«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар



бет2/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Әпке драмасы ориг

Тимур. Батыр қараңды сайрамай. Әзіліңді көтерер жайым жоқ. Бағана жұмыстан шаршап келгенімде біріңді де таппадым. Құдай сендерге тек тіл берген.
Қамажай. Темір-ау! Үйде болмасақ қыдырып жүрген жоқпыз ғой.
Тимур. Қыдырып жүрсіңдер. Паркте, жігітпен.Осы үйдің қамын ойлайтын жалғыз мен бе?!
Әкелері кіреді. Бәрі тұрған орын-орындарында қимылсыз қалады.
Тимур. Мммм... Наз, Қыдыр аралап жүр екен десем... Әкеміз екенсіңғой.
Әкелері үй ортасына келіп, бәріне үнсіз көз тастайды.
Тимур. Жылаған баланың үніне қарайламап едіңіз. Енді не іздеп жүрсіз? Құдайға шүкір, ер жеттік. Даусымызда шықты, дауласып та жатырмыз. Көзіңіз өтіп кетер, сұқтанбай тез кетіңіз. Кетіңіз, кетіңіз...
Қамажай. Тимур...
Ол жайлап басып шығып кетеді. Оның соңынан әпкесі жүгіреді.
Тимур. Әпке... Әпке...
Ермек оянып кетеді де, сыртқа жүгіреді.
Ермек. Әпкеее, әпкеее..
Қамажай. Ермекжан, әпке дегенің қалай? Мен сенің мамаңмын.
Ермек. Жоооқ! Сен әпкем екенсің. Менің мамам өліп қалған. Сен әпкем екенсің,әпкем екенсің...
Қамажай. Жо-жоқ, мен сенің мамаңмын! Әпке деме, мама де, мама де!


3– көрініс


(Нәзила мен Гауһар ішке кіріп келе жатады)
Нәзила.Әпкеша! Бүгін бар ғой ия, Гауһар екеуміз таң атқалы бері тамақ ішкен жоқпыз.
Қамажай.Үүүүүй жаныым менің! Немене ақшаларың болмай қалды ма?
Нәзила.Уақыт жоооқ. Так что әпкешка бүгін алдымызға не қойсаңда жей береміз.
Қамажай.Айна-а-а-а-алайын! Алтыным менің....
Нәзила.Әпкешка!
Қамажай. Иә жаным!
Нәзила. Бұрынғы ақшалы кездерім еске түсіп.... Магазин толған киімдер. Біз, біз Гауһар екеуміз қарыз ақша ала тұрмақ едік. Бірақ, кейін қайдан тауып беретін едік?
Қамажай. Неге,неге? Тауып береміз, тауып береміз! Теміржан ертең айлық алад.
Нәзила.Тимур... Мх.. Оның айлығы өзінен артылмайтын болды. Өткен жолы мен оны паркте бір қызбер көргем. Меніңше... финанс жағын сол кісі басқаратын сияқты. Мхм. Ал енді іске кіріселік.
(Осы кезде үйге Темірбек және гитара көтерген бір жігіт пен екі қыз сау етіп кіріп келеді. Бәрі көңілді.Қамажай тамақ қамын ойлап аңырап тұрып қалады, Нәзила алдынан шығып, қайтадан артқа қайтып Қамажайға)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет