Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:
9 - Машо:
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
10 - Алмас: Қыр қызы орындады берген антын,
Халқына адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.
Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жетпек.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысында біздің де жерлестеріміз қатысты. Олар: Мәлік Ғабдуллин, Баян Жангалов, Шестаков Александр Иванович және т. б Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі, КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Ғабдуллин Мәлік Ғабдоллаұлы 1915 жылы қарашаның 15 - жұлдызында Көкшетау облысы Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді.
Алтын бесік Отанын кеудесімен қорғаған, ата мұрасын жадына тоқып ерен қызмет жасаған М. Ғабдуллиннің өнегелі туған халқына кеңінен мәлім.
2 - жүргізуші: 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. М. Ғабдуллин майданда қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетіп, “Қызыл Жұлдыз”, “Қызыл Ту”, “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен, “Москваны қорғағаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Венаны алғаны үшін” медальдарымен марапатталды. Неміс - фашист басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін 1943 жылдың 30 қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен М. Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. «Алтын Жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені қатар берілді. М. Ғабдуллин 1973 жылдың 2 қаңтарында қайтыс болды. М. Ғабдуллин атына Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көшелердің аты берілді. Өзі тұрған және жұмыс істеген үйлерге мемориалдық тақталар қойылды. Көкшетау қаласында мұражай ашылды.
1 - жүргізуші: Халқымыздың зердесіне 1945 - жылдың 9 - мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн.
2 - жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс күні.
1 - жүргізуші: Биыл көпұлтты Қазақстан әлемдегі бүкіл адамзатпен бірге үлкен мерекені фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеді. 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні - әрқашан біздің тарихымыздағы қасиетті мерекелердің бірі болып қала береді.
1 - Ынтымақ: 78 - жыл бейбіт көктем таң атқалы,
78 - жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері 78 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2 - Жеңіс: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
3 - Бекзат: 78 жыл - үзілмеді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
78 жыл - жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстіменен ұшпағалы.
Білімгерлер «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |