Әож 9(571) 333. 16 ТҰрар рысқҰловтың хаттары қазақстан тарихының дерек көЗІ



Pdf көрінісі
Дата29.01.2017
өлшемі410,94 Kb.
#2953

     

 

 



208 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

ӘОЖ 9(571) 333.16 

 

ТҰРАР  РЫСҚҰЛОВТЫҢ  ХАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН 

ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ 

 

Сантаева Күлімкөз Теңізбайқызы, т.ғ.к., доцент 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 

Талдықорған қ.samgat_aneka @mail.ru 

 

В 



данной 

статье 

рассматриваются 

письма 

видного 

общественного  деятеля  Турара  Рыскулова  как  источник  по  истории 

Казахстана.  Письма  Турара  Рыскулова раскрывают трагедия голода 

20-30-х годов ХХ века. 

Бұл  мақалада  Т.Рысқұловтың  хаттары  Қазақстан  тарихының 

дерек  көздері  ретінде  жан-жақты  қарастырылады.  Қазақ  халқы 

ашаршылыққа  ұшырап жатқанда аштыққа араша түскен қазақтың 

бір туар ұлы - Тұрар Рысқұлов. Тұрар Рысқұловтың хаттары аштық 

ақиқатын білуде тарихи дерек көзі болып табылады. 

This article stresses  in letters  of a prominent public figure Turar 

Ryskulov as a source on the history of Kazakhstan. Letters of Turar Ryskulov 

disclose the tragedy of hunger 20-30 years of the twentieth century. 

Кілттік  сөздер:  «қызылтабан  шұбырынды»,  ашаршылық, 

босқыншылық, отырықшыландыру, «рысқұловшылдық», геноцид. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған  



Конституциясының I бөлімнің  І-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн 

демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтiк  мемлекет  ретiнде 

орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  -  адам  және  адамның  өмiрi, 

құқықтары  мен  бостандықтары»  делінген[1].  Бірақ,  осы  ең  қымбат 

қазына - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары Кеңес 

үкіметі орнаған алғашқы жылдардан бастап аяққа тапталып, қазақ халқы 

«қызылтабан»  шұбырындыға  ұшырады.    Орталық  Комитет  жүргізіп 

отырған  сталиндік-голощекиндік  аграрлық  реформаның  нәтижесінде 

миллиондаған  қазақ  халқы  қырылып,  аштыққа  ұшырап,  туған  жерін 

тастап,  босып  кетуге  мәжбүр  болды.  Бұған  дәлел,  осы  кезеңді  жан-

жақты зерттеп жүрген тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас 

Омарбеков «қырылған қазақтың санын 2 млн 300 мың, ал осы жылдары 

Қазақстан  шекарасынан  шығып,  босқыншылыққа  ұшыраған  халықтың 

саны 1 млн. 31 мың, олардың 165 мыңы бұрынғы КСРО шекарасынан әрі 

асып Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Туркияға өтіп кеткен. 

Сөйтіп  туған  жерлеріне  қайтып  орала  алмаған.  Ал  көрші 

республикаларға  Ресейге  қоныс аударып, орнығып қалғандар саны 450 

мыңдай»,-деп  көрсетеді[2].  Тарихта  1931-1933  жылдардағы  шығын 



     

 

 



209 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

халқымыз үшін мұның алдында болған 1916 -1921 жылдардағы күйзеліс 

кезіндегі шығындардан 3 есе дерлік, ал 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан 

соғысының  шығынан  6  еседен  астам  көп  болды.ХҮІІІ  ғасырдағы 

«Ақтабан-шұбырындының»  шығындарынан  жалпы  саны  жағынан  2,2 

есе  асып  түскен  [3].    Қазақ  халқы  ашаршылыққа  ұшырап  жатқанда 

аштыққа араша түскен қазақтың бір туар ұлы  - Тұрар Рысқұлов. Тұрар 

Рысқұловтың  хаттары  аштық  ақиқатын білуде тарихи дерек көзі болып 

табылады. Тұрар Рысқұловтың ең соңғы жоғары қызметі РСФСР Халық 

Комиссарлары  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  болған  кезі  еді.  Бұл 

қызметте  1926  жылдың мамыр айынан бастап, 11 жыл бойы, яғни 1937 

жылдың  мамыр  айына  дейін,  жала жабылып, жазықсыз «Халық жауы» 

деп  атылғанға    дейін  болды[4].    Тұрар  Рысқұловтың  РСФСР  Халық 

Комиссарлары  Кеңесі  төрағасының  орынбасары    қызметінде  жүріп, 

аштан  қырылып  жатқан  қазаққа  араша  түсті.  Егер  Тұрар  Рысқұлов 

болмаса,  қазақ  халқы  бұл  аштықтан  аман  қалар ма еді деген ой келеді.     

Аштыққа  араша  түскен  «Бесеудің  хаты»  олар  Ғ.Мүсіреповтың, 

М.Ғатаулиннің,  М.Дәулетқалиевтің,  Е.Алтынбековтың,  Қ.Қуанышевтың 

Ф.Голощекинге  хаты.4  шілде,  1932  жыл  [5],  О.  Исаевтың  И.Сталинге 

хаты.  Тамыз,1932ж[5.  23-37бб.],  Тұрар  Рысқұловтың  И.Сталинге  хаты. 

29 қыркүйек 1932ж[5. 38-54бб.], Тұрар Рысқұловтың Л. Мирзоянға хаты. 

11  наурыз,  1933ж[5.  55-56бб.],  Тұрар  Рысқұловтың  И.Сталинге  хаты.9 

наурыз,1933ж[5.56-90бб.],    Л.  Мирзоянның    И.Сталинге  және  В. 

Молотовқа  хаты.29  наурыз,1933ж[5.  91-95бб.],    Тұрар Рысқұловтың Л. 

Мирзоянға  хаты.  9  қыркүйек,  1933ж[5.  96-99бб.],  «Алтаудың  хаты» 

БК(б)П Орталық Комитеті Сталинге; көшірмесі; БК(б)П Казрайкомы-ж. 

Мирзоянға[6],  24  қараша  1933  жылдардағы  хаттары  «Қазақстандағы 

ашаршылықты  Орталық  білмей  қалыпты»  дейтін  дәйексіз  қауесеттің 

негізсіздігін  дәлелдейтін  құнды  дерек  көзі  болып  табылады.  Тұрар 

Рысқұлов 1932 жылдың 29-қыркүйегінде Сталинге бірінші хатын жазды. 

Бұл  хатта  Қазақстанда    мал  шаруашылығын  қалпына келтіру шаралары 

туралы өз ұсыныстарын айта келе, «Қазақстанда 1928 жылғы 32 млн бас 

малдан  (қазақ  органдары  тіпті  40  млн-ға  дейін  болды  деп  есептеуде), 

қазіргі  уақытта  (1932  жылғы  ақпанда  жүргізілген  Бүкілодақтық  мал 

сандарын  есепке алғанда) 5397 мың бас мал қалған, яғни ол 83 процент 

кеміп  кеткен  (оның  ішінде  -  88 процент, сиыр - 86 процент азайған) » - 

деп көрсетеді [5].  Өз ұсыныстарында « ә) қазақ халқына үлестіріп беру 

үшін  1933  жылдан  бастап  3  жыл  бойына  көршілес  шығыс  елдерінен 

(Батыс  Қытай  және  басқалары)  жыл  сайын  1  млн  қой  сатып  алу 

белгіленсін, бұл шара – екі  жыл өткеннен кейін  халықтың осы қойларды 

мемлекетке  қайтарып  беруін  шарт  етіп  қойып,  Қазақстанда  қой 

шаруашылығының  базасын  қалпына  келтіру  мақсатында  жүргізілуге 

тиіс;  б)  қайтарып  беру  жөніндегі  нақ  әлгіндей  шартпен  1933  жылдың 

көктеміне  қарай  Қазақстандағы  совхоз  жүйесінен  200  мың  қой  беру 



     

 

 



210 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

керек  (өндірістік  мақсаттар  үшін);  в)  қазақ  халқынан (өз еркі бойынша) 

қаржы  жинап,  мемлекеттік  органдар  арқылы  ССРО-ның  басқа 

аудандарынан  немесе  көрші  шығыс  елдерінен  қой  және  басқа  да  мал 

сатып  алып,  оны  қазақтарға  жеткізіп  беру  керек  (мұнда  нақты 

мүмкіндіктер 

көп); 

г) 


Қазақстанмен 

шектес 


өлкелер 

мен 


республикаларды    өздерінің  территорияларына  қоныс  аударып  барған 

қазақтарды  (ең  алдымен  балаларды)  қыстың  жақындап  қалғанына 

байланысты  баспаналарға  орналастырып,  жұмысқа  жарамдыларына 

жұмыс  тауып  беруге,  жергілікті  қорлардан  азық-түлік  жәрдемін 

көрсетуге  міндеттеу  керек»  [5,44-45  бб.]  -  деп  өз  халқына  тез  арада 

көмек 


көрсетуді 

міндеттеді. 

Осы 

хатында 


қазақтарды 

отырықшыландыру  туралы  мәселеге  тоқталып,  өз  ұсыныстарын  да 

білдірді  Орталық  Комитеттің  жүргізіп  отырған  көшпелі және жартылай 

көшпелі қазақ халқын  отырықшыландыру саясатының жергілікті жерде 

іске аспай отырғандығын айтып, ондағы қателіктерді баса көрсетті. Осы 

хатта  «отырықшылыққа көшкен 200 мыңға жуық қожалықтың жәй-күйі 

мына 

төмендегіше 



сипатталады 

(РСФСР 


Егіншілік 

халық 


комиссариатының  арнаулы  бригадасы  зерттеп  анықтаған  деректер 

бойынша)  шынында  да,  егістік  көлемі  айтарлықтай  өсіп  отыр,  бірақ 

өнімділігі  өте  төмен  және  жердің  құнарсыздығы  мен  ылғалдың 

жетіспеушілігі  салдарынан  кейбір  жерлерде  егін  шаруашылығының 

тиімсіздігі байқалуда. ... Тұрғын үйлер мен мал қораларының басталған 

құрылыстарының  көбі  аяқталмаған,  біразы  құлап  жатыр.  ... 

Отырықшылыққа көшуге  бөлінген толып жатқан  мекен-жайлар жауын-

шашынның  аздығы  мен  суландыру  мүмкіншілігінің  жеткіліксіздігі 

себепті  егін  шаруашылығы  үшін  тиімсіз,  соған  қарамастан  мұндай 

жерлерде  мал  шаруашылығын  екінші  орынға  ығыстырып,  дәнді-

дақылдар өсіруге тырысуда. 1932 жылы отырықшылыққа көшірілетін 19 

мың  шаруашылық  қызылша  егумен  және  60  мың  шаруашылық 

мақташылықпен  шұғылдануға  тиіс.  Осының  бәрі  негізінен  алғанда 

тікелей  мал  шаруашылығымен  айналысатын  аудандарда    мал 

шаруашылығының  мүдделерін  елемеушілікті  көрсетеді»[5,  46-47  бб.]. 

Мал  шаруашылығы  екінші  бесжылдық  жоспарына  да  жан-жақты 

тоқталып,  оны  да  сынға  алады.  Онда  БК  (б)  П  Қазақстан  Өлкелік 

комитетінің  екінші  бесжылдық  туралы  1932  жылғы  28-шілдедегі 

шешімдерінде  мал  шаруашылығы  жөніндегі  міндеттер  туралы  мүлде  аз 

айтылғандығын  айта  келе, қазақ халқы үшін келеңсіз жағдайдың дұрыс 

жолын  көрсетеді.  «Өлкелік  комитеттің  екінші  бесжылдық  туралы  1932 

жылғы  сәуір  айындағы  шешімінде  өсімтал  шошқа,  үй  қояны  мен  құс  

жөнінде де дәл осы жайт атап көрсетілген: ал қазақ Өлкелік комитетінің 

үй  қояны  шаруашылығы  туралы  1932  жылғы  15-  мамырдағы  арнаулы 

қаулысында  тура  былай  деп  ұсынылады:  «Өлкелік  комитет  қазақ 

ауылында  үй  қояны  шаруашылығын  кеңінен  енгізу  қажеттігін  ерекше 



     

 

 



211 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

атап  көрсетеді»  дұрыс,  бұл  жұмысты  өрістету  керек,  алайда,  қазақтар 

әзірге  шошқа  шаруашылығымен  айналыспай  отырғаны  үй  қояндары 

дегеннің не  екенін білмейтінін, сондықтан оларды отырықшы жерлерде 

өсіру керектігін және құсты да отырықшы жерлерде өсіруге болатынын 

ескеру  керек.  Ал  басқа  түліктер  жөніндегі  орасан  зор  мүмкіндіктер 

ауызға  да  алынбайды.  Мысалы,  шошқадан  соңғы  (егер  үй  қоянын 

айтпасақ)  ең  өсімтал  түлік - қой туралы айту керек еді, ол 1 жыл ішінде 

толық  салмағына  жететін,  еті  майлы  және  жүні  мол,  далалы  жерде 

өсіруге  бейім  сондықтан  еліміздің  ет  пен  жүнге  зәру  болып 

отырғандығына  байланысты  осы  түлікке  баса  назар  аудару керек және 

басқа  да  негізгі  түліктер  жөніндегі  міндеттерді  де  осылайша  белгілеу 

керек  еді»  [5,  51-52 бб.] - деп қазақ халқы үшін тиімді шаруашылықтың 

түрін  дамытуды  ұсынады.  Бірақ  өкінішке  орай  Тұрар  Рысқұловтың 

жоғарыда айтылған құнды пікірлері Орталық Комитеттің назарынан тыс 

қалды.  Кейінгі  бесжылдықтарда  жетпіс  жыл  өмір  сүрген  Кеңес 

үкіметінің  тұсында  да  қой  шаруашылығына  қарағанда  шошқа  мен  құс 

шаруашылығына  баса  назар  аударылып,  осы  шаруашылық  кең  түрде 

дамытылды.  Сөйтіп  қазақ  ауылдары  қойдың  орнына  шошқа  мен  құс 

өсірді.  Тұрар  Рысқұлов  1933  жылы  11-наурызда  БК  (б)  П  Қазақстан 

Өлкелік  Комитетіне  -  Л.Мирзоян  жолдасқа  хат жолдайды. Ол хатында 

Л.  Мирзоянды  Қазақстанда  болып  жатқан  жағдайлармен  таныстыра 

келе,  хатты  жазудағы  мақсатым  «Бұл  мәселеге  басшы  жолдастардың 

назарын  жете  аударып,  Қазақстанға  көмектесу.  Сіз  мені  Қазақстанның 

ішкі  істеріне қол сұққысы келді деп ойлап қалмаңыз, мен қойып отырған 

мәселе  тек  Қазақстан  тұрғысынан  ған  емес  сонымен  бірге  жалпы 

мемлекет  тұрғысынан  да  айрықша  маңызды  болғандықтан,  бұл мәселе 

жөнінде  БК  (б)  П  Орталық  Комитетіне  жазып  отырмын,  сіз  осы 

мақұлдау  хатпен  танысып,  онда  айтылған  ой-пікірлерді  ескереді  деп 

үміт  етемін»  -  деп,  1933  жылы  9  -  наурызда      БК  (б)  П  Орталық 

Комитетіне  –  Сталин  жолдасқа    көшірмесі  БК  (б)  П  Орталық 

Комитетінің  ауыл  шаруашылық  бөліміне  –  Каганович  жолдасқа, ССРО 

Халық  Комиссарлар  Советіне  Молотов  жолдасқа  хат  жолдайды.  Бұл 

хатта  Қазақстандағы  болып  жатқан ашаршылық апатын өз атымен атап 

қазақтардың  1931  жылдың  аяқ  кезінен  бастап  өз  қонысын  тастап,  бір 

ауданнан  -  екінші  ауданға  және  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  босып 

кеткен,  көктемге  қарай  бұл  босу,  ауа  көшу    күшейе  түскендігін  айтып 

1932  жылдың  жазында  қонысынан  ауғандардың  бір  бөлігі  яғни  шет 

жаққа босып кеткендер туған елге қайта  оралып, өршіп тұрған аштықты 

көрген  адамдар  осы  қонысынан  қайта  ауа  көшуге,  ел  ішіндегі    сеңдей 

соқтығысып жүрген босқындардың жағдайы туралы хабарлайды. Хатта:  

«Аштық  пен  індеттің  салдарынан  бірқатар    қазақ  аудандарында  және 

қонысынан  ауғандар  арасында  адамдардың  қырылып  жатқаны  сонша, 

бұл  мәселе  орталық  органдардың  шұғыл  араласуын  қажет  етіп  отыр. 



     

 

 



212 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

Қазақстанда  қазақ  халқының  белгілі  бір  бөлігі  душар  болған  мұндай 

мүшкіл жағдай өзге өлкелердің не өзге республикалардың ешқйсысында 

жоқ.    Қонысынан  ауғандар  көршілес  өлкелерге  және  Ташкент,  Сібір, 

Златоуст темір жолдары бойына өздерімен бірге індет апарып таратуда.  

Совет жолымен белгіленген ішінара шаралармен мәселе шешілетін емес. 

Орталық  Комитеттің  қаулысы  бойынша,  дер  кезінде  бөлінген  азық-

түліктің  едәуір  бөлігі тиісті жеріне жетпеген. Бұл мәселенің маңызы зор 

болғандықтан,  Сіздің  осы  хатпен  танысып,  аталмыш  жайға 

араласуыңызды,  түбіне  аштық  жеткелі  тұрған  көптеген  адамдардың 

өмірін сақтап қалуға көмектесуіңізді өтінемін» - деп [5, 56 б.]. Сталиннің 

өзінен  аштыққа  араша  түсуін  өтінеді.  Осы  хатта    қонысынан  ауған 

қазақтардың  саны  және  олардың  жағдайы  туралы  құнды  деректер 

келтіреді.  Онда  «Қонысын  тастап  Қазақстанмен  көршілес  өлкелерге 

көшкен қазақтардың мекен-жайларынан келіп түскен, шамамен алынған 

соңғы деректерге қарағанда, қазір Орта Еділде - 40 мың, Қырғызстанда - 

100  мың,  Батыс  Сібірде  –  50  мың,  Қарақалпақстанда  -  20  мың,  Орта 

Азияда  -30  мың  қазақ  бар.  Қонысынан  ауғандар  Қалмақ  жеріне, 

Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа осы сияқты шалғай жерлерге 

де  көшіп  кетті.  Біраз  бөлігі  Батыс  Қытайға  ауа  көшті.    Қазақтардың  

бұлайша  орталық  аймақтарға    қарай  ауа  көшуі  Қазақстанда  бұрын  – 

соңды байқалмаған құбылыс. Бұл – қазақтардың жай көші-қоңы (әдетте 

жаз  айларында  қолындағы  бар  малын  жайлауға  шығарып,  өріс 

ұзартқаны  сияқты)  емес, көп ретте аш адамдардың талажау іздеп, басы 

ауған жаққа кетуі. Кейбір аудандарда қонысынан ауғандардың саны сол 

аудандарда  тұратын  барлық  қалықтың  40–50  процентіне  дейін  жетеді» 

[5,57 б.] - деп қазақтар арасында 1932 жылдан бастап белең алған аштық 

пен  індет    осы  қонысынан  ауудың  және  қазақ  қожалықтарының 

шаңырағы шайқалуының ең кесапатты зардаптары, жаз айларында біраз 

саябырсыған  аштық  пен  індет  қазір  қайтадан  сұрапыл  өршіп 

отырғандығын  1933  жылдың  көктемінде  қазақ  аудандарында  және 

қонысынан  ауғандар  арасында  яғни  босқындар   арасында ашаршылық 

пен  індет  салдарынан  адам  өлімі  өте  көп  болғандығын  айтады.  Көрші 

елдерге  Батыс  Сібір,  Қырғыз    жеріндегі    мыңдаған  қазақтың  сеңдей 

соғылысып  жүргенін,  олардың  арасында  жұқпалы  ауруларға 

шалдыққандардың  көптігін  және  өлім-жітімнің  аз  еместігін,  олардың 

арасында  күн  сайын    15-20  адам  (көбі  балалар)  өліп  жатқанын 

хабарлайды.  Қонысынан  ауғандардың  хал-жағдайы  Қазақстанның  өз 

ішінде  де  мәз  емес.  Көптеген  қалалар  (Әулиеата,  Шымкент,  Семей, 

Қызылорда және т.б.) мен теміржол станцияларында өлген қазақтардың 

мәйітін  күн сайын қала сыртына алып кетіп жатқандығы, Шу ауданында, 

аудан  орталығы  Ново  –  Тройцк  селосында  күн  сайын 10-12 қазақ өліп 

отырған, Сарысу ауданындағы 7 мың қожалықтан тек 500-дей қожалық 

қалған, өзгелері Әулиеатаға және басқа аудандарға көшіп кеткен. Алапат 



     

 

 



213 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

аштық  алқымнан  алғанда,  қазақ  халқы  «Қызылтабан  шұбырындыға» 

түсті. Олардың көбі көмусіз, ит құсқа жем болып, төбе-төбенің арасында 

қырылып жатты. Шарасы қалмаған «әйелдер балаларын суға лақтырды. 

Осы  хатта  «Қазақтардың  жаппай  қырылып  жатқанына  аудандық 

ұйымдардың  енжар  қарап,  араласпай  отырғаны»  ашып  айтылған  [5,59 

б.].  Қазақ халқының саны жағынан әр жерде әр қалай қырғынға ұшырап 

жатқандығы жөніндегі деректерді мұрағат құжаттары да дәлелдейді. Бұл 

аштықтың  ең  ауыр  қасіреті  –  өмірге  ұрпақ  әкелетін  аналармен,  жас 

жеткіншек  балалардың    көп  қырылуы.  Осы  хатта  «Қоныстарынан 

ауғандардың  көпшілігі  балаларын  тағдырдың  тәлкегіне  тастап  кетуде. 

Өзге  өлкелерге    қоныс  аударғандардың  өздері  бірге  балаларын  ала 

келгендері  некен-саяқ.  Қазақстанның    қалалары  мен  теміржол 

станцияларында  қаңғып  қалған  панасыз  балалар  қаптап  жүр.  Қазақ 

әйелдері  балаларын  мекемелер  мен  үйлердің  алдында  тастап  кетуде. 

Қазақ органдары 1932 жылдың  аяғында панасыз қалған тағы да 50  мың 

қазақ  баласының  ешқайда  орналастырылмағанын  ресми  түрде 

хабарлады.  Қазақстандағы  балалар  үйіне  панасыз  қалған  жетімдер 

сыймай  жатыр  және  олардың  арасында  өлім  көп...  Бала  атаулыға  

мүлдем  құрып  кету  қаупі  төніп  тұр»  [5,61  б.]  –  деп  хабарлайды.  Міне, 

Кеңес үкіметінің солақай саясатының кесірінен Қазақстанда социалистік 

қоғам орнатамыз деп, қазақ  халқы аштыққа ұшыратып, қазақ даласында 

бұрын-соңды болмаған «балалар үйі» дәл осы кезде пайда болды.   Қазақ 

халқының  аштан  қырылып,  қонысын  тастап  ауа  көшуінің    басты 

себептерінің  бірі  –  қазақтың  күн  көріп отырған тіршіліктің мәні болған, 

қазақтың қолындағы бар байлығы-малын тартып алу еді. Осы хатта  мал 

басының  кеміп  кетуі  туралы  нақты  деректер  келтіреді:  «1932  жылғы 

ақпан  айында  жүргізілген  (екінші  рет  қайта  тексерілген)  Бүкілодақтық 

мал  санағының  мәліметтеріне  қарағанда  Қазақстанда  1928-1929 

жылдардағы  40  млн  бас  малдан  санақ  кезінде  5397  мың  бас    мал 

қалғаны, 

яғни 


мал 

басының 


85,5 

процент  кеміп  кеткені 

анықталды»[5,66б.].  Т.Рысқұлов Қазақстандағы жағдайды  ССРО-дағы 

жағдаймен  салыстыра  отырып  талдайды.  Соның  ішінде  1931  жылғы  

ақпаннан  -  1932  жылғы  ақпанға  дейінгі  аралықта  мал  басы  55  процент 

кеміген, ал бұл жылы ССРО-да жалпы мал басының кемуі 16,7 процент 

болған.  Қазақстанда  санақ  қарсаңына  дейін  жалпы  мал  басының  80 

проценті  қоғамдастырылса,  ал  ССРО-да  бұл  уақыт  ішінде  не  бары  33 

проценті  ғана  қоғамдастырылған.  Жоғарыда  айтылған,  5397  мың  бас 

малдың  37,6  проценті  савхоздардың  үлесіне  тиген. Ал ССРО бойынша 

совхоздардағы  мал  саны  барлық  малдың  9  проценті  ғана  екен,  қалған 

малдың 1559,9 мыңы, яғни 28 проценті қазақтардың меншігінде болған, 

ал  1928  жылы  Қазақстандағы  малдың  80  проценті  қазақтардың 

меншігінде  еді.  Тұрар  Рысқұлов  өз  хатында  алапат  аштық 

жылдарындағы асыра сілтеушіліктермен көз бояушылықтарға тоқталып, 


     

 

 



214 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

жергілікті  жерлерде  партияның  колхоз  құрылысы  жөніндегі  бірқатар 

нұсқаулары өрескел бұзылып сорақы асыра сілтеушіліктерге жол берілуі 

негізінен  мал  басының  кеміп  кетуіне  және  қазақтардың  қоныстарын  

тастап  ауа  босуына,  ашаршылыққа  әкеліп  соқтырғандығын  айтады. 

Асыра  сілтеушіліктерге  себеп  болған  негізгі  жайттарға  да  тоқталады: 

«Коллективтендіру  мен  малды  қоғамдастыруда  жоғары  процент 

қуушылық    жерді  бірлесіп  өңдеу  серіктіктерін  жойып,  мал 

шаруашылығымен  шұғылданатын  аудандарда  барлық  жерде  бірдей 

артельдер,  тіпті  коммуналар  ұйымдастыруға,  шамадан  тыс  алып 

колхоздар  ұйымдастыруға  әуестенушілік»  [5,69б.]  -  деп  көрсетеді. 

Осынау  ел  басына  күн  туған  ауыр  күндерде  қазақ  халқының  жоғын 

жоқтап, сөзін сөйлейтін ел азаматтары ауадай аса қажет болды. Осындай 

ел  қамын  ойлаған  азамат  –  Тұрар  Рысқұлов  еді  [7].  Бірақ,  Кеңестік 

тоталитарлық  жүйе  ұлт  басындағы  халық  мүддесі  үшін  күрескен 

ұлыларды  «жіктердің  көсемдері»  етіп,  соның  негізінде  түрлі 

«шылдықтарды»  ойлап  шығарды.  Солардың  бірі  –  Рысқұловшылдық. 

«Рысқұловшылдық»  деген  терминді  1920  жылы,  құрамында 

Ф.Голощекиннің  өзі  де  болған  Түріккомиссия  енгізді.  Барлық  билікті 

уысында  ұстаған  орталық  Ресейдің  Түркістан  республикасындағы 

шовинистік  отарлау  саясатынан  өз  ұлтын  қорғап  қалуға  ұмтылысы 

«рысқұловшылдық», «жергілікті ұлтшылдық» болып айыпталды [8]. 

Халқының қамын ойлап, Орталық Комитетке қызмет еткен Тұрар 

Рысқұлов    «пантүрікшіл»,  «халық  жауы»  деген  айыппен  1937  жылы 

тұтқынға  алынып,  1938  жылдың  10-ақпанында  атылды  [9].  Сталиндік 

репрессияның құрбаны болған - Тұрар Рысқұловтың  жамбасы тиген жер 

анықталып,  режиссер  Ерік  Рақышев  Москва  түбіндегі  НКВД-ның 

Коммунарка  нысанынан  табылды  деген  мәлімет  келтіріледі.  Кезінде 

атынан ат үркетін НКВД-ны билеп төстеген Генрих Ягоданың саяжайы 

болған  екен.  1936  жылы  Ягода  ұсталып,  атылып  кеткен  соң,  қызыл 

жендетті  өзінің  саяжайына  жерлейді.  Содан  бері  бұл    мекен  репрессия 

құрбандарын көметін зиратқа айналған. Әрбір ағашының түбінде бір-бір 

мәйіт  жатқан  Коммунарканың  құпия    аты  –  Лоза.  1999  жылға  дейін 

жабық  нысан  болып  келді.  Кейіннен  бұл  аймаққа  шіркеу  салынып, 

барлық  мәлімет  өлгендерді  іздейтін  мемориал  қорына берілді [10]. Енді 

міне,  бабамызды  атқан  жерді,  сүйегі  жатқан  жерді  білетін  болдық. 

Белсенді  азаматтар  білек  сыбана  кіріссе,  Рысқұловтың  да  мәйіті 

Атамекен  -  қасиетті  топырағына  оралар  күн  алыс  емес  шығар  деген 

ойдамыз. Қорыта айтқанда, Тұрар Рысқұлов ұлт жанашыры болды, оның 

бүкіл  саналы  өмірі  ұлт  мүддесі  жолындағы  жалынды  күреспен  өтті. 

Оның  ой-пікірі  мен  қажыр-қайраты  ешқашанда  халыққа  қарсы 

бағытталған  жоқ, ол туған халқының арман-тілегімен, мұң-мұқтажымен 

өмір сүріп, күрес жүргізді. Ал оның қасіретті жылдарда жазған хаттары 

бүгінгі Қазақстан тарихын зерттеуде нағыз дерек көзі болары сөзсіз. 



     

 

 



215 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

 ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

http://www.constitution.kz/kaz/bolim1/ 



2.

 

Омарбеков Т. Тарихпен өрілген тағдыр. – Астана:  2007 – 460 б. 



3.

 

Махат Д.А. Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуған-



сүргін тарихы. – Астана:   2006. – 208 б.  

4.

 



Қоңыратбаев  О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық – саяси және 

мемлекеттік  қызметі. Түркістан кезеңі. – Алматы:  1994. – 448  б. 

5.

 

Қазақ  қалай  аштыққа  ұшырады:  (Қасіретті  жылдар  хаттары), 



Құрастырған  С.Әбдірайымов,  И.Н.Бухонова,  Е.М.  Грибанова,  Н.Р. 

Жағыпарова, В.П. Осипов. – Алматы   1991 – 208 б. 

6.

 

Алтаудың хаты. // Қазақ тарихы. 1995. –  №3 – 49-51бб. 



7.

 

Қойгелдиев М, Омарбеков Т. Тарих тағылым не дейді? – 



Алматы:  1993. – 208 б. 

8.

 



Махат Д.А.Қазақ зиялыларының қасіреті. – Алматы: 2001. – 304  

б. 


9.

 

http://alashainasy.kz/culture/28464/   



10.

 

http://alashainasy.kz/culture/33833/



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет