ӘОЖ 582.26.
ІЛЕ АЛАТАУДЫҢ СОЛТҮСТІК БЕТКЕЙІНДЕГІ ЖАЙЫЛЫМДЫҚТАРДЫҢ
ЖЕМШӨПТІК ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Л.Е. Ануарова, б.ғ.к., қауымд. проф. м. а.
А.С. Абделі, 2-курс магистранты
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада Іле Алатаудың солтүстік беткейіндегі өсетін жемшөптік
маңызы бар өсімдіктер сипатталады. Қазақстан флорасындағы жемшөптік өсімдіктердің
кең таралған түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктері талданған. Бұл жемшөптік
өсімдіктер мал азығы. Табиғи шалғынның өсімдіктері шөптесін түрлер болса, жасанды
шалғын арнайы егілген жемшөптік маңызы бар көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
Пайдалану мақсатына байланысты шөп орылатын және жайылымдық шалғын болып
бөлінеді. Шалғындық өсімдіктердің мыңнан астам түрлері бар. Олар астықтар, бұршақтар,
қияқөлеңдер, елекшөптер тұқымдастарына жатады. Сонымен бірге басқа да
тұқымдастардың құрамында бірлі жарым жемшөптік маңызы бар түрлер кездеседі.
Түйін сөздер: Цианоген гликозиді, фитоценоз, климат, топырақ, рельеф, вегетация,
ассоциация, ярус, фенологиялық фаза, географиялық аймақ, жайылым, шалғындық т.б.
Жайылымдықтарды зерттеу кезінде шөптесін өсімдіктердің түрлік құрамымен
танысу, жануарлардың шөптесін өсімдіктердің түрлік құрамына әсерін нақтылау,
өсімдіктердің өсу ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Өсімдіктердің ботаникалық құрамы жайылымдық фитоценоздарды түзеді. Мал
жайылудың нәтижесінде ол өзгереді. Жануарлар жайылымдықта жемшөптік құнды
өсімдіктермен (астықтар, бұршақтар) қоректенеді. Зиянды, улы өсімдіктерді жемейді. Бір
орында бірнеше жыл мал жайылғанда өсімдіктердің құрамы өзгереді. Өсімдіктердің
ботаникалық құрамына, өсімдік түрлерінің өсуіне жайылатын малдың түрлері (сиырлар,
қойлар, жылқылар т.б.) әсерін тигізеді.
Табиғи
шалғындықтар
Қазақстанның
барлық
аймақтарында
кездеседі.
Шалғындықтардың фитоценозы тез қалпына келеді. Географиялық аймақтарға
байланысты олардың шөптесін өсімдіктерінің ботаникалық құрамы әртүрлі болады.
Шалғындықтарда көпжылдық шөптесін өсімдіктер өседі. Жалпы алғанда табиғи
шалғындықтарда 500-дей өсімдік түрі кездеседі. Оның ішінде кең таралғандарының саны
100-200 түр. Шалғындықтардың шөптесін өсімдік түрлері ішінде астықтар тұқымдасынан
40-тай түр, қияқөлеңдер тұқымдасынан 20-25 түр, бұршақ тұқымдасынан 15-20 түр, ал
қалған 120-дай түр басқа тұқымдастардың түрлері. Әрбір тұқымдастың құрамында
шалғынға тән өсімдіктер болады. Олар жемшөптік сапасы бойынша бір-бірінен
ажыратылады [1].
Орналасқан орнына, экологиялық жағдайларына (климат, топырақ, рельеф)
байланысты
шалғындықтардың
өсімдіктерінің
ботаникалық
құрамы,
олардың
вегетациясының ұзақтығы әртүрлі болып өзгереді. Көбіне шалғындықтардың
вегетациясының ұзақтығы 2-3 ай, кейбір аудандарда вегетация кезеңі 7-9 айға дейін
созылады [2].
Іле
Алатаудың
орманды-шалғынды-дала
аймағында
(Чупахин,
1978)
шалғындықтардың 4 түрі бар: жағалық, құрғақ орындарда (суходольный), ойпатты (ойыс)
жерлерде, ормандағы болып, олардың түрлік құрамы бір-бірінен ажыратылады. Бұлардың
әрқайсысы әртүрлі экологиялық жағдайлардың әсерінен шалғындық ассоциацияларға
бөлінеді [3].
Арнамен жанасқан шалғындық ағын сумен шекараласып жатады. Бұл жағалыққа
өзен суы жеңіл құрамды топырақты ағызып әкеліп тұнба түзеді. Жеңіл құмды топырақта
қырықбуын, бұта тіршілік формасындағы талдар, шөптесін өсімдіктерден тамырсабақты
астықтар: жатаған бидайық, қылтанақсыз арпабас, айрауық т.б. өседі. Сонымен бірге
әртүрлі шөптесін өсімдік түрлері өседі.
Өзен аңғарының орталық бөліміндегі орталық аңғар шалғындық аңғардың көп
бөлімін қамтиды. Бұл орында арагідік балшықтанатын құнарлы топырақ түзіледі.
Сондықтан жемшөптік маңызы бар өсімдіктер өседі. Кең таралғандары астықтар: атқонақ
түлкіқұйрық, қылтанақсыз арпабас, бұршақтардан - беде, сиыржоңышқа, айкен т.б. [4].
Өзен аңғарының тікелей су тасып басатын жағасындағы орында да жайылмалық
шалғындықтар қалыптасады. Жағалықтың құрылысы құрамы бірдей болмағандықтан
өсімдіктердің ботаникалық құрамы да әртүрлі учаскелерінде әртүрлі болады. Құрлықтағы
шалғындықтарды орналасқан орнына байланысты анықтайды. Олар су айрықтарындағы
көтеріңкі жерлерде, өзендердің арасында қалыптасады. Таудағы шалғындықтар тау
бөктеріндегі әртүрлі биіктікте қалыптасады. Шалғындықта өсетін барлық өсімдіктер
жемшөптік маңыздылығына байланысты төрт шаруашылық топқа бөлінеді: астықтар,
бұршақтар, қияқөлеңдер және әртүрлі шөптер болып. Табиғи шалғындықтарда көбіне
бесінші топқа зиянды және улы өсімдіктерді жатқызады. Шалғындықтардың түрін,
орналасқан орнын рельефіне байланысты анықтайды. Шалғындықтануда мұндай
классификация өсімдіктердің жемшөптік құндылығы туралы толық мағлұмат бермейді.
Себебі, әрбір шаруашылық топта жемшөптік құндылығы бар өсімдіктер жеткілікті
болады. Ол шаруашылық топтардың құрамындағы түрлер толық анықталғанда белгілі
болады.
Табиғи шалғындықтарда көбіне астықтар тұқымдасына (Poaceae) жататын
көпжылдық өсімдіктер түрлері өседі. Біржылдық жабайы өсетін астықтар көбіне шөл,
шөлейт аймақтарда кездеседі. Шалғындықтарда көбіне көпжылдық астықтардың көп
болып өсуі олардың вегетативті көбеюіне байланысты болады. Шөп ору және жайылым
есебінде шалғындықты пайдалану көбіне өсімдіктердің тұқымдары пісіп жетілгенше
жүреді. Сондықтан шалғындықтың өсімдіктерінің өсіп, қайта қалпына келуі вегетативті
жолмен жүреді. Шалғындықтың көпжылдық шөптесін өсімдіктері тығыз шым түзіп өседі.
Сол арқылы топырақтың беткі қабатын өсімдіктердің тірі және өлі тамырлары,
тамырсабақтары, өркендері тұтасып жауып өседі. Шалғындықта көпжылдық астықтардың
барлық вегетациясының ұзақтығы әртүрлі болады.
Ұзақ жылдар бойы вегетациясы сақталатын астықтар тұқымдасына қылтанақсыз
арпабас (костер безостый), су бетеге (овсяница луговая), қызыл бетеге (овсяница
красная), шалғын түлкіқұйрық (лисохвост луговой), жатаған бидайық (пырей ползучий),
шалғындық қоңырбас (мятлик луговой) т.б. жатады (1-кесте). Бұл түрлер бір орында 6-8
жыл өседі. Барлық вегетациясы қысқа өсімдіктерге шалғын атқонақ (тимофеевка луговая),
кәдімгі тарғақшөп (ежа сборная) т.б. жатады. Көпжылдық астықтар топырақтың беткі
және топырақ асты өркендер (бұтақтануы) түзуімен ерекшеленеді. Көпжылдық
астықтардың сабағының төменгі бөлімінде топырақ бетінде немесе оның жоғарғы
қабатында түптену буындарының жиынтығы болады. Әрбір буынында жапырақтың
бастамасы бар бүршігі болады. Олардан топырақ бетіне өркендер өсіп түп түзеді. Сөйтіп
барлығы тұтасып шым пайда болады.
Фазасы: «+» - гүлдеп жеміс түзуде; «С» - жемісінің сүттенуі;
Друде бойынша молшылығы: Soс – фон түзеді; Cop
1
- өте көп болып кездеседі; Cop
2
– көп болып өседі; Sol - жеткілікті; Sp – бірлі жарым;
Un – біреу.
Өсімдіктердің ярустылығы: «1» - биік өсімдік; «2» - орта деңгейде; «3» - аласа
шөптесін өсімдік.
Орман алқабында шалғындықтар кең таралған. Орман ассоциацияларының әртүрлі
болуына байланысты шалғындықтардың өсімдіктерінің ботаникалық құрамы да әртүрлі
болады.
Кесте 1 – Көлді-елді мекені Жарбұлақ өзенінің оң жағалауындағы құрамында әртүрлі
ассоциациялары бар шалғындықтар.
№ Тұқымдасы
Түрі
Ярус Фенология-
лық фазасы
Молшы-
лығы
Биіктігі
(см)
1
Астықтар
тұқымдасы.
(Gramineae
Juzz. )
Злаки.
Шалғын атқонақ. Phleum pratense
L.Тимофеевка луговая.
2
с
cop
2
0,69
Шалғын түлкіқұйрық. Alopecurus
pratensis L. Лисохвост луговой.
2
с
sol
0,71
Құрғақ айрауық. Calamagrostis
epigeios (L.) Roth. Вейник наземный.
1
с
un
1,7
Көде селдірек. Eschampsia caespitosa
(L.)P.B. Луговик дернистый, щучка.
2
с
sol
0,57
Салалы қарашағыр. Cynodon daсtylon
(L) Pers. Свинорой пальчатный.
3
с
sol
0,13
Бірбүйір шағырбидай. Melica sekunda
Rgl. Перловник однобокий.
2
с
sol
0,73
Кәдімгі тарғақшөп. Dactylis glomerata
L. Ежа сборная.
2
с
cop
1
0,91
Жуашықты қоңырбас. Poa bulbosa L.
Мятлик луковичный.
2
с
cop
1
0,69
Шалғын қоңырбас. Poa pratensis. M.
Мятлик луговой.
2
с
cop
1
0,63
Аласа бетеге. Festuca supine Schur.
Овсяница приземистая.
2
c
cop
3
0,83
Көпжылдық үйбидайық. Lolium
perenne L. Плевел многолетний.
3
c
cop
1
0,17
Қызылот, қылтанақсыз арпабас.
Bromus inermis Leyss. Костер
безостый.
2
c
cop
1
0,23
Тарақбоз арпабас. Bromus tectorum L.
Костер кровельный.
2
c
cop
1
0,27
Cібір бидайық. Agropyron fragile (
Roth) Nevski. Пырей ломкий, пырей
сибирский.
2
c
cop
1
0,31
Тарақ бидайық. Agropyron
pectiniforme Roem. Et Schult.
Пырей гребневидный, житняк.
2
c
cop
1
0,71
Еркек бидайық. Agropyron cristatum
(L) Gaertn. Пырей гребенчатый,
житняк.
2
c
cop
1
0,69
Қылтан шөп. Egilops cylindriсa (Ces.)
Host. Эгилопс цилиндрический.
2
c
sol
0,37
2
Бұршақтар
тұқымдасы.
(Leguminosa
e Juss.)
Бобовые.
Дәрі түйежоңышқа. Melilotus
officinalis (L.)Ders. Донник
лекарственный.
2
+
sol
0,78
Ақ беде. Trifolium repens L. Клевер
ползучий, белый.
1
+
sol
0,14
Қызылбас беде. Trifolium pratense L.
Клевер луговой, красный.
2
+
sol
0,17
Тік лотус. Lotus strictus Fisch L.
Лядвенец торчащий.
1
+
sol
0,11
Жалаң мия . Glycyrhiza glabra L.
Солодка голая.
2
+
sol
0,97
Орал мия. Glycyrrhiza uralensis Fisch
L. Солодка уральская.
2
+
sol
0,71
Қора сиыржоңышқа. Vicia sepium L.
Горошек призаборный.
2
+
sol
0,31
Шалғын чина. Lathyrus pratensis L.
Чина луговая.
2
+
sol
0,27
Басқа шалғындықтарға қарағанда ормандағы шалғындықтар әртүрлі шөптерден,
қияқөлеңдерден, астықтар араласқан бірлестіктерден тұрады. Бұршақтар тұқымдасына
жататын түрлер сирек кездеседі [5].
Орман шалғындықтарында әртүрлі шөптерден кәдімгі бежір (сныть обыкновенная),
орман қазтамақ (герань лесная), шегіргүлдер, сарғалдақтар, балшытырлар т.б. өседі.
Жергілікті эфемерлерден желайдар, айдаршөптер, фикария т.б. кездеседі. Астықтардан
кең таралғандары жалпақ жапырақта бидайық, қылтанақсыз арпабас, орман бетеге және
еркек бетеге, кәдімгі тарғақшөп, шашыраңқы тарышық, қоңырбастардың кейбір түрлері
өседі. Бұршақ тұқымдасына жататын беде (тау, орта, шалғын түрлері), сиыржоңышқа,
орман айкен, шалғын айкен т.б. кездеседі. Қияқөлеңдердің де жалпақ жапырақты, орман,
түкті сияқты түрлері өседі.
Ормандағы шалғындықтарды көбіне мал жаюға пайдаланады. Ол шалғындыққа және
ағашты өсімдіктерге зиянын тигізеді. Шалғындықты шаруашылық мақсатта бағалаған
кезде, негізінен оның өнімділігі ескеріледі. Көбіне өнімділігін бағалағанда астықтардың
гүлдеген кезіндегі орылған жас массасы есепке алынады. Немесе вегетациясының соңына
дейін екі немесе одан да көп орылып, жас массасы есепке алынады. Жас массасының
жемшөптік құндылығы өнімділіктің негізін қалайды. Ол түрлік құрамына байланысты
болады. Жемшөптік маңызы жоғары бұршақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің
түрлерінің жасыл массасында басқа өсімдіктер түрлерімен салыстырғанда белок,
дәрумендер көп. Сондықтан мал жақсы жейді, сіңімді болады. Жемшөптік құндылығы
жөнінен екінші орынды астықтар алады. Бұлардың қоректік құнды бөлімі жапырақтары.
Шөпті жинағанда, кептіргенде жапырақтары майдаланбай сақталады. Ал әртүрлі шөптерді
орып кептіргенде жапырақтары майдаланып, жинағанда түсіп қалады.
Ең төменгі жемшөптік маңызы бар өсімдіктерге қияқөлеңдер жатады. Жасыл
массасы құрамында кремнийдің болуына байланысты қасаң, қоректік құндылығы төмен.
Сондықтан шалғындықтың жас массасының жемшөптік құндылығын шаруашылық
топтарға бөледі: астықтар, бұршақтар, қияқөлеңдер, әртүрлі шөптер деп. Соңғысына
барлық қосжарнақты өсімдіктер жатады. Қияқөлеңдерге елекшөптерді (ситниковые)
қосады. Бірнеше учаскеден жіп арқылы 5-10 бір м² ауданды белгілейді. Учаскелердегі
өсімдіктерді шаруашылық топтарға бөледі. Бірінші топқа астықтардың түрлерін, екінші
топқа бұршақтардың, үшінші топқа қияқөлеңдер мен елекшөптерді, төртінші топқа
әртүрлі шөптерді біріктіреді. Сосын барлық өсімдіктерді жерден 5-7 см биіктіктен орады,
өлшейді. Шаруашылық топтары бойынша бөледі, өлшейді.
Әрбір шаруашылық топтың массасының жалпы массадан пайыздық қатынасын
шығарады. Сосын кептіріп, әрбір шаруашылық топтың құрғақ массасын өлшейді. Әрбір
топтың пайыздық қатынасын анықтайды. Өлшемдерінің нәтижесі құндылық деңгейін
көрсетеді. Зерттелген учаскеден табылған зиянды және улы өсімдіктер түрлерін көрсетеді.
Ара-арасында жайлыымдықтарды қалпына келетін уақытқа мал жаймай қалдырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мухитдинов Н.М. Геоботаника негіздері. – Алматы, 1992. – Б. 93.
2. Гуленкова М.А., Красинкова А.А. Летняя полевая практика по ботанике. –
Москва: Просвещение. 1976. – Б. 78.
3. Чупахин В.М. Высотно-зональные геосистемы Средней Азии и Казахстана. –
Алма-Ата. 1987. – Б. 63.
4.Утешев А.С. Климаты Казахстана. Очерки по физической географий Казахстана. –
Алма-Ата. 1952. – С.58.
5. Работнов Г.А. Фитоценология. – М., МГУ, 1992. – С.56.
РЕЗЮМЕ
Ануарова Л.Е., к.б.н., ассоц. профессор, Абдели А.С., магистрант
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ВИДЫ КОРМОВЫХ РАСТЕНИЙ ЛУГОВ СЕВЕРНОГО СКЛОНА
ЗАИЛИЙСКОГО АЛАТАУ
В статье приведены биоэкологические особенности кормовых видов различных
типов лугов на северном склоне Заилийского Алатау. В растительный покров различных
типов лугов входит виды растения относящиеся к семействам: злаки, бобовые, осоковые,
ситниковые. Кроме того некоторые виды относящиеся к другим семействам
покрытосеменных растений.
Ключевые слова: Гликозиды цианоген, фитоценоз, климат, почва, рельеф, вегетация,
ассоциация, ярус, фенологическая фаза, географическая зона, пастбища, луг и т.д.
SUMMARY
Anuarova L.E., cand. of biological sciences,associate professor, Abdeli A.C. master
(c. Almaty, Kazakh State Womeт’s Teacher Training University)
TYPES FORAGE PLANTS MEADOWS NORTHERN SLOPES
OF TRANS-ILI ALATAU
In the article the biological and ecological features of different types of prey meadows on
the northern slope of the Trans-Ili Alatau. The vegetation includes various types of grassland
species pertinent to the families of poaceae, fabaceae, cyperáceae, juncaceae. In addition, some
types belonging to other families of angiosperms.
Kеy words: Cyanogen glycosides, phytocoenosis, climate, soil, topography, vegetation,
association, tier, phenological stage, geographical area, pasture and meadow. etc.
Достарыңызбен бөлісу: |