығында  да  тіркелген,  ал  басқа  станцияларда  кейбір  жылдары  шаңды 

дауылдар мүлдем тіркелмеген.  

Шаңды  дауылдардың  территория  бойынша  мұндай  әркелкі  байқалуын  станциялардың 

физикалық-географиялық орналасу жағдайларымен түсіндіруге болады. 

 

Қорытынды  

 

Зерттеу  жұмысында  Атырау  облысы  бойынша  шаңды  дауылдардың  таралуының 



көпжылдық  ерекшеліктері  берілген.  Шаңды  дауылдардың  қалыптасуына  көптеген 

метеорологиялық факторлар әсер етеді. 

Зерттелген  территорияда  соңғы  жылдары  шаңды  дауылдар  байқалған  күндер  саны 

артқан. Шаңды дауыл жағдайындағы желдердің оңтүстік-шығыс бағытының қайталанушылы 

жоғары болған. Индербор, Қарабау, Ұштаған станцияларында шаңды дауылдың пайда болуы 

кезінде жыл бойы барлық 8 бағыт бойынша әртүрлі дәрежеде жел соғатыны анықталған.  

Аймақтың  жазық  ішкі  аудандарынан  шеткі  теңізге  жақын  бөлігіне  қарай  шаңды 

дауылдардың пайда болуы мен қайталанушылығының төмендегені анықталды. 

Айлар  бойынша  қарастырағанда,  сәуір-тамыз  аралығында  шаңды  дауылдардың 

қайталанушылығы  жоғары,  әсіресе  шілде  және  тамыз  айларында  құбылыстар  ең  жиі 

тіркелгенін байқауға болады, яғни олар негізінен күндізгі  уақытта  (ауа ылғалдылығы төмен 

және температура жоғары болған кезде) пайда болады. 

 

 

 



Әдебиеттер: 

1. Руководство по краткосрочным прогнозам погоды. – Л.:Гидрометеоиздат, 1965. – 241-247 б. 

2. Хромов С.П., Мамонтова Л.Н. Метеорологический словарь. – Л.: Гидрометеоиздат, 1974. – 568 б. 

3. Агаркова А.П. Пыльные бури и их прогноз. – М.:Гидрометеоиздат, 1981. – 105 б. 

4. Захаров П.С. Пыльные бури. – Л.: Гидрометеоиздат, 1965. – 164 б. 

5. Григорьев А.А., Кондратьев К.Я. Пылевые бури на Земле и Марсе. – М.: Знание, 1981. – 64 б. 

6. Ергалиев Т.Ж. Мониторинг геосферных процессов Казахстанской части Каспия // Вестник КазНУ, серия 

экологическая. - 2009. - №1 (24).– 6  б. 

7.  Вилесов  Е.Н.,  Науменко  А.А.,  Веселова  Л.К.,  Аубекеров  Б.Ж.  /  под  общ.  Ред.  Науменко  А.А.: 

Физическая география Казахстана. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 34 б. 

8. Алисов Б.П. Климат СССР. –  М.: Высшая школа, 1969. – 104 б. 

9. Климат Казахстана / Под ред. Утешева А.С. – Л.: Гидрометеоиздат, 1959. – 367 б. 



 

References 

1. Rukovodstvo po kratkosrochnym prognozam pogody. – L: Gidrometeoizdat, 1965. – 241-247 p. 

2. Khromov S.P., Mamontova L.N. Meteorologicheskii slovar'. – L.: Gidrometeoizdat, 1974. – 568 p. 

3. Agarkova A.P. Dust storms and their prognosis. – M.: Gidrometeoizdat, 1981. – 105 p. 

4. Zakharov P.S. Dust storms. – L.: Gidrometeoizdat, 1965 – 164 p. 

5. Grigoriev A.A., Kondrat'ev K.Y. Dust storms on Earth and Mars. – M.: Znanie, 1981. – 64 p. 

6.  Ergaliev  T.Zh.  Monitoring  geosfernyh  processov  Kazahstanskoj  chasti  Kaspija  //  Vestnik  KazNU,  serija 

jekologicheskaja. - 2009. - №1 (24).– 6  b. 

7.  Vilesov  E.N.,  Naumenko  A.A.,  Veselova  L.K.,  Aubekerov  B.Z.  /  pod.  red.  Naumenko  A.A.:  Physicheskaya 

geographya Kazakhstana. – Almaty: Kazakh University, 2009. – 34 p. 

8. Alisov B.P. Climat SSSR. – M.: Vysshaya shkola, 1969. – 104 p. 



9. Climat Kazakhstana / pod. red. Utesheva A.S. – L.: Gidrometeoizdat, 1959. – 367 p. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет