Камила. Мен ешқандай жаңалық ашпаймын.
Сұлтан. Құдайдың мұнысына да шүкір.
Камила. Иә, құдайдың мұнысына да шүкір, ашпаймын.
Сұлтан. Сондағы сен не істемексің? Жаңалық ашпайсың. Диссертация қорғамайсың. Демек азаптанбайсың. Сөйте тұра өз бақытым үшін күресе аламын дейді.. Сонда ол қандай бақыт, ол қандай күрес.
Камила. Ол өз дегеніміз Сұлтан, өз дегенімізше өмір сүру. Адам адам болып жаралғалы сол үшін күресіп келеді. Жоқ олар не үшін күресті, не үшін құрбан болды? Алдыңғы ұрпақ соңғы ұрпақтың бақыты үшін мәңгі күресіп келеді ғой. Солардың бейғам өмірі үшін, сеолардың бейбіт өмірі үшін. Керек десеңіздер тыныш ұйқысы үшін де ммм өздерін құрбан қылдығой иә. Ал біздер өз дегеніміз үшін өмір сүруге тиіспіз.
Светлан. Дұрыс. Біздер өз дегеніміз үшін өмір сүруге тиіспіз.
Сұлтан. Тролебус, тралебус.
Тролебус жүргізуші қыз.
Сұлтан. Тырнақтап жиғанды, етектеп төгіп алмаймыз ба?
Камила. Төкпейміз.
(Осы кезде бөлмеген Нәзила кіріп келеді)
Нәзила. Жалпы мен жалынды сөйлеген адамнан күдіктенем. Өйткені олар көбіректеп жалған айтады. Менің ше бақыт деген, ол сөз бен істің бірлігі. Демек жалған сөйлемеу. Біз дастарқан басында ғана ақылдымыз, дастарқан басында сұлу сөйлеудің әбден меңгергенбіз. Ал өмірде ше? Ал өмірде сол айтқанымыздың бірде-бірін орындай алмаймыз. Бұл меніңше бақыт емес. Сор.
Светлана. Бұл сіздің барғой өмірден түйген философияңыздан гөрі бізге деген күдігіңізге көбірек ұқсайды екен. Кама дұрыс айтады. Мәселе жаңалық ашуда емес. Мысалы барғой, менің атамның атасы он алтыншы жылы Ақтөбедегі ақтармен шайқаста қаза тауыпты. Баламның бақыты үшін депті. Ал менің атам Сталинград түбінде белгісіз төмпешікке айналыпты. Бүтін бір екі ұрпақ ғұмырын қиғанда, келмейтін ол не деген бақыт. Келіңдер дастар, бәріміздің бақытымыз үшін мына бокалдар шарапқа толсын.
(Осы кезде Қамажай тамақ әкеліп столға қояды). Темірбек. Ооооо мамуля келді, мамуля, мамуля. Мамуля келіңіз, алып қойыңыз.