ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Қуатты әскери-саяси ұйымдармен қатынастар.
Варшава шарты ұйымы тарағаннан 
кейін қазіргі әлемде НАТО-ның рӛлі жаңаша кӛріне бастағаны белгілі. Қазақстанның осы 
әскери ұйыммен жақындасуына ілік пайда болды. НАТО-ның Еуропа және ТМД елдеріне 
жәрдемдесуге, аймақтық қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндіктері бар. Осыны ескере 
отырып, Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларына ден қоюда. 
Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азияда АСЕАН (Оңтүстік–Шығыс Азия елдерінің 
ассоциациясы) мемлекеттерімен және Моңғолстанмен қатынастары да жолға қойылып 
келеді. 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болдырмау. 
Қазақстанның жалпы адамзаттық қауымдастыққа тӛте енуіндегі үлкен қадамдардың бірі 1992 
жылы Финляндияның астанасы Хельсинкиде жасалды. Шілденің 8-күні мәтіні Финляндия 
үкіметіне сақтауға тапсырылған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жӛніндегі 
кеңестің қорытынды актіне бұрынғы Кеңес Одағы мен Югославия Федерациясынан 
тәуелсіздік алып шыққан бір топ мемлекеттердің басшыларымен бірге Қазақстанның 
Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойды.
 
Жер шарында бейбітшілікке қол жеткізу мұраттарын 
жүзеге асыруда үлкен рӛл атқарып келген осы бір маңызды құжатқа қол қойып, оған бейіл 
танытумен Қазақстан дүние жүзі халықтарының алдында салауатты саясат жүргізетін 
мемлекет екендігін кӛрсетті. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
51 
1992 жылғы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында тұңғыш рет Қазақстан 
Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаев Азиядағы ӛзара ic-қимыл және сенім шаралары 
жӛніндегі кеңесті (АӚСШК) шақыру туралы идеяны ұсынды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 
1993 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде Азия елдері сыртқы істер министрлері 
сарапшыларының кездесулері ӛткізілді. АӚСШК-нің базалық құжаттарының, жобаларын - 
«АӚСШК pәсімінің ережелерін», «АӚСШК принциптерінің декларациясын», «АӚСШК 
кұрылымдары мен институттарын» әзірлеу үшін Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) кұрылды, 
АӚСШК-нің сыртқы саяси ведомстволары басшылары орынбасарларының екі кеңесі 
ӛткізілді.
1999 жылғы 14 қыркүйекте АӚСШК-ке мүше мемлекеттердің сыртқы icтep 
министрлерінің Алматы қаласында ӛткен 1-кездесуі және оның барысында АӚСШК-ге мүше 
мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принцип Декларациясына қол қойылды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Азиядағы кауіпсіздік пен 
ынтымақтастықтың кӛп жақты тетігін құру жӛніндегі бастамасын ұсынған сәттен бастап, 
Қазақстан дипломатиясының аса ipi жетістігіне айналды. Сонымен қатар, Алматы қаласында 
АӚСШК-ке мүше мемлекеттердің сыртқы icтep министрлерінің 2004 жылғы қазанда 2-ші, 
2008 жылғы 25 тамызда 3-ші кездесулері ӛтті. Нәтижесінде, АӚСШК-ге мүше-
мемлекеттердің әлемдегі және ӛңірдегі қауіпсіздіктің тиімді меселелері бойынша бepiк 
ниеттес кӛрегендігі және ұстанымы керсетіліп, «АӚСШК-нің сенім шараларын icкe 
асырудағы процесі» Декларациясын қабылдады. 
2002 жылғы 3-5 маусымда Алматы қаласында АӚСШК-нің тұңғыш саммиті ӛткізілді, 
оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан,Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және 
Ауғанстан президенттері, Әзірбайжан мен Үндістанның премьер-министрлері, Иранның, 
Египеттің, Палестина мен Израильдің уәкілетті ресми тұлғалары, АҚШ, Индонезия, 
Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина жене Корея Республикасы бақылаушы-
мемлекеттерінің ӛкілдері, сондай-ақ EҚЫҰ, БҰҰ және АМЛ-ның (Араб мемлекеттері 
лигасы) бақылаушы-ұйымдарының басшылығы қатысты. Саммит барысында Алматы 
актісіне, лаңкестікті жою және ӛркениеттер арасындағы пікіp алысуға жәрдемдесу туралы 
Декларацияға қол қойылды. 
Алматы саммитінің бірегейлігі мынада: оған сол кезде араларында жанжалдар 
шиеленісті күйге жеткен елдердің басшылары қатысты, олар: Үндістан мен Пәкістан, 
Палестина мен Израиль. Сӛйтіп, АӚСШК сол кездің ӛзінің міндет-мақсатын, яғни 
проблемалар мен жанжалдарды реттеудің ымыралы жолдарын іздестіру мақсатындағы пікір 
алысу үшін ашық форум болу міндетін қуаттай алды. Ал, 2006 жылғы 17 маусымдағы 
саммит барысында Хатшылық туралы келісімге Алматы немесе Астана қалаларында штаб-
пәтері бар қол қою Азиядағы ӛзара ic-қимыл және сенім шаралары жӛніндегі кеңесті 
институттық тұрғыда нығайтуға қосылған елеулі үлес болды. 
Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, УВКБ сияқты 
ұйымдардың қызметіне белсене қатысады. Сонымен бірге халықаралық беделді ұйымдармен 
– Халықаралық валюта қоры, Қазақстан Халықаралық қайта құру және ӛркендеу банкіне, 
Еуропалық қайта құру және ӛркендеу банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне, Еуропадағы 
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және т.б. қатынас жасайды.
Әлемдік деңгейдегі оқиғалардың бірі 2003 ж. ақпанда Алматыда ӛткен бірінші 
Бейбітшілік және келісім жӛніндегі халықаралық конференция болды. Ол Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен шақырылды. Ӛркениеттер 
мен халықтар арасындағы әлемдік диалогтың алға басуы туралы оның бастамасының 
шынайы іске асуының кӛрінісі еді. Онда Елбасы тӛрағалық етуге сайланды. Бұл форумның 
жұмысына Қырғызстан мен Тәжікстанның президенттері, Түркия, Әзірбайжан, 
Ауғанстанның жоғары лауазымды ӛкілдері, дипломаттар, діни ұйым басшылары, кӛрнекті 
саяси қайраткерлер қатысты. Конференцияға және Н.Ә.Назарбаевтың атына АҚШ 
президентінің, Түркия, Украина, Израиль премьер-министрлерінің, АҚШ-тың бірқатар 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
52 
сенаторларының атынан жолдаулар келіп түсті. Н.Ә.Назарбаев ӛзінің сӛзінде 
конференцияның мақсаты «кӛптеген мемлекеттердің ӛкілдері, дін, мәдениет және 
ӛркениеттер арасында ашық диалог қалыптастырып, осындай қиын-қыстау кезеңде әлемді 
әлдеқайда қауіпсіздендіру» екендігін атап кӛрсетті. Конференция қорытындысында 
«Бейбітшілік пен тұрақтылық жӛнінде» Біріккен декларация қабылданды [6].
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер 
министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымының 2010 жылғы тӛрағасы 
болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға бұл мүмкіндікті берген 56 мемлекеттің шешімі – 
еліміздің қол жеткізген елеулі табысы. Қазақстан, Прибалтиканы қоса алғанда, ТМД-нің 
ішінде әлемнің демократиялық дамыған елдері негізін қалаған осынау беделді халықаралық 
ұйымды басқару құрметіне ие болған бірінші ел. Бұл оқиға Қазақстан Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз, экономикалық жағынан қуатты және демократиялық мемлекет 
орнату жӛніндегі аса кӛрнекті жетістіктерін, біздің еліміздің тек ӛңірде ғана емес, сонымен 
бірге бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін әлемдік қауымдастықтың 
әділ танып білуінің нәтижесі еді. Қолданыстағы ережелерге орай ЕҚЫҰ-ның Тӛрағасы 
Мемлекеттік хатшы – Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болды. 2010 
жылғы 14 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Венада 
ӛткен отырысына қатысушыларға Үндеу жолдады. Ӛзінің бейне үндеуінде мемлекет 
басшысы ЕҚЫҰ қызметіне негізгі кӛзқарастарды баяндады, Қазақстанның Ұйым тӛрағасы 
қызметіндегі мұрат-мақсаты мен басым бағыттарын жариялады. Н.Ә.Назарбаев 
Қазақстанның тӛрағалығы сенім, дәстүр, ашықтық және тӛзімділік сияқты принциптерге 
негізделетінін атап кӛрсетті. 
2010 жылы 1-2 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада 
ӛткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті саяси мүмкіндіктің 
ауқымды оқиғасына айналды. Астана Саммиті ұйым тарихындағы жетінші саммит болып 
табылады. Тәуелсіздігіміздің туын әлем аспанында желбіреткенімізге 19-ақ жыл болғанымен, 
Еуропа мен Азияның, Солтүстік Американың 56 мемлекеті мүше Еуропадағы қауіпсіздік 
және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ ТМД 
мемлекеттерінің ішінен бірінші болып Қазақстанда, Астанада ӛтті. Әлемдегі ең беделді 
ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада ӛтуі арқылы Қазақстан мемлекетінің, Қазақ 
елінің тәуелсіздігі тӛрткүл дүниеге түгел танылып қана қоймай, оның дүрбелеңге толы 
дүниежүзілік саясат сахнасының тӛрінен берік орын алғаны дәлелдеді. «Астанадағы ЕҚЫҰ 
саммиті Ұйымның ӛзі үшін де, сонымен қатар Қазақстан үшін де сӛзсіз маңызды оқиға 
болды. Астаналық кездесуде бірқатар қатысушылар арасындағы ӛткір пікірталас аясында 
Қазақстан ӛз тӛрағалығын жоғары позитивті нотада аяқтап, алға қойған мақсатын тиімді 
орындай алды. «Еліміздің еңсе кӛтеріп, әлемдегі беделді ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ-ға 
табысты тӛрағалық жасағанының жалғасындай болып ӛткен саммиттің үлкен нәтижесі 
Астана Декларациясының қабылдануы болды. Астана декларациясының ӛзегi – ЕҚЫҰ 
мүшелерi түгелдей осы ұйым жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру жолындағы жұмыстарды 
жалғастыруға уағдаласты. Сонымен, басты жеңіс – Декларацияның қабылдануы. Бұл – 
Қазақстан дипломатиясының жеңісі болып табылатыны даусыз [7]. 
Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі бұдан кейін де ӛсіп, 2011 жылы Ислам 
Ынтымақтастық Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) тӛрағалық 
ету мәртебесіне ие болды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Ӛйткені, Ислам Ынтымақтастық 
Ұйымы ислам әлемінің басты үкіметаралық органы ретінде әлемдік қоғамдастықта ерекше 
орын алып отыр. ИКҰ бүгінгі күні Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка 
континенттерінен 1,5 миллиардтан астам тұрғыны бар 57 мемлекетті біріктіре отырып, БҰҰ-
дан кейінгі ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Бұл ұйым 1969 жылы құрылған 
уақытынан бастап барлық мүше мемлекеттердің саяси мәселелерімен қатар, әлеуметтік-
экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени сипаттағы түрлі мәселелерді шешумен 
айналысып келеді [8].


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
53 
Қорыта келгенде,
 
тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің кӛптеген елдерімен әрі тарихи 
тағдырлас елдермен ынтымақтастық жағдайында ӛмір сүруге баса кӛңіл бӛліп, олармен тең 
дәрежеде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Қазақстан 
Орталық Азияның кӛшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық 
лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін 
мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 
толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты 
және нақты іс жүзіне асырылып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет