Түйін сөздер
:
әйел
,
Алаш, Мәшһүр Жүсіп, Алаш қайраткерлері, ана, Жүсіпбек
Аймауытұлы.
Әйгілі грек ойшылы Платон: «Әйел – тамұқтың қақпасы», – десе, Рим құқығының
даңқты шешені Цицерон: «Әйелдер еркектерге қарсы жаратылған», – деп пайымдады. Ал
Батыстың озық ойлы зиялысы Фома Аквинский: «Әйел қаулап ӛсетін арамшӛп тәрізді. Ол
жарымжан адам.» – деп, нәзік жандыларды толыққанды адам қатарына жатқызбауға
шақырды. Әйел хақындағы осындай тұрлаусыз түсініктің нәтижесінде Орта ғасырларда
Еуропада мыңдаған әйелдер шіркеу сотына тартылып, аяусыз жазаланды. Ал біздің тӛл
тарихымызда әйелдің орны қалай бағаланды? Атақты араб саяхатшысы ибн Батута: «Бұл
ӛңірде (Орта Азия) мені таңқалдырған жайт – мұндағы халық әйелдерді ерекше құрметтейді
екен» (Прошлое Казахстане в источниках и материалах. Москва. Казак. Краев. изд. Москва.
1935. 297 бет) деп жазды. Иә, Аллаға шүкір, марқұм ұстазым Сәкен Ӛзбекұлы айтпақшы,
«Қазақ тарихында бетті басып, қатты сасып, тұра қашып, ұялатындай дәнеңе жоқ». Расында
да, Алаш баласы әйел затына ерекше құрметпен қараған. Нәзік жандыларға арнап қаншама
қимас сӛз, жыр-дастандар шығарған. Қаншама тарихи жер-су атауларды әйел затының
атымен атаған. Тіпті, кӛкке кӛтеріліп, әйел жаратылысын космогониямен де байланыстыра
білген. Яғни, әйел жайлы пайымдаулар қазақ дүниетанымының ажырамас бӛлігіне айналған
десек, асыра айтқандық емес (Қараңыз: Мұхан Исахан. Қазақтың әлімсақтан бергі әйел
жайлы түсінігі. Қазақстан-ZAMAN. 2011. № 9). Әйел теңсіздігі бізде де болған десе де, ХХ
ғасырдың басында ӛмір сүрген Алаш зиялыларының әйел турасындағы кӛзқарастары ӛзгеше
пайымдауды қажет етеді. Ӛйткені, олар ӛмір сүрген тарихи кезеңде адам бостандығы,
құқықтық теңдік мәселелері ғаламдық деңгейде қоғам талқысына түсіп жатты. ХІХ ғасырда
Қазақ жеріне ғылыми экспедиция жасаған орыс зерттеушілерінің кӛбісі қазақ әйелдерін
қалың малға сатылатын, әйелдің үстіне әйел болып баратын, тұрмыс тауқыметін тартқан
салпы етек сорлы сипатта бейнеледі. А.Левшин, Н.Гродеков, Н.Израцов, И.Андреев,
И.Ибрагимов, Ф. Лазаревский, Л.Баллюзек, А.Диваев т.б. зерттеушілердің жазбаларында осы
тақылеттес пікірлерді кездестіре аламыз. Тіпті, халқымыздың алғашқы ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар да қазақ даласында әйел құқығы аяққа
тапталатынын ашынып тұрып жазды. Айталық, Ш.Уәлиханов атастыру салтына қарсы:
«…Қазақтардың тұрпайы әдет-ғұрпы, ӛздерінің қыздарын күйеуге тым жас кезінде, кӛбінесе
олардың келісімінсіз беретіндігінен болса керек. Қазақтар кейде ӛздерінің балаларын бесікте
жатқан кезінен атастырып қояды... жеке басының ықтиярынсыз некеге түспеуіне... қатаң
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
14
бақылау қоюын тапсыру қажет» (Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы. 1984. 201 бет) деп
жазса, Хакім Абай:
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.
Ортасында бұлардың махаббат жоқ,
Тұсап қойып қашырар бұқа мекен.
Бай қартайса, малына берер шылбыр,
Мал ӛмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр.
Біреудің қызын алып малға сатып,
Баяғыны іздеген қандай құрғыр.
(Абай Құнанбаев. Шығармалар. І том, Алматы, Жазушы. 1968. 237-238 бб) деп - XX
ғасырдың басында Қазақстанда мәдени - ағартушылық идеялардың ӛркен жайып, зиялы
қауымның қалыптаса бастаған кезі болатын. Осы тұста қазақтың санасын оятатын
туындылар да дүниеге келді. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр-Жүсіп,
Әлихан Бӛкейхановтың қыл қаламынан шыққан мұралар халық мүддесімен үндесіп жатты.
Алдыңғы буын ағаларға ілесе шығып, құлагердей алға ұмтылған зиялы қауым ӛкілдерінің
бірі Мұхаммед Әмен болатын. Ол жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында
асқар шыңға айналды. Оның шығармалары жас толқынға ұран болды. Мұхаммед Әменнің
тез ӛсіп жетілуіне қоршаған орта мен Мәшһүр-Жүсіптің арнасы себепкер болды. Әменнің
қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби тақырыптағы шығармалары ӛз алдына бір тӛбе,
ал оның ғұмырнамасы жеке зерттеу арнасы болмақ. Оның қай ӛлеңін алмасаңыз да
гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеялары баршылық. Ұлт болашағы
мен дәуір бейнесі жӛнiнде Ахмет Байтұрсынұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Абай
Құнанбайұлының мұраларының шоқтығы биiк. Дегенмен де бұл салада қалам тартқан әрбір
жан Мәшһүр Жүсіп, Жүсіпбек Аймауытов және Мұхаммед Әмен тағылымдарына соқпай
кете алмайтыны шындық. Себебі, олар тек қана ӛз дәуірінің дара тұлғалары ғана емес,
сонымен бірге қоғам қайраткерлері. Большевиктік идеология тұсында толқынға қарсы
тұрып, тарихи оқиғалардың куәгері болып қана қоймай үн қоса білді. Аласапыран дүниеде
кӛптің бірі болмай, кӛштің алдында жүрді. Мәшһүр Жүсіп, Жүсіпбек Аймауытов және
Мұхаммед Әмен шығармашылықтарының тоғысқан жері әйел теңдігі мен қыз бала тәрбиесі.
Әсіресе қызды қалың малға жас кезінен айттыру әдетінің зияны тӛңірегіндегі ойлары бірін-
бірі құптағандай. Әр бір ұлттың ӛсіп-ӛнуі ұлттық сана мен тектілікке байланысты. Ол үшін
әр қайсымыз ұл-қыздарымызды аялай білген абзал. Қазақ қызының тәрбиесі мен әйел теңдігі
Алаш зиялыларының еңбектерінен орын тапқаны ақиқат. Алаш зиялыларының әйел
мәселесіне мезгіл-мезгіл оралып, басылым беттерінде ӛзекті мақалалары мен ӛлеңдері
шыққан соң, Совет ӛкіметі тарапынан қолдау тауып, әйел теңдігі беріліп, олардың
құқықтары қорғалған болатын. Әйел бостандығына қарсы болған, ескілікті аңсаушыларды
Мұхаммед Әмен сынай отыра:
Жастықтың, уыз іште, оты-жалын,
Ұшқын бар лапылдаған тіпті қалың.
Болмаса Хақтан жәрдем таупық суы,
Қандай жан сӛндіргендей оның бәрін?!
Сонда да жаза кесіп, ықтияр қыл,
Әр істе түзулікті ал-аққа дәлел (дабыл).
«Бұл дәурен кетпес менен!»-деп тұрмысың,
Билігі сенде ме еді ай мен жыл?! [1] -деп, ерте ме кеш пе сәулелі күннің боларына сенетінін
жеткізуге тырысқан. Әйел теңдігі туралы қазақ зиялылары қоғамда пікірталас тудырып,
қазақ халқының намысын оятуға тырысты. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал»
романына баға бере отырып Әлихан Бӛкейханов: «Мұнда қазақтың қай жерінде болса да,
малға қызығып я партияға қызығып, қыздарын жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа
ақша шашып, жақынымен араздасу, қызын сүймегеніне жылатып ұстап беру, ....» [2] деп,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
15
қоғамға және адамзатқа жат қылықтарды сынға алады. Әрине бұл «Алашым-данам, үш-
жүзім - панам» деп жүрегі соққан жандардың ортақ пікірі болса керек. «Айтылмаса-сӛз
жетім» демекші Мұхаммед Әмен де:
Қалды бидай сабаны,
Жақсысы кетіп, жаманы.
Шоң мен Шорман заманы
Не нәрседен кем еді?!
Бармай-ақ қой әріге,
Қарашы бергі кәріге!
Пейілге бай бәрі де
Дастарханға кең еді.
Партия қуған заманның
Қу, сұм болған наданның
Бұл сӛзім қай адамның
Кӛкірегіне енеді?! [3], - деп, қараңғылық пен надандықтың торынан шыға
алмай жүрген жандарды сынай отыра, сақтануға шақырады. Мәшһүр Жүсіп халықтың
қараңғылықтан шыға алмай жүргенін, шала сауатты молдалардың мал таппақ әрекетінен
және ескілікті аңсаған байлардың сараңдығынан екенін түсінгендіктен, «Жаман әйел
туралы» [4], «Жақсы әйел» [4, 188 б.], «Әйелдер туралы» [4, 191 б.], «Ұқыпты әйел» [5],
«Момынның әйеліне шығарғаны» [5, 230-238 беттер], деген сын үлгісінде жазылған
ӛлеңдерін қыз мәселесіне арнаған. Ал, Мұхаммед Әменнің «Қыз тағдыры» [6] деп аталатын
ӛлеңінде, қазақ қызының жүрегімен қаламаған жанға тұрмысқа шыққанын және аянышты
халі мен оның ішкі күйзелісін, мәнсіз ӛмірін қынжыла отырып, ашып кӛрсетуге тырысады.
«Теңі емес бір пасыққа берсе егер, Кӛңілін кӛтере алмай зар болғандай», деп әйел теңсіздігін
жырға қосады. Әлеуметтік теңсіздік пен жастардың бақытқа жетуіне кесе кӛлденең тұрған
ескі әдет-ғұрып екенін ерте түсінген ақын, қыздың болмысы мен еркіндігі туралы, қоғамдағы
құбылыстар мен қарапайым қазақ ауылының тыныс тіршілігі жайында жазды. Қыз баланы
күшпен тұрмысқа беру салтын құптамаған Мәшһүр Жүсіп «Дала Уалаяты» газетінің
1890 жылғы кезекті санында: «һәм әбден ер жеткен соң, ӛзінен ризалық сұрап, ықтияр
қылған жеріне берсе керек. Ер бала болсын, қыз бала болсын, ӛзді-ӛзі ықтиярласып қосылған
соң, бұлардан жан-жал, ұрыс, талас анда-санда болмаса шықпайды және бір-біріне
махаббатты болып, бұлардан туған бала һәм жақсы туады» [7], деп білімсіздік пен
теңсіздіктің ектек алуына жол бермей, күресу керек екенін жазады. Қазақ қыздарының қалың
малға сатылуы, күшпен сүймеген адамға ұзатылуы, «әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп
кемітуге жол бермеуді мақсат тұтқан ақын, ӛлеңдерінде махаббаттың құдіреті мен адалдық
пен ғашықтықты жырлап, ескіліктің шырмауын бұзатын жол іздейді. Мұхаммед Әмен
«Талапты оқыған жастарға» деген ӛлеңінде: «Кетті қазақ адасып, Дінге жүрмес жанасып,
Қарындасқа қарасып, Қол қайырым ию жоқ» [7, 44-бет.], деп замана бейнесін сомдай отыра:
Ешкімге сеніп тұрма ағайын деп,
Шаянша қылқынып тұр шағайын деп,
Әкеңменен туысқан алаштан жат
Нағашың тұр қазықтай қағайын деп [8],-адамдардың жауыздығын,
қатыгездігін, әділдіктен безінгендігін анық та ашық суреттеп, қазақ қыздарына тек білімнен
ғана пана іздеуін ескертеді. Әйел мәселесі тӛңірегінде Әлихан Бӛкейханның да қалам
тартқаны мәлім. Оның 1899 жылы «Туркестанские Ведомости» газетінде «Женщина по
киргизской былине «Қобыланды» атты ғылыми еңбегі, 1902 жылы «Бесправность киргизких
молодух» мақаласы және 1925 жылы «Қызды малға сату», 1923 жылы «Батыр Бекет» атты
шығармалары жарыққа шықты [9].
Спандияр Кӛбеев «Қалың мал», Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу», Міржақып
Дулатов «Бақытсыз Жамал» романдарында ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ
қызының тағдыры баяндалып, әйелдің теңдігі мен адамшылығын қорлайтын ескі әдет-
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
16
ғұрыпқа қарсы батыл күрес жүргізген жастардың ерлігі мен қайсарлығы және сүйгені үшін
күрескен екі жастың қайғылы тағдырлары баяндалған. Жүсіпбек Аймауытовтың
«Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесінде қазақ әйелінің теңдік
жолындағы күресі, халықтың азаттығы мен әлеуметтік жағдайларын шынайы бейнелеп, елін
білімге шақырады. Бұған оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектері куә.
Бейімбет Майлин «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» деген
ӛлеңдерінде қазақ ауылындағы ескі салттардың етек алуы мен бойжеткеннің аянышты
тағдыр суреттеледі. Мұхаммед Әменнің де: «Мен арсыз: жүрек сезбей, жұрт та сенбей,
Алдым-жар, артым - тұман, қалдым сасып» [10] деген ӛлең жолдарынан заман кейпі, кескіні
есіп тұрған тәрізді. Мәшһүр Жүсіп әйелдің бейнесі тӛңірегіндегі ӛнегелі ой-толғамдарын
«Ұқыпты әйел» [5, 212-215 беттер] ӛлеңінде ӛрнектеп кеткен. «Бидайдың барар жері
диірмен» демекші қияға ұшып, жарын тапқан келіннің ұқыптылығын бейнелейді. «Түзеп бақ
үй жайыңды күні бұрын», деп үй шаруашылығына үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін
ескертеді. «Екінші тәтті (тәтлі) болсын ішер асың, Ұмтылып, шауып тұрсын ықыласың» деп
аспаздық ӛнердің болуын, «Суымен (шуымен) қандыр мейман тойыңдағы», деп
қонақжайлылығын, «Байын сыйлап жетеді ол мұратқа», деп мәдениеттілігін, сүйгеніне деген
қошеметін, «Жаяды жайнамазын құбылаға» деп, имандылығы мен әдептілігіне бас иіп, қысқа
да нұсқа айшықтап, жеткізуге тырысқан. Отбасының негізгі ұйтқысы болғандықтан
бойжеткеннің жан - жақты шеберлігін сипаттай отыра «он саусағы майысқан, бармағынан
ӛнер тамған шебер» болуы шарт екенін ескертеді. Ел арасында сақталған жыр дастандарда,
қазақ қызының жан-дүниесі нәзік, инабатты екені жиі баяндалады. Ғасырлар бойы ел
аузындағы аңыз әңгімелерге, батырлар жырына, ән-жырға арқау болған қайсарлық пен
даналықтың иесі әйел заты екені айдай анық. Мәселен, кешегі ӛткен Тұран патшасы
Томирис, Шыңғыс ханның әйелі Бӛрте, Қабанбай батырдың жары Гауһар, Олжабай
батырдың анасы Есенбике, Абылай ханның қызы Айтолқын, Кенесарының қарындасы Бопай
тарихи тұлғалар емес пе? Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-
Кебек» дастандарындағы Мамыр мен Еңлік махаббаттың мәңгілік символы ғой. Ал, Домалақ
ана (Нұрила), Қалампыр ана, Қарашаш, Қарқабат, Абақ, Шашты, Ұлпан, Айша бибі, Құртқа,
Гүлбаршын, Айғаным, Бопай, Ұлпан, Зере сияқты аналарымыздың тағдыры мен ӛмірі,
болмыс бітімі, адамзатқа үлгі болмақ. Бұлардың әрқайсысы кӛрегенділікті, тапқырлықты,
адалдықты, махаббат пен сұлулықты үйлестіре білген ақыл-парасаттың иелері. Осыдан-ақ
қазақ қызының инабатты, ізетті, сыпайы, кӛркем мінезді болғанын кӛреміз.
Абай Құнанбаев:
Білектей арқасында ӛрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бӛрік, ақ тамақ, қара қасты, - деп қыздың әсемдігін, кӛріктілігін
сымбаттылығын ерекше жырға қосса, Сұлтанмахмұт Торайғыров арудың сұлулығын дене
бітімімен байланыстырып:
Жұмар бас, дӛңгелек бет, орта бойлы,
Толық шеке сипаттар терең ойды.
Тік иық, шын бұраң бел қардай еті,
Сұлу сымбат кӛркіне кӛңілім тойды, - деп сипаттайды. Ӛз кезегінде
Шәкәрім Құдайбердіұлының:
Гауһардай кӛзі,
Бұлбұлдай сӛзі,
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі майдай,
Ӛзгеден артық сол жері, - деп, қызды кӛркемдіктің, нәзіктіктің бейнесі
ретінде қабылдайтынын кӛреміз. Қазақ қызына байланысты айтылған: бота кӛзі мӛлдіреп,
аққудың кӛгілдіріндей, ақмаралдай керілген, қызыл жүз, иісі - гүл аңқыған, нұры - күн
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
17
шалқыған, ақша жүз, алқызыл бет сияқты толып жатқан тіркестер де сұлулық ұғымынан
туындаса керек. Ел арасында: «Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын, Кӛрінер туған Айдай-
жүзі жарқын», деген де ұлы сӛз бар. Қыздың сұлулығы мен сырт пішінін бейнелейтін
маржан сӛздер әр ақын жазушының шығармаларында, ғашықтық жырларында орын тапқан.
Кӛне кӛз қариялардың сӛзіне құлақ түрер болсақ, қыз сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты
келеді. Оймақ ауыз, күлім кӛзді, жайдары мінезді болған. Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
романында «Мінсіз аппақ тістері қолмен қойғандай. Екі бетіндегі нәзік жарастық қызылы,
асығып күткен қызыл арай таң сәрідей» десе, Сәбит Мұқанов «Мӛлдір махаббат» романында
«...шынында да үлде мен бүлдеге оранған, асыл тастармен, алтын бұйымдармен безенген,
талдырмаш сұңғақ бойлы, сұлу кескінді қыз!» деп тамсана отырып жазады. Бұдан ақылына
кӛркі сай, кӛздері нұрлы, денесі сымбатты, жүрісі ұнасымды қыз кімді болса да
тамсандыратынына кӛз жеткіземіз. «Қозы Кӛрпеш Баян сұлу» жырындағы «Ай мен күндей
екеуін толықсытып», «Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян» деген тармақтардағы сӛз маржаны
да соның айғағы болса керек. Қыздың ажарына қарай: әдемі қыз, кӛрікті қыз, шырайлы қыз,
әсем қыз, сұлу қыз, ажарлы қыз, ару қыз деп бӛлгені мәлім. Олардың сипаттамалары: ару
қыз-бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сӛзі сыпайы, ӛзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз
[11]. «Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді» демекші, жас ұрпақ
тәрбиесі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Содан болар қызды қырық үйден тыйған
аталарымыз қыз тәрбиесіне кӛп кӛңіл бӛлген. Қыз - ата-анасының, отбасының айнасы.
Қыз бала тәрбиесіне тек ана ғана жауапты емес. Бұл баршамыздың ісіміз. Дегенмен де
«Қыз ақылы-шешеден» демекші, қыздың анаға бір табан жақын екені ақиқат. Тәрбиенiң
негiзi «ананың әлдиiнен» басталады емес пе?! Ана қыз үшін тұлға, әрі жанашыр адамы.
Сонымен бірге мұңдасы. Ол анасына ғана ашылып сырын айта алады. Ол анасынан үлгі алып
қана қызға тән қасиеттерді бойына сіңіріп, ізеттілік пен ар-ұяттың және адамгершіліктің
мағынасын түсінеді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақ айтпай ма «алып (яғни батыр, балуан) анадан»
деп. Бұған қарағанда, ана жақсы болса, онан туған бала да жақсы болады. Ана бір жаман,
ғылымсыз, меңіреу болған соң онан туған бала не қылып оңсын?!», деп, ана сүтімен бойға
сіңген асыл қасиеттер, сәбидің кӛкірегінде жатталып, ұлттық рух болып сіңетінін ескертсе
керек. «Әкеге қарап ұл ӛсер, шешеге қарап қыз ӛсер» демекші, кӛргенді отбасылары қыз
баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп ӛсірген. Бой жеткен ару қыздарын сырт кӛзден сақтап,
оларды биязылыққа, ибалылыққа тәрбиелеген. «Қазақ қыздың жолы жiңiшке» деп бекер
айтпаған. Себебі, отбасы мен босағаның беріктігі қыз абыройына байланысты екені мәлім.
«Қыз қылығымен жағады» демекші ақындар қыздың сұлулығына емес ақылдылығы мен
даналығын жырға қосқан. Абай Құнанбаев: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар; Ата-ананың
қызынан қапы қалма» деп орынды айтса керек. Қыз абыройы туралы жазу үшін қоршаған
ортасына кӛз жүгірткен абзал. Себебі, оның абыройлы болуы ақыл парасатының және
инабаттылығының жоғарылығында. Білімге құштарлығы мен бейімділігінде. Халық ӛсіп
келе жатқан қыздың алдына келешектегі ӛмірлік міндеттерін қойып, оларды орындап
отыруды да қыздың абыройы деп санаған. Бұларға ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені
сыйлау, дӛрекі сӛйлемеу, қабақ шытпай жүру, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау,
орынсыз сӛз айтпау, арқан, жіп есе білу, қой, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу т.б
секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды, икемділіктерді жатқызған. Қыз - нәзік те
қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, тӛзімді жан. Ол бойжетіп келін, дүниеге сәби әкеліп
ана кейін салиқалы әже болады. Осы арқылы ұрпақ ӛсіріп, ұлт қатарын кӛбейтеді. Бұл ұлы
заңдылық. Сондықтан әйел тіршіліктің мәні, жылулық пен мейірімділіктің, берекенің
бастауы болмақ. Әйелдің басты міндеті - отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін
барынша сыйлау, рухани қолдау кӛрсету болып табылады. «Қыз-қонақ» және «Қыз-елдің
кӛркі» демекші, келін болып түсу - үлкен қуаныш, зор мәртебе. Қандай ата-ана болса да
қызының қадір-қасиетімен құтты орнына қондырып, ӛрісінің кеңейгенін армандайды.
Мұхаммед Әменнің сӛзімен айтар болсақ: «Тең болып екі зайып қосылса егер, Арман не сол
уақытта, а, дариға-ай!» [6]. Ер жігіт сүйгенінің тектілігіне, сырбаздығына, ішкі мәдениетіне
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
18
назар аударары мәлім. Мәшһүр-Жүсіп: «Дүниенің: еркек - бір қанаты, ұрғашы - бір қанаты.
Екі қанатпен ұшқан құс қандай ұшқыр?! Мұсылман халқы ұрғашыны бүркеп, жасырып,
кісіліктен қалдырғандықтан, сыңар қанат құс сықылды, дәнемеге жарамай қалғандығы - сол.
Еуропа жұрттары әйел халқын еркекпен тең ұстады. Жынысы әйелге харрит, азаттық, ерік
берді. «Ұл, қыз - екеуі бір бас» - деп, ғылым-білімге, ӛнерге жарыстыра, бәсеке қылып қосып
еді. Әр турадан әйел халқы ілкім үздік шығып, байды да жақсы бақты. Солай болғаны үшін,
бүкіл періште есепті болды. Ғылым-білімді ұрғашыдан туған бала - туа әр нәрсені біліп, кісі
болуға жарайды» - дейді. «Махаббат мәңгілік жырмысың, Ӛзгеге айтылмас сырмысың» [6,
188 бет], - деп махаббаттың құдіретін жырға қосқан ақын жазушылар табиғи сұлулыққа бас
иген. Ғашықтық адалдыққа, мӛлдір махаббатты құрметтеуге, үй болудағы үйлесімділікке
жол ашары хақ. Мәшһүр-Жүсіп пен Мұхаммед Әмен қызды таңдағанда сұлулығынан гӛрі
ішкі жан дүниесі мен рухани байлығына назар аудару керек екенін баса айтады. Ал, Абай
Құнанбаев та «Жасаулы деп, малды деп байдан алма», деп дәулетімен даңқына қызықпауын
ескертеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қыз сүю» деген ӛлеңінде: «Қыз сондай сен іздеген
сұлу болса, Кӛргенде құмарланып кеудең толса, -деп ғашықтықтың құдіретін жырласа, Шал
ақын: «Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды, Ӛз бойынан басқаны ұнатпайды» деп әдептілігі
мен кішіпейділігін бейнелеп: «Жауыз қатын қабаған ит сияқты, Ер жігіттің түбіне жетпей
қоймас», деп жаман әйелдің жағымсыз бейнесін сомдайды. Бұл тақырыпта да қалам тартқан
Мәшһүр Жүсіп «Жақсы әйел» деген ӛлеңінде:
Жалғанның жарастығы жақсы ұрғашы,
Қиылып маңдайында кӛз бен қасы.
Бір талы нама харамға кӛрінбес пе,
Астында жаулығының тұрса шашы.
Сүмбіл шаш күнде жуып, талдап ӛрген.
Еріне шын махаббат кӛңіл берген,
Қолында Құдай берген ырзық мол боп,
Мейманның қошеметін тәуір кӛрген [6, 188 бет], - деп әйелдің ізеттілігі
мен ұқыптылығын, сұлулығын сипаттай келе, «әйелдің бәрі осындай болса» деп армандайды.
Енді бірде Мәшһүр Жүсіп:
Жұмағы бұл дүниенің жақсы қатын,
Шығарса ағайынға жақсы атын.
Гүл жүзді, шырын сӛзді, нәзік болса,
Түзетсе үй мүлкінің салтанатын [6, 186 бет], - деп әйелдің босағаның
беріктігі мен ӛмірдің мәні екенін баяндай келе, ерінің адал жары, аяулы ана, отбасы
беріктігін сақтаушы, шаруашылықтың барлық жақтарын игере алатын, қонақты лайықты
қарсы алып және әр кімді де сыйлай білетінін жеткізеді. Ақын «Жаман әйел туралы» деген
ӛлеңінде: «Дүниенің ол тозағы жаман қатын, Жаман қатын шығармас ердің атын» деп,
тәрбие кӛрмеген қыз баланың әйел болғандағы дӛрекілігі мен білімсіздігін сынайды.
Мәшһүр Жүсіп: «Жақсы әйел ерге несіп бола қалса, Кім қияр сол қатынның басқан ізін!», -
дей отыра «Ұқыпты әйел» деген ӛлеңінде:
Алған жарың осылай болса керек,
Ғылым, білім, ӛнерлі, болса зерек.
Ерлерін сондай қатын тәрбиелесе,
Жалғанның азы кӛбі неге керек! - деп, тұла бойы тұнған үлгілі әйелдің
бейнесін орынды сомдайды. Жаман әйелдің оның қисапсыз әрекетін бейнелеп берді. Әрине
бұл ата-анаға және ауылына үлкен сын болмақ. Сондықтан да кӛрегенді аналар қыздарын
тұлымды кезінен тәрбиелеген. Мәшһүр Жүсіптің пайымдауынша: «Қыз баланы һәм әбден ер
жеткен соң, ӛзінен ризалық сұрап, ықтияр қылған жеріне берсе керек». Сонда шынайы
сүйіспеншіліктің арқасында отбасы бақытты болып, саналы да тәрбиелі ұрпақ дүниеге
келмек. Ал, егер керісінше болса: «Еркегіне ұрғашы, - бір-біріне кӛңілсіз болып жүргенде
туған бала онша жақсы болмайды және ұрғашының түсіне қарау жарамайды, есі мен ісіне
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
19
қарау жарайды», деп қорытындылайды. Ия, Мәшһүр Жүсіп пен Жүсіпбек Аймауытұлының
және Мұхаммед Әменнің шығармалары - халқымыздың әлеуметтік-саяси ӛмірін
сипаттауымен және білімге уағыздауымен маңызды. Сондықтан да олардың әрқайсысы
кӛсем, ұстаз, тұңғыш, бірінші, айрықша деген теңеулерге лайық ұлт жанашырлары.
Достарыңызбен бөлісу: |