ӘОЖ: 811. 512. 122 Мұсаева Г.Ә



Pdf көрінісі
Дата09.03.2017
өлшемі238,79 Kb.
#8583

ӘОЖ: 811.512.122 

 

Мұсаева Г.Ә. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Алматы қ., Қазақстан) 



E-mail: 

gulbagiza_70@mail.ru

 

 

 



ТІЛДІК МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫЗМЕТІ 

(ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ) 

 

Аннотация. Мақалада жай сөйлемдердің модельдік құрылымы аясында берілетін тілдік білімнің функционалды 

қызметі қарастырылып, оны қазақ тілін екініші тіл ретінде меңгерудегі тиімді жақтарын жан-жақты талдайды. Сөйлем 

құрылымын меңгеруде  тіл меңгеруші әрбір жаңа сөзді сөйлем құрамында белгілі  бір қызмет атқаратын мүше ретінде 

үйренуден бастайтынын, ондағы сөйлем құраушы әрбір компоненттің сөйлем ішіндегі орны мен қызметін түсіне отырып 

меңгеру үшін қажетті сөз таптарын, олардың қызметін, категорияларын анықтап алу маңызды екенін айтады.    



Түйін сөздер: құрылымдық лингвистика, тіл меңгеру, синтаксис, модельдеу, функционалды грамматика 

 

Жалпы  тіл  білімі  синтаксисінің  категориялық  синтаксис,  функционалдық  синтаксис, 



құрылымдық  (тіркесімділік)  синтаксис  деген  салалары  бар.  Категориялық  синтаксис  сөз  таптарын, 

функционалдық синтаксис сөйлем мүшелерін, ал құрылымдық синтаксис фразалардың бір-бірімен ішкі 

байланысын зерттейді.  

Сөйлем  құрайтын  элементтер  категориялды  және  функционалды  нақышталуы  тиіс.  Сөздердің 

категориялды  нақышталуы  дегеніміз  –  сөйлем  элементтерінің  сөз  таптары  арқылы  айтылуы, 

функционалды  нақышталуы  дегеніміз  –  олардың  сөйлем  мүшелері  терминдерімен  берілуі  [1,  148  б.]. 

Ендеше, синтаксисте сөйлем туралы сөз болғанда, бұл мәселелерден тыс қалу мүмкін емес екен. Қазақ 

тілін  үйренуді  жеңілдетіп,  тілдік  қарым-қатынас  құралы  –  сөйлемдердің,  оның  ішінде  бір  негізді 

субстантивті  сөйлемнен  бастап,  жайылма  жай  сөйлемдерге  дейінгі  сөйлем  құрылымдарының 

виртуалды  модельдерін  жасау  және  виртуалды  модельдер  негізінде  сөйлем  құрылымын  меңгерудің 

қадамдық  алгоритмін  құру  арқылы  қазақ  тілін  меңгеруді  ұйымдастыруға  болады  [2;  3;  4].  Сөйлем 

құрылымын  меңгеруді  алгоритмдеуде  инофон  (екінші  тіл  меңгеруші)  әрбір  жаңа  сөзді  сөйлем 

құрамында белгілі бір қызмет атқаратын мүше  – синтаксема ретінде үйренуден бастайды. Сөйлемнің 

виртуалды  модельдері  мен  оны  игерудің  қадамдық  алгоритмі  алғашқы  күннен  бастап-ақ,  сөйлем 

құрылымымен  танысып,  ондағы  сөйлем  құраушы  әрбір  компоненттің  сөйлем  ішіндегі  орны  мен 

қызметін түсіне отырып меңгеруге ықпал жасайды.  

Сөйлемдердің  виртуалды  интегралды  стеммасы  арқылы  тіл  меңгертудің  алгоритмін  құруда  тіл 

меңгерудің алғашқы кезеңінде қажетті сөз таптарын, олардың қызметін, категорияларын анықтап алу 

маңызды.   

Грамматикалық категорияларды ойды беруде коммуникативтік қызмет атқаратын құрал ретінде 

қарастырамыз.  Мысалы:  Дарын  сабаққа  барды  сөйлемін  талдайтын  болсақ,  «Дарын»,  «сабаққа» 

грамматикалық  категория  тұрғысынан  зат  есім,  «барды»  –  етістік  деп  талдаймыз.  Ал  егер, 

функционалдық  тұрғысынан  қарастырсақ,  «Дарын»  –  сөйлемде  іс-әрекетті  орындаушы  субъект, 

«сабаққа»  –  іс-әрекеттің  объектісі,    «барды»  -  субъект  белгілеген  іс-әрекетті  білдіріп,  сөйлемнің 

предикаты болады.  

Біз  ұсынып  отырған  сөйлемнің  құрылымдық  модельдерінде  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлемдерді 

құраушы әрбір элементтің категориялық және функционалдық жақтары бірлікте қарастырылады. З.К. 

Ахметжанованың  айтуынша,  зерттеулер  грамматикалық  категориядан  қызметіне  және  қызметінен 

грамматикалық  категорияға  қарай  бағытталады.  Екеуін  бірге  қолданған жағдайда  тиімді нәтижелерге 

қол жеткізуге болады [5, 121 б.].  

Грамматикалық  білімді  алгоритмдер  жүйесі  түрінде  алға  тарту  өзіндік  қозғалысқа  ие  үдеріс 

ретінде  анықталады.  Қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  меңгеру  үдерісінде  жеткілікті  білімді  танытудың 

статикалық  қана  емес,  сондай-ақ  динамикалық  формаларын  ажыратуға  мүмкіндік  туады.  Біз  ұсынып 

отырған  сөйлемнің  виртуалды  стеммалары  тіл  меңгерудің  жеке  бір  жағдайындағы  мақсаты  мен 

міндеттерін  шешіп  қана  қоймай,  сөйлем  құрылымына  жан-жақты  жүргізілетін  талдаулар  арқасында 

жалпы қазақ тілі құрылымының жүйесімен танысып, тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін 

нақты көріп, оны қажетіне орай өзгертіп, түрлендіріп жұмсай білуге үйрете алуы іс жүзінде дәлелденіп 

отыр. Стемма – құрылымдық синтаксистік байланыстарды көрсететін сызықтар жинағы [3, 25 б.].     

Сөйлем – күрделі құрылым. Ендеше, тілмен алғаш танысушыларға коммуникативтік қажеттілігін 

өтейтін  сөйлемді  барынша  жеңілдетіп,  бірқалыпты  жүйеге  түсірілген  виртуалды  стеммалардың 

көмегімен беруге болады.  

Алдымен  тілді  тиімді  меңгеру  мақсатымен  жасалған  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлемдердің 

бірқалыпқа  түсірілген  виртуалды  интегралды  стеммасы    өзінің  негізінде  ғасырлар  бойы  алғы  шарты 


қалыптасқан,  бүтіндей  құрылымдық  лингвистика  саласындағы  шетелдік  және  отандық  ғалымдардың 

еңбектеріне  сүйене  отырып  жасалған,  ғылыми-теориялық  тұрғыда  дәлелденіп,  өз  нәтижесін  көрсетіп 

келе  жатқан  әдістің  бірі  екенін  атап  айтқымыз  келеді  [2;  3;  4].    Қазақ  тіліндегі  жай  сөйлемдердің 

бірқалыпқа түсірілген виртуалды интегралды стеммасы шетелдік құрылымдық лингвистика мектептері 

өкілдерінің,  олардың  қаламдастары  Н.  Хомскийдің  туындаушы  грамматикасы,  Л.  Теньердің 

құрылымдық  синтаксисі,  қазақ  тіл  білімі  синтаксис  саласы  ғалымдарының  синтаксис  теориясы 

бойынша  жасаған  сөйлем  модельдері  мен  кестелері  негізінде  қазақ  тілі  жай  сөйлемінің  терең 

құрылымының  виртуалды  стеммасын  түзуден  бастаймыз  (1-сурет).  Сөйлемнің  терең  құрылымы  – 

сөйлемнің негізгі құрылымдық және мазмұндық тірегі.  

Қазақ  тіліндегі  сөйлем  мүшелерінің  орын  тәртібі  әрқашан  айқын.  Бұл  компоненттерді  бір-

бірімен байланыстырып тұратын синтаксистік байланыстар стеммада барлық сөйлемге ортақ, сызықтар 

арқылы беріледі.  

      


    

 

 



 

                

1-сурет. Сөйлемнің үстірт құрылымы 

 

Трансформациялық  грамматика  теориясына  сүйене  отырып,  сөйлемнің  терең  құрылымын 



өзгермелі компоненттердің көмегімен түрлендіріп, сөйлемнің үстірт құрылымын аламыз (2-сурет).  

Мұнда негізгі өзгермейтін компоненттер:  N – сөйлемнің субъектісі; V – сөйлемнің предикаты;  

А – сөйлемнің анықтауышы;  О – сөйлемнің объектісі;  Adv. – сөйлемнің пысықтаушы; 

Өзгермелі компоненттер:  

А

1 



– сөйлемде объекті мен субъектіні анықтап тұратын сын есімнен, сілтеу есімдігінен, есептік, 

реттік сан есімнен болған сапалық анықтауыш; 

  

А

2



2

)  –  сөйлемнің  субъектісі  мен  объектісін  анықтап  тұратын  ілік  септікті  меншікті 



анықтауыш;  

О

34567



 – сөйлемнің объектілері (О

3

 – барыс, О



4

 –  табыс, О

5

 –  жатыс, О



6

 – шығыс, О

7

 – көмектес 



септіктер).  

 

                    



                     A1   А2(О2)                                                               Adv. 

                                A1                          О3 

                                                               О4 

                  N        А2(О2)                     О5                              V 

                                                              О6 

                                                              О7                    



 

 

 

 

2-cурет. Сөйлемнің үстірт құрылымының  виртуалды стеммасы 

Тіл  меңгеруде  тек  грамматикалық  категорияларға  көңіл  бөлінсе,  үйренуші    грамматикалық 

білімді  жаттап  алумен  ғана  шектелмек.  Қазақ  тілінің  көптеген  жылдар  бойы  орта  және  жоғарғы  оқу 

орындарында  екінші  тіл  ретінде  меңгерілуінің  тежелу  үрдісі  де  осындай  мәселеге  байланысты  деп 

ойлаймыз. Қазақ тілінде сөздер толық лексикалық мағынасы бар дербес сөздер  – атаушы сөздер және 

лексикалық  мағыналары  солғындаған  я  ада-күде  жоғалған,  мағыналық  дербестігі  жоқ,  сөйлемде 

атаушы  сөздердің  жетегінде  ғана  жұмсалатын  жәрдемші  сөздер  –  көмекші  сөздер,  сондай-ақ  ешбір 

ақиқат  ұғымды  білдіре  алмай,  сөйлемде  жеке  сөздермен  грамматикалық  байланысқа  түспей,  тек 

адамның  әртүрлі  сезім  райларын  білдіру  үшін  жұмсалатын  одағай  сөздер  деп  бөлінеді. Бұлай  бөліну 

сөздердің лексикалық семантикасының негізінде жүзеге асады [6, 43 б.]. Оқытудың бастапқы кезеңінде 

қажет болатын зат есім, сын есім, етістік және үстеу сөздерге жеке-жеке тоқталып, оларды инофонның 

қабылдап ұғынуы тұрғысынан сипаттамақпыз.  

Қазақ  тілін  меңгеру  теориясы  тұрғысынан  қарағанда,  зат  есімнің  өзіндік  ерекшеліктерін  

төмендегі жағдайларда баса көрсету қажет деп ойлаймыз.  

1)  Зат  есімдердің  жалқы  және  жалпы  есім  болып  бөлінуі  тіл  меңгеруде  біріншіден,  сөздерді 

дұрыс  жазу  үшін  қажетті.  Әл-Фараби  атындағы  қазақ  ұлттық  университетінің  шетел  азаматтарына 

арналған  дайындық  факультетіне  келіп  жатқан  қазақ  тілін  үйренушілер  –  Қытай,  Тайвань,  Корея, 

 

A                N              A              O               Adv.             V 



 

Жапония сияқты елдерден келген иероглиф таңбасымен жазатын тіл өкілдері. Бұл сияқты тілдерде бас 

әріппен немесе кіші әріппен жазу заңдылығы қарастырылмайтындықтан, қазақ тіліндегі жалқы есімдер 

сөйлемнің  қай  позициясында  тұрмасын,  бас  әріппен,  жалпы  есімдердің  сөйлем  ішінде  кіші  әріппен 

жазылатынын алғашқы сабақтардан бастап  түсіндірген жөн.  

Екіншіден, жалқы есімдер мен жалпы есімдердің грамматикалық бір ерекшелігі – жалқы есімдер 

жекеше  түрде  айтылып,  оларға  көптік  жалғау  жалғанбайды.    Егер  көптік  жалғау  жалғанса,  жалқы 

есімдер басқа мағынаға ие болатынына тіл үйренушілердің көңілін аудару қажет.  

2)  Зат  есімдердің  адамзат  және  ғаламзат  болып  бөлінуінің  тіл  меңгерушілердің  қабылдап, 

ұғынуы тұрғысынан маңызды жақтары бар. Біріншіден, қазақ тілінде адамзат есімдердің бәріне, яғни 

адамға  қатысты  есімдердің  бәріне    жекеше    кім?  көпше  кімдер?  деген  сұрақтар  қойылады.  Ал  басқа 

ғаламзат  есімдердің  бәріне,  оның  ішінде  өлі,  тірі  табиғат  атауларының  бәріне    жекеше    не?  көпше   

нелер? деген сұрақтар қойылады. Зат есімдердің адамзат, ғаламзат деп бөлінуінің басты белгісінің бірі 

осы  сұрақ  қоюдағы  айырмашылыққа  байланысты.  Екіншіден,  зат  есім  көптелгенде,  жіктелгенде, 

тәуелденгенде,  септелгенде,  адамзат  есімдеріне  тек  қана  кім?  сұрағының  түрленген  формалары  (кім? 

кімдер?  кімсің?  кімсіз?  кімім?  кімің?  кіміңіз?  кімі?  кімнің?  кімге?  кімді?  кімде?  кімнен?  кіммен?) 

қолданылса,  ғаламзат  есімдеріне  не?  деген  сұрақтың  түрленген    көпше  (нелер?),  тәуелдік  (нем? нең? 



неңіз? несі?), септік (не? ненің? неге? нені? неде? неден? немен?) формалары қолданылады. Ғаламзат 

есімдері  жіктеліп  қолданылса,  көркем  әдебиетте  теңеу  әдісі  ретінде  «адам»  деген  ұғымның  орнына 

жүретіндіктен, кім? деген сұраққа жауап береді. Үшіншіден, адамзат есімдері үш жақта жекеше, көпше 

түрде жіктік жалғауын қабылдап, жіктеледі де (дәрігермін, дәрігерсің, дәрігерсіз, дәрігер), өзінің тура 

мағынасында  қолданғанда,    ғаламзат  есімдеріне    жіктік  жалғауы  жалғанбайды  (үстел,  аю,  сезім). 

Нәрселер  мен  құбылыстардың,  жан-жануардың  аты  болып  келетін  зат  есімдер  адамға  тән  әр  алуан 

қасиеттерді  бейнелі  түрде  көрсету  үшін  кейде  көркем  әдебиетте,  жан-жануар,  нәрселер    атаулары 

жіктеліп  қолданады  да  кім?  деген  сұраққа  жауап  береді.  Хан  емессің,  қасқырсың,  ...  Қара  шұбар 



жылансың (Махамбет). Мұндай теңеулер тіл оқытудың жалғастырушы кезеңдерінде қарастырылады. 

Есімдіктердің мағыналық топтарының ішінде жіктеу есімдіктері сөйлем құрамында көбінесе зат 

есімнің орнына жұмсалатындықтан, зат есіммен бірге қаралады. 

Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің виртуалды модельдері көмегімен тіл меңгеруде  қазақ тілінің  

көптік, жіктік, тәуелдік,  септік категориялары өте маңызды қызмет атқарады. қазақ тілі сөйлемдерінің 

құрылу жүйесін дұрыс түсініп, қазақ сөйлемдерін дұрыс құрап, дұрыс айтудың, таза сөйлеудің бірден 

бір шарты – қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғауды, олардың беретін мағыналары мен сөздерге жалғану, 

сөздер  мен  қосымшалардың  арасындағы  байланыс  тәртібін  жете  меңгеру.  Қазақ  тілін  меңгерудің 

алғашқы  кезеңінде  қазақ  тілі  грамматикасындағы    бұл  негізгі  төрт  жалғау  -    көптік,  тәуелдік,  жіктік, 

септік  жалғаулары  тілдегі  зат  есімдердің  негізінде  меңгеріледі.  Есімше  формалы  етістіктің,  қимыл 

есімдердің, субстантивтенген басқа сөз таптарының тәуелдену, көптелу, септелу формалары оқытудың 

кейінгі кезеңдерінде меңгеріледі.  

Қазақ  тілінде  сөйлем  құрамында  маңызды  орны бар  сөз  табы  –  сын  есімдер. Сын есім,  әсіресе 

сапалық  сын  есім  етістікпен  синтаксистік  қатынаста  жұмсалғанда,  адвербиалдық  (үстеу)  мәнде 

пысықтауыш  қызметін  атқарады.  Тіл  меңгеру  үрдісінде  бұл  құбылысты  салыстыра  отырып  түсіндіру 

тиімді: жақсы оқушы  –  жақсы оқу; жаңа  көйлек –      жаңа  келу; әділ  сөз   –     әділ  айту; ұқыпты 



бала – ұқыпты жүру. 

Қазақ  тіліндегі  сын  есімнен  болған  немесе  жалпы  анықтауыш  пен  анықталатын  сөздің 

синтаксистік байланысының орыс тіліне қарағанда өзгешелігі бар. Орыс тілінде анықталатын сөз бен 

анықтаушы  сөз  бір-бірімен  тек  (род),  сан  жағынан  синтаксистік  байланысқа  түседі.  Ал  қазақ  тілінде 

бұл  тұрғыдан  алғанда  меңгеру  аса  қиындық  туғызбайды.  Морфологиялық  сипаты  жағынан  да  сын 

есімнің  өзіне  ғана  тән,  өзге  есімдерден  басқаша  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  сын  есімнің  табиғи 

қызметі  зат  есімге анықтауыш  мүше  болса,  зат  есімге  тіркесіп,  негізгі  қызметін  атқарғанда,  сын  есім 

ешқандай  өзгеріске  ұшырамайды:  анықталатын  зат  есім  көптік,  септік,  тәуелдік  формаларының 

қайсысында  қолданылса  да,  оны  анықтайтын  сын  есім  зат  есімнің  формасына  үйлеспейді  де, 

қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, 

көлем,  т.б.)  жағынан  анықтайды,  бірақ  ол  анықтауыш  қызметін  атқарып  тұрғанда,  еш  уақытта  да 

тәуелденбейді,  көптелмейді  және  септелмейді  [7,  166-168  бб.].  Қазақ  тілінде  сын  есімдермен  қоса 

есептік  және  реттік  сан  есім,  сілтеу  есімдіктері  сөйлемде  бірыңғай  анықтауыштық  қызмет 

атқаратындықтан, бәрін бірге қарастырамыз. Сын есімдерді және басқа анықтауыш қызметін атқарушы 

сөздерді сөйлемнің виртуалды модельдері жүйесінде меңгеру үшін  төмендегідей  алгоритм ұсынамыз.  

1)

 



 Қазақ  тілі  жай  сөйлемдерін  меңгеру  үрдісінде  алдыменен  жиі  қолданылатын  сапалық  және 

қатыстық  сын  есімдер  беріледі.  қатыстық  сын  есімдердің  қай  сөз  табынан  жасалғандығы,  әрине, 

мүмкіндігінше  түсіндіріледі. Сөйлем моделі А

1

    N,  мұндағы  А



  қандай?  деген  сұраққа  жауап  береді. 

Жақсы кітап. қызыл көйлек. Ақылды бала.  

2)

 



 Сілтеу  есімдіктері  беріледі.  Моделі  А

1

N  немесе    А



1

О

5436



,

 

  мұндағы  А



1

  қай?  деген  сұраққа 



жауап береді. Мына кітап жақсы; Мен осы таспаны аламын т.б. 

3)

 



 Есептік сан есімдер 1-10 сан, одан кейін 10-100, 1000 сандары енгізіледі. Сөйлем моделі  А

1



немесе    А

1

О



5436қ

,

 



  мұндағы  А

1

  қанша?,  неше?  деген  сұраққа  жауап  береді.



 

Үш  адам  келді;  110  теңге 



тұрады; 500 теңгеге алу; т.б. Егер сөйлемнің субъектісі немесе объектісі есептік сан есіммен тіркесіп, 

анықтауыштық қатынасты білдірсе, онда анықталатын сөзге  көптік жалғауы  жалғанбайды:  бес алма, 



бес алмалар емес.  

4)

 



 Реттік  сан  есімдердің  моделі  беріледі.  А

1

N  немесе    А



1

О

5436қ



,  мұндағы  А

1

    нешінші?  деген 



сұраққа жауап береді: Екінші қабат, оныншы тапсырма т.б. 

5)

 



 Сын  есімнің  шырай  категориясынан    күшейтпелі  шырайлар:  өте,  аса,  тым,  тіпті,  ең 

күшейтпелі  үстеулерден  жасалған  түрі  тіл  меңгерудің  алғашқы  күндерінен  бастап  енгізіледі.  Ал 

күшейтпелі  буындар  арқылы  жасалған  жап-жасыл,  қап-қара  т.б.  және  салыстырмалы  шырай 

жұрнақтарының  түрлері  берілетін  сабақ,  оқу  деңгейі,  сондай-ақ    информанттарға  байланысты  таңдап 

алынады.  

Қазақ  тіліндегі  сан  есімнің,  есімдіктің  басқа  мағыналық  топтары  тіл  меңгерудің  алғашқы 

кезеңінде  қамтылмайды.  Егер  мәтін  ішінде  кездесе  қалса,  қай  объектінің  жалғауында  тұруына 

байланысты сөйлем мүшесі ретінде көрсетіледі. Шылау сөздердің тобынан ыңғайластық, талғаулықты 

шылаулар, септеулік шылаулардың кейбіреулері өздері ілесетін септіктермен бірге талданады.  

Қазақ  тілінде  етістік  түбір  күйінде  жалпы  лексикалық  және  грамматикалық  мағынасы 

болғанымен,  сол  қалпында  басқа  сөздермен  синтаксистік  байланысқа  түсе  алмайды.  Сондықтан  да 

етістіктердің  түрлену  жүйесі  әртүрлі  және  күрделі.  Тіл  меңгерудің  алғашқы  кезеңінде  етістіктің  салт 

және сабақты түрлері, шақ формасы, шақпен бірге тұйық етістік, жақ, көсемше мен есімшенің кейбір 

формалары,  болымсыздық  етістік,  етіс  формалары,  бұйрық  райлы  етістік  қамтылады.  Сондықтан 

етістіктердің  семантикалық  топтарына  көңіл  бөлу  олардың  валенттілігін  анықтауда  маңызды  болмақ. 

Қазақ тілінде етістіктер бір валентті, екі валентті, үш валентті және көп валентті болып бөлінеді [8]. Тіл 

үйрету  үрдісінде  әрбір  жаңа  етістіктің  семантикалық  ерекшелігі  мен  оның  мүмкін  болар  валенттілігі 

жете түсіндірілуі тиіс.  

Қазақ  тілінде  сөйлемнің  етістігі  мен  оны  сипаттаушы  мүше  синтаксистік  қатынасқа  түскенде, 

бір-бірімен    орын  тәртібі  арқылы  ғана  байланысады.  Тіл  меңгерудің  бастапқы  кезеңінде  үстеулердің 



қалай? және қашан? деген сұраққа жауап беретін мағыналық топтары таңдап алынады.  

Қазіргі қазақ тілінде үстеу құрамы жағынан басқа да сөз таптары секілді  түбір үстеулер, туынды 

үстеулер, күрделі үстеулер болып бөлінеді. Сондай-ақ мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл, күшейтпелі, 

мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері деген семантикалық топтары бар.  

Өзге  сөз  таптарынан  туған  үстеулерге,  мысалы,  1)  зат  есімнен  жасалған  үстеулер:  көлемдік 

септіктердің көнеленуі арқылы жасалған: жазда, түнде, бұрыннан, ертемен немесе жұрнақтар арқылы 

жасалған: балаша, көйлекшең,  т.б.  2) сын есімнен жасалған: ескіше, қысқаша, шикілей, жастай т.б. 

3)  сан  есімнен  жасалған:  бір-бірлеп,  он-оннан,  т.с.с.  4)  есімдіктен  жасалған:  қалайша,  осылай, 



өздігімен, өзінше, сонша, осыншалық, мұншама т.с.с. 5) етістіктен жасалған:  өлердей, жасырын т.б. 

немесе үстеудің өзінен жасалған: көптеп, аздап, кенеттен, бүгінше т.б. жатады. 

Қазақ  тілінде  үстеулер  бірін-бірі  анықтауы  мүмкін.  Әсіресе,  қимыл-сын  үстеулер  сипаттайтын 

белгілерді күшейтпелі (өте жылдам орындалды), мақсат (әдейі ақырын сөйледі), себеп-салдар (босқа 



ауызша  айтылды),  мөлшер  (мұнша  тез  жүрермісің!)  үстеулер  мағыналық  жағынан  толықтырып, 

мағыналық реңктерін одан сайын аша түседі [6, 546 б.].     

 

Сөйлем  стеммаларынан  қай  сөз  басыңқы,  қай  сөз  бағыныңқы  екенін  ажырату  тіл  меңгерушіге 



қиындық  келтіреді.  Алайда  сөйлем  құрайтын  мүшелердің  ішінде  сөйлемнің  негізгі  ядросы  NV,  іс-

әрекеттің объектісі O

34567

  болса, А



1

, А


2

2



) тек N субъекті мен O объектіні анықтаса, Adv. V етістікті 

сипаттайды.  Сондықтан  Adv.  V  стеммасында  басыңқы  етістік,  оны  тек  сипаттаушы  мүше  Adv. 

бағыныңқы бола алады. 

Тіл  меңгеруші  қазақ  тілінің  үстеу  сөздерімен  танысқанда,  оны  үстеу  деп  жеке  бөліп  қарамай, 

сөйлемнің  предикатын  сипаттаушы  мүше  ретінде  қабылдап,  коммуникацияда  қолдана  білуі  шарт. 

Сондай-ақ  сөйлемнің  нақтылауыш  мүшесін  субъекті  мен  объектіні  анықтайтын  мүшелерден  ажырата 

білуге үйренуі тиіс.  

Мақаламызда  жай  сөйлемдердің  модельдік  құрылымы  аясында  берілетін  тілдік  білімнің 

функционалды  қызметі  барынша  қысқа  формада  қарастырылды.  Бұл  виртуалды  модельдер  мен  оның 

құрастырушы  компененттердің  орны  мен  қызметін  нақтылау  арқылы  қазақ  тілін  екініші  тіл  ретінде 

меңгеруде  қолдануға  болатын  тиімді  жақтарын  көрсетуге  тырыстық.  Сөйлем  құрылымын  меңгеруде  

тіл  меңгеруші  әрбір  жаңа  сөзді  сөйлем  құрамында  белгілі  бір  қызмет  атқаратын  мүше  ретінде 

үйренуден бастау –  ондағы сөйлем құраушы әрбір компоненттің сөйлем ішіндегі орны мен қызметін 

түсініп  меңгеруге  алып  келеді.  Сонымен  қатар  бұл  жұмыста  берілген  тілдік  материал  тіл  үйренудің 

бастапқы  кезеңіне  арналағандықтан  қай  материалды  қалай  екшеп,  қалай  ұсыну  керектігін  көрсету 


мақсатымыз болды.   

 

Әдебиеттер: 

1.  Богданов  В.В.  Семантико–синтаксическая  организация  предложения.  –  Л.:  Изд. 

Ленинградский университет, 1977. – 202 с. 

2. Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса. – М.: Изд. МГУ, 1992. – 110 с.  

3. Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. – М.: Прогресс, 1988. – 656 с. 

4.  Нуршаихова  Ж.А.  Алгоритмизированный  синтаксис.  –  Алматы:  қазақ  университеті,  2002.  – 

294 с. 


5. Бондарко А.В. Функциональная грамматика.  – Л.: Наука, 1984. – 136 с. 

6.  Қазақ  грамматикасы.  Фонетика.  Сөзжасам.  Морфология.  Синтаксис  /  Жауапты  ред. 

Жанпейісов Е.  – Астана, 2002. – 84 б. 

7. Аханов К. Тіл білімі негіздері. – Алматы: Санат, 2003. – 496 б.  

8. Оразов М. Семантика казахского глагола: автореф. дис. д-ра филол. наук.  – Алматы, 1983. – 

45 с. 


 

Мұсаева Г.Ә. 

Функция языковых материалов (усвоение казахского языка) 

В  статье  говорится  о  том,  каким  образом  грамматический  материал  функционирует  в  структуре  предложения. 

Автор  предлагает  оригинальные  пути  усвоения  языка  инофоном  через  моделирование  простого  предложения.  При 

процессе усвоения структуры  простого предложения казахского языка, инофон может свободно работать со структурой 

предложения,  рассматривая  его  с  функциональной  позиций.  Для  этого  каждое  новое  слово  усваивается  как 

функционирующий  член  предложения,  т.е.  как  синтаксема.  Внимание  слушателя,  изучающего  казахского  как 

иностранный, должно быть акцентировано на роли каждого нового слова в комплексе, как члена предложения его связей 

с другими языковыми единицами. 



Ключевые  слова:  структурная  лингвистика,  усвоение  языка,  синтаксис,  моделирование,    функциональная 

грамматика. 

   

Musayeva G.А. 

Functions of language materials (assimilation of kazakh language)

 

The  article  discusses  the  functions  of  grammatical  material  within  the  structural  model  proposals,  as  well  as 

comprehensive optimal ways of their assimilation in the study of language in the foreign audience. In the process of mastering 

the structure of the simple sentence of the Kazakh language inofon can freely  work  with a sentence structure, consider it from 

functional positions. For this purpose each new word is acquired as the functioning sentence part, as syntaxeme. The attention of 

the listener learning the Kazakh language as foreign has to be accented for roles of each new word in a complex, as sentence part 

of its communications with other language units. 

Keywords: structural linguistics, assimilation of language, 

syntax, modeling, 

functional grammar. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет