Эпидемиология. 41-50 41. Зооноздардың



бет5/10
Дата07.01.2022
өлшемі35,83 Kb.
#17646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
45. Қан жұқпалары тобының, Денге безгегінің (қоздырғыш, патогенез, инфекция көзі, берілу жолдары) эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз.

Безгек – Plasmodium тектес қарапайымдылар тудыратын, табиғи жағдайда Anopheles безгек масларының шағуы арқылы берілетін трансмиссиялық, паразиттік  жұқпалы ауру. Италиянша «малярия- сасық ауа» деген ұғымды білдіреді. 1717 жылы италияндық ғалым Менцизи безгекті батпақты жердің сасыған ауасымен тарайды деген жорамал айтқан, сондықтан бұл ауруды «малярия» деп атаған.Безгек ауруының 4 түрлі қоздырғыштары бар: P.vivax – үш күндік P.ovale- үш күндік типтес,  P. Falciparum – тропикалық, P. Malariae – төрт күндік безгектің қоздырғыштары.Ауру белгісі науқастың дене қызуының көтерілуімен, бауырының, көк бауырының ісінуімен, қанның қызыл түйіршіктерінің азайюымен сипатталады. Безгек ұстамасы тоңу, дене қызуының көтерілуі және терлеу кезеңдерімен ауысып отырады. Безгек ұстамасы тәуліктің алғашқы жартысында пайда болып, көптеген науқастың дене қызуы кешкі немесе түнгі уақытта түседі.  Үш күндік  безгекке кешкі және түнгі ұстамалар тән.  Аурудың инкубациялық кезеңі орташа 14 күн, кейде үш күндік безгек үшін ол 6-10 айға дейін созылуы мүмкін.Сондықтан демалыс уақытында безгек ауруы үшін қолайсыз аймаққа баратындар, безгек масаларынан қорғану шараларын алдын ала үйренген жөн. Олар безгек ауруымен ауыру қаупі бар екендігін және жеке бас профилактикасын сақтау жөнінде ескертпе қағаздармен қамтамасыз етілуі тиіс. Безгек ауруын алдын алу мақсатында эндемиялық аймаққа баратындарға спецификалық препарттармен химиопрофилактикалау жүргізу тағайындалады. Сонымен қатар, елге келген кезде жергілікті терапевт дәрігерлер оларды  диспансерлік бақылауға алу үшін медициналық ұйымдарға қаралуы тиіс, ал безгек ауруының симптомдары пайда болған кезде қажетті диагностикалық тексерулер мен спецификалық ем тағайындалуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет