ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Түйін сөздер
:
Қазақстан, әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, 
Шанхай бестігі, АҚШ, ТМД елдері, ынтымақтастық, сауда айналымы.
 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық құқық субъектісі 
ретінде дүние жүзілік қатынастар аренасына шықты.
 
Қазақстан егемендіктің алғашқы 
жылдарынан-ақ, халықаралық саяси жүйеде ӛзінің бағыт-бағдарын анықтау мәселесін қойды. 
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н.Ә.Назарбаев 
1992 ж. мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының 
стратегиясы» атты еңбегінде атап кӛрсетті [1]. Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы 
ТМД мемлекеттерімен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-
пен дипломатиялық қатынасты ӛркендетіп, мәдени-экономикалық байланысты күшейту 
арқылы ӛркениетті елдердің қатарына ену. Сонымен қатар, Қазақстанның қауіпсіздігін 
сақтау болып табылады. Осы мақсаттар негізінде 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен 
халықаралық қатынастар саласында кӛптеген шаралар іске асырылды. 
Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – кӛпвекторлық жол, яғни, кӛп бағыттылық. Ол 
Еуразия жер бӛлігінің орталығында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайына 
байланысты ӛмірдің ӛзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Этностық құрамның күрделілігі 
және ашық тұрпатты нарық қатынастарына ұмтылысы Қазақстанға сыртқы саясатта 
бейбітшілікті жақтау бағытын ұстану қажеттігін алға тартты. Бұл бағытты Қазақстан 
мемлекеттік тәуелсіздік алған бетте-ақ дүние жүзіне жария етті. Шет елдердің тәуелсіз 
Қазақстанды тану үрдісі ауқымды және біршама жылдам жүрді. Тәуелсіздіктің алғашқы 
жылы ішінде елімізді 108 мемлекет танып, оның 70-нің дипломаттық ӛкілдіктері ел 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
48 
астанасында жұмысқа кірісті. Бүгінде Қазақстанды дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті 
танып, 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Елде 68 елшіліктер мен 
халықаралық ұйымдардың ӛкілдіктері тіркелген. Ал, Қазақстанның дипломатиялық 
ӛкілдіктері әлемнің 100-ден астам елінде ашылған. Сондай-ақ, Қазақстан кӛптеген 
халықаралық ұйымдарға мүше. Ортақ мұраттар тӛңірегінде берік байланыс бар. 
Қазақстан Еуропаны Азия - Тынық мұхит ӛңірімен байланыстыратын сыртқы саяси 
және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Осы факторды тиімді пайдалану үшін
Ресей және Қытай мемлекеттерімен ынтымақтаса отырып, келер ғасырлардың босағасын
бірлікте аттаудың маңызы зор.
 
1992 жылдың 25 мамырында Мәскеуде Ресеймен достық, 
ынтымақтастық және ӛзара кӛмек туралы шартқа қол қойылды. Бұлардың ішінде Қазақстан 
мен Ресейдің қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы ереже маңызды болып 
саналады.
 
Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) қатынастарында да қомақты 
халықаралық құқықтық негіз қаланды. Қазақ-Қытай қатынастарында ең жоғарғы деңгейдегі 
саяси байланыстарға жол ашылды. Қазақстанның аса ірі екі кӛрші елмен қатынастарында 
ӛзара байланыстардың алғашқы кезеңіндегі келісімдер мен шарттар халықаралық құқықтың 
қатаң шеңберінде жүріп жатуының маңызы ӛте зор [2]. 
Қазақстан ежелден тарихи тағдырлас, этностық туыс елдермен – Әзірбайжанмен, 
Қырғызстанмен, Түрікменстанмен сан салалы, қоян-қолтық байланыстар жасап келеді. Бұл 
елдердің Қазақстанмен шекаралас әрі КСРО тұсында тығыз байланыста болғаны, 
шаруашылығының бір-біріне тәуелділігі бұдан былайғы уақыттарда да қалыптасқан дәстүрлі 
қатынастарды жалғастыра беруді міндеттейді. 
1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында 
Қазақстан Республикасы ӛзінің мәні жӛнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 
қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды. Осылайша, Нью-Йорктегі БҰҰ-ның 
зәулім ғимаратының алдындағы алаңда дүние жүзі мемлекеттерімен бірге Қазақстанның да 
аспан түстес кӛк туы желбіреп тұратын болды. 
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы күзде ӛткен 47-сессиясы Қазақстан 
делегациясының БҰҰ-ның толық мүшесі ретінде қатысқан бірінші форумы еді. Бұл сессияда 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты 
туралы келелі сӛз сӛйледі. Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тәжікстандағы қақтығыстарды 
реттеуге айтарлықтай үлес қосты. Дүние жүзілік қауымдастық бұны қанағаттанарлықпен 
қабылдады. Президент Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сӛйлеген 
сӛзі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің 
кӛрінісі іспетті болды. Азияда қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы, 
соның ішінде Азияда бірлесіп қимылдау және сенім шаралары жӛнінде кеңес шақыру 
ұсыныстары салауатты қадам ретінде бағаланды. БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Бутрос 
Ғали Қазақстан президентінің Азиялық форум ұсынысын қолдайтынын білдірді. Осылайша, 
БҰҰ қатарындағы ӛзінің мүшелігі кезінде Қазақстан мемлекеттердің халықаралық 
қоғамдастығына ойдағыдай ықпалдасып қана қойған жоқ, сонымен бірге онда ӛзінің 
лайықты орнын да ала білді [3]. 
БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы 
ресми сапары Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 
маңызды белесіне айналды, ол Қазақстан мен БҰҰ арасындағы онжылдық 
ынтымақтастықтың нәтижелерін баянды етті, сондай-ақ ӛзара іс-қимыл үшін жаңа келешекті 
белгіледі. 
Тәуелсіздік алып, одақтың құрамынан шыққан мезеттегі Қазақстанның сыртқы 
саясаттағы ұстанатын тұрғысына дүние жүзі елеңдей кӛңіл бӛлді. Оның себебі Қазақстан 
аумағында біршама ядролық қарудың болуында еді. Ядролық мемлекет ретіндегі 
Қазақстанның тәртібіне деген ыждағаттылық осыдан туған болатын. Бұл тұрғыда Республика 
басшылығы дүние жүзі елдерінің қобалжуын ұзаққа создырмады. 1991 жылы желтоқсанның 
21-інде Алматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
49 
жүргізілу келісілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жӛніндегі және су астында ядролық 
қаруды сынауға тыйым салу туралы (1963 ж.) шарттарға, табиғи ортаны, әскери немесе ӛзге 
ықпал ету құралдарын дұшпандық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияға 
(1976 ж.) ден қоятындығын білдірді. 
Шанхай бестігі. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы сыртқы саясатына 
«Шанхай бестігі» аталған басқосулар айтарлықтай орын алды. 1996 жылы 26 сәуірде 
Қытайдың Шанхай қаласында шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекет – Қазақстан 
Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы мен 
Тәжікстан Республикасы басшыларының алғашқы кездесуі ӛтті. Осы форумға қатынасқан 
мемлекеттердің басшылары кейін Мәскеуде (1997 ж.), Алматыда (1998 ж.) және Бішкекте 
(1999 ж) кездесті. 
Осы бес елдің жалпы аумағы жер шарының Еуразия бӛлігінің бестен үш бӛлігін, 
тұрғындарының үлесі дүние жүзі халықтарының тӛрттен бірін құрайды. Сондықтан бұл 
«бестіктің» ынтымақтастығы мен ӛңірлік саясат жүргізудегі бағыттарының осы елдер үшін 
ғана емес, сонымен қатар жер жүзі халықтарының тағдыры үшін де маңызы зор. «Шанхай 
бестігінің» осы кезге дейін ӛткен тӛрт кездесуінде Қазақстан делегациясы айтарлықтай 
белсенділік кӛрсетті. 1996 жылы Шанхайда ӛткен алғашқы басқосуда ортақ шекараларға 
байланысты әскери саладағы сенім мәселелері талқыланды. Мәскеуде ӛткен кездесуде 
шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жӛніндегі құжатқа қол қойылды. Ал, 
1998 жылы Алматы саммитінде «бестік» елдерінің ӛзара қатынастарындағы басым бағыттар 
айқындалып, осы елдер арасындағы сауда – экономикалық қатынастарды теңдік және ӛзара 
тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының 
Президенті А.Ақаевтың, Қытай Халық Республикасының Тӛрағасы Цзян Цземиннің, Ресей 
Федерациясының Президенті Б.Ельциннің, Тәжікстан Республикасының Президенті 
Э.Рахмоновтың қатысуымен 1999 жылғы 24-25 тамызда Бішкекте ӛткен басқосуда осыдан 
бұрын Шанхайда, Мәскеуде және Алматыда қол жеткен келісімдердің орындалу барысы 
жӛнінде пікір алмасылды, ӛңірдегі қауіпсіздік пен қарым-қатынас мәселелері талқыланды 
және «Бішкек декларациясы» деген маңызды құжат қабылданды. 
Осы кездесудің алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытай 
Халық Респуликасының Тӛрағасы Цзян Цземинмен әңгімелесті. Мемлекет басшылары екі ел 
арасындағы қатынас оңды бағытта дамып келе жатқандығын атап ӛтті. Қазақстан ТМД 
елдері арасында тауар айналысы бойынша Қытай үшін екінші әріптес болып отырғаны 
айтылды.
Соңғы кезде ұзаққа созылған келіссӛздер нәтижесінде екі ел арасындағы шекаралық 
мәселелер екі жақ үшін де әділ шешімін тапты: Шағын-Оба асуы мен Сарышелді ӛзені 
аудандарындағы даулы болып келген жерлер жӛнінде Қазақстан мен Қытай арасында 
келісімге қол жетті. Жалпы кӛлемі 1000 шаршы шақырым болатын осы даулы жердің, 57%-ы 
Қазақстанға, 43%-ы Қытайға жатады деп шешілді. 
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттері екі мемлекет 
арасындағы мәселелердің ӛз деңгейінде толық шешілгендігін мәлімдеді. Екі ел арасында 
мәңгілік достық пен қатынастар жӛніндегі Декларация қабылдау, мұнай шығару, ӛңдеу және 
тасымалдау, Байқоңыр ғарыш алаңын пайдалану туралы келісімдерге қол жетті. Қазақстан 
Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин 2005 ж. 18 қаңтарда Қазақстан – 
Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға 
болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі 
халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап ӛткендей, «қадым замандардан 
қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр». Әлемдегі 
жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара 
сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың 
сенімді кепілі ретінде бағаланды [4]. 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
50 
Қазақстанның жекелеген мемлекеттермен және кейбір ӛңірлердегі елдер тобымен 
арақатынасына тоқталар болсақ,
 
Ашық теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан үшін 
Каспий және оңтүстік арқылы Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығу мәселелері маңызды. 
Қазақстанның әсіресе Түркиямен қатынастары жақсы дамыды. Республика аумағында 
жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Қысқа мерзімде Түркияның 
белсенді қатысуымен Алматыда «Анкара» қонақ үйі салынды. Қазақстанның түрлі 
деңгейдегі делегациялары Түркияда ӛткен конференцияларға қатынасса, түрік ғалымдары 
Қазақстанда болған ғылыми форумдарда белсенділік кӛрсетті. Жүздеген қазақ жастары 
Стамбул мен Анкараның университеттерінде оқыды. 
Сонымен қатар, Қазақстанның дамыған Батыс державаларымен қатынастары да басты 
назарға алынған.
 
КСРО-ның ыдырауына байланысты дүние жүзіндегі күштердің 
орналасуындағы екі полюстік сипат кӛмескіленіп, кӛп полюсті сипат белең ала бастады. 
Осыған орай дүние жүзіндегі ең қуатты держава – Америка Құрама Штаттарымен 
қатынастарға тиісті мән берілуде. Қазір Вашингтонның халықаралық даму үрдісіне орасан 
зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен ара-қатынасы ӛзара мүдделерінің тең құқықтығы 
мен теңдігіне негізделуде. 
Қазақстан үшін республика экономикасын айтарлықтай инвестиция беріп отырған 
Америка Құрама Штаттарымен іскерлік қатынастар орнатудың маңызы зор. АҚШ 
Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. «Болашақ» 
бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу 
орындарында білімдерін жетілдіруде. 
Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде Англиямен қатынасы 
егемендік жарияланбай тұрған кезде басталған болатын. Содан бергі уақыт ішінде бұл елмен 
байланыс қанағаттанарлық деңгейде дамып келеді. 1992 жылдың күзінде президент 
Н.Ә.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі 
мемлекет арасындағы қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдеме жарияланды. 
Сол жолы Қазақстанның Елбасын Елисей сарайында Франция президенті Ф.Миттеран қарсы 
алды. Бұл елмен достық, ынтымақтастық және ӛзара түсіністік туралы шарт жасалынды. 
Н.Ә.Назарбаев жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды. 
Келіссӛздер Қазақстанның сыртқы саясаты қызметінің еуропалық бағытта жаңа серпін 
алуына септігін тигізді. Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен ӛзара 
тиімді қатынастар орнатты [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет