Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
129
Демек, Орталық Азияда әскери базалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті алғашқыда
жаңадан президент болған Бакиевтің «базаларды алып кету туралы» пікір айтуының
астарында не жатыр деген кӛзқарастар қалыптасты. Бұған «Шанхай ынтымақтастық ұйымы -
Қытайдың Орта Азияға дендей енуіне мүмкіндік жасайтын құрал» дегенді айтады. Демек,
осы ұйым арқылы Қытайдың аймаққа ықпал ету рӛлі арта түсетінін байқауға болады. Бұл
жӛнінде британ сарапшысы Филип Наубел: «ШЫҰ - жаңа құрылым. Мұнда Қытайдың рӛлі
басым. Кіндік Азияда Қытайдың саяси әрі экономикалық мүддесі бар. Қытай үшін кӛрші
елдердегі мол мұнай мен газ және ӛзге де ресурстар ауадай қажет. Сондықтан Цзинтао елінің
сыртқы саясатының ең бір негізгі тетігі, осы Кіндік Азия елдеріне қандай да бір жолдармен
әсер ету», – деген байлам жасаған [4]. Шанхай ұйымы қазір аймақтық қана емес, әлемді
ауқымды қамтып барады. Соңғы саммитте Шанхай ұйымына Монғолия, Үндістан, Пәкістан
мүше болып енді. Алдағы уақытта бұл ұйымға, сондай-ақ, Иран бақылаушы, сонан соң
толыққанды мүше болмақ деген болжам бар. Олай болған жағдайда, Шанхай ұйымының
антиамерикалық бағыт ұстанатыны тіпті айқындала түседі. Мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік
шарты ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Николай Бардюжаның пікірінше, «Шанхай ұйымы
әскери-саяси Одаққа айналмаса да, ол аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді бір
ұйым болып табылады деп ӛзінің пікірін айтқан болатын [5].
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына
қарсы күрес жүргізу бойынша ӛкілеттік берілген органдар басшылары кеңесінің есірткіге
қарсы сұранысты тӛмендету жӛніндегі сарапшылар тобының бас қосқан отырысы болды.
Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша
құзыретті органдары сарапшыларының жұмыс тобы мүшелері қатысты. Отырыс барысында
аса маңызды әрі кең ауқымды мәселелер қаралды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған
есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру бойынша тараптардың ұсыныстары талқыланды [6].
Ӛйткені, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ӛңірлік халықаралық ұйым болып табылады.
Сондықтан да аталған отырыста есірткіге қарсы сұранысты тӛмендету, есірткіні насихаттау
үшін қолданылатын мүмкіндіктерді шектеу айтылып, бұған қоса есірткіге қарсы күресте
үкіметтік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін пайдалану жӛнінде нақты
ұсыныстар жасалды. Кездесуге қатысушылар медициналық-әлеуметтік оңалтудың
толыққанды жүйесін қалыптастыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде халықтың нашақорлыққа
салыну деңгейін анықтау арқылы есірткіге тәуелділерді есепке алу жүйесін жетілдіру, ШЫҰ-
ға мүше мемлекеттерде нашақорлыққа әлеуметтік ауру мәртебесін беру жӛнінде нақты
ұсыныстар айтты. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің жаңа түрлерін
анықтау мәніне есірткі нарығына мониторинг жүргізу және нақты профилактикалық
шараларды қабылдау бойынша бірлескен іс-қимылдардың үйлестіру тетіктері талқыланды.
Сӛйтіп, бұдан әрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының
кеңесінде қаралатын болды. Отырыста қабылданған шешімдер ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттерде есірткіге қарсы сұранысты тӛмендетудің тиімді кешендік жүйесін
қалыптастыру мақсатында құзыретті органдардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы
жұмысын үйлестірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге және нашақорлықтың
алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыдағылардың барлығын қорыта келе, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының
мемлекеттермен қарым-қатынас жасау арқылы ӛздерінің кӛздеген мақсаттарына жету, бір-
біріне сенімділікпен қарау, түсіністік таныту, ӛзара бекітілген құжаттардың міндеттемелерін
сақтай отырып, мемлекет мүдделерін сақтау қажет. Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің
кӛптеген елдерімен әрі тарихы тағдырлас елдермен ынтымақтастық жағдайында ӛмір сүруге
баса кӛңіл бӛліп, Орталық Азияның кӛшбасшысына, халықаралық лаңкестікке, есірткінің
жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: