Эпидемиология. 41-50 41. Зооноздардың


Берілу механизмі трансмиссивтік



бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі35,83 Kb.
#17646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
46 Берілу механизмі трансмиссивтік бөртпе сүзегінің (қоздырғыш, патогенез, инфекция көзі, берілу жолдары) эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз

Сүзек - тасымалдаушылары бит пен бүрге болып табылатын жұқпалы ауруы.   Пайда болу себептері Сүзек тасымалдаушы - жәндіктердің тістеу салдарынан жұғады. Эпидемиялық бөртпе сүзек аса танымал түрі, оның қоздырғышы – риккетсия (Rickettsia prowazekii) болып табылады, ал тасымалдаушыларына - бас биті мен киім биті жатады. Брилл-Цинсер ауруы - эпидемиялық сүзектің жеңіл түрі. Симптомдары Бөртпе сүзектің симптомдарына мыналар жатады: Асқазандағы ауыру сезімі Арқадағы ауыру сезімі Кеудеден тарайтын қызыл түсті нүктелі бөртпелер Өте жоғары дене температурасы (40 градус C), ол 2 апта бойы жалғасады Құрғақ жөтел Бас ауруы Буындар мен бұлшықтердегі ауырсыну Лоқсу Құсу Эпидемиялық бөртпе сүзек симптомдары: Қалтырау Жөтел Сандырақтау Жоғары температура (40 градус) Буындағы ауырсыну (артралгия) Жарықтан қорқу. Эпидемиялық бөртпе сүзекпен ауыратын науқастар ем қабылдаған кезде 10-60 пайыз жағдайда өлімге алып келеді. 60 жастан асқан науқастар өлім қаупі жоғары топқа жатады. Уақытылы ем қабылдаған науқастар, әдетте өте тез және толық жазылады. Бөртпе сүзекпен ауыратындардың 2 пайыздан азы өледі. Уақытылы антибиотикпен ем жүргізілсе барлық науқастар емделеді. Мүмкін болатын асқынулар: Бауыр жетіспеушілігі Пневмония (өкпенің қабынуы) Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет