«Эпителий тіні. Жабынды эпителий. Безді эпителий» тақырыбы бойынша Педиатрия мектебінің студенттеріне арналған сұрақтар



Дата17.03.2023
өлшемі18,25 Kb.
#75223
Байланысты:
1 тапсырма. эпителий. пед.


«Эпителий тіні. Жабынды эпителий. Безді эпителий» тақырыбы бойынша
Педиатрия мектебінің студенттеріне арналған
сұрақтар



  1. Сұрақтар: - 40 балл

  1. Эпителий тінінің эмбриональді шығу тегі;

  2. Жабынды эпителидің классификациясы;

  3. Бірқабатты эпителидің құрылыс ерекшелігі;

  4. Көпқатарлы кірпікшелі эпителий;

  5. Көпқабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий;

  6. Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий;

  7. Ауыспалы эпителий;

  8. Бездер классификациясының принциптері;

  9. Экзокринді бездер;

  10. Секреторлы циклі

  11. Секреция типтері

  12. Балалардағы жас ерекшелігі.



2. Ситуациялық есептер: - 10 балл
1.Тін дақылында бірінші құтыда – көп қабатты мүйізделетін эпителидің жылтыр қабатының жасушалары; екінші құтыда – көп қабатты мүйізделетін эпителидің базалды қабатының жасушалары өскен. Қай құтыда жасушалардың пролиферациясы байқалады? Пролиферация үрдісін қай жасушалар қамтамасыз етеді? Басқа құтыда пролиферация үрдісінің байқалмауының себебі неде?

2. Базальді мембранаға бекінген эпителиальді жасушалардың ядролары әртүрлі деңгейде орналасқаны белгілі, бірақ қабат түзетін жасушалардың бәрі де базальді мембранаға бекінеді. .Бұл эпителийдің қай түріне тән? Осы эпителий қандай жасушалардан құралады? .Бұл эпителий қай жерде кездеседі және оның қызметі қандай?


3.Препаратта 3-5 кабаттан ғана тұратын көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий берілген. Жасушалардың барлығының ядросы дөңгелек пішінді, базалды және жалпақ жасушалар қабаты нашар көрінеді. Көп қабатты мүйізделмейтін эпителидің мұндай құрылыс ерекшелігі қандай жас кезеңіне сәйкес келеді? Осы эпителидің ересек адамдағы құрылысы қандай? Бұл эпителий қайда кездеседі және оның қызметі қандай?


4.Ішек эпителиінен 2 препарат дайындалған. Бірінші препаратта жасушалардың апикалды полюстерінде цитоплазмадан цитолеммамен қапталған көптеген цилиндр тәрізді өсінділері шығады. Екінші препаратта мұндай құрылымдар аз және қысқа. және бұл құрылымдар қалай аталады? Қай препарат жаңа туылған нәрестелік кезеңге сәйкес келеді? Цитоплазманың өсінділері деп отырғанымыз не? Олардың қызметі қандай?


5.Эпидермистің екі препараты берілген. Бірінші препаратта базалды мембрана биік қырқашықтар түзеді, ал тін емізікшелері эпидермиске қарай терең еніп орналасады. Екінші препаратта базалды мембрана түзу, тін емізікшелері жазық көлбеу келеді. Қай препарат жаңа туылған нәрестелік кезеңге сәйкес келеді? Бұл эпителидің құрамына қандай жасушалар кіреді? Бұл эпителий қай жерде кездеседі және оның қызметі қандай?




6. Көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителидің екі препараты берілген. Бірінші препаратта жасушалар 5 қабат, ал екінші препаратта жасушалар 10 қабат түзіп орналасқан. Қай препарат жаңа туылған нәрестенікіне сәйкес келеді? Бұл эпителидің құрамына қандай жасушалар кіреді? Бұл эпителий қай жерде кездеседі және оның қызметі қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет