Тақырып: 11. Тың жерлерді игерудің экономикалық, экологиялық,
демографиялық салдары.
Тың жерлерді игеру барысында Қазақстан ірі астық базасына айналып, В.И. Ленин орденіменмарапатталды. Дәнді дақылдар алқабы 4 есеге өсті. Астық даярлау көлемі жағынан Қазақстан
Украина мен Батыс Сібірден қалып қойды.
Тың жерлерді игерудің экономикалық, экологиялық, демографиялық салдары. Тың игерілген жерлерде қатты бидайдың жақсы сұрыптары өсірілді. Олардың құрамында ақуыз жоғары болғандықтан, одан даярланған ұннан жоғары сапалы нан пісіруге болатын. Осының арқасында Қазақстан жоғары сапалы астық шығарушы ел ретінде әлемдік нарыққа шықты.
Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін өсіруге де игі ықпалетті. Сол жылдары
Қазақстанның оңтүстігінде күріш өсіру ісі жанданды. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы “Қызыл ту” ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаевкүріштен рекордты өнім алуға қол жеткізіп,
еселі еңбектіңтамаша үлгісін көрсетті.
Тың жерлерді игеру ауқымды әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның (МТС, жолдар, электр тарату жүйесі, байланыс және т.б.) пайда болуында маңызды рөл атқарды.
Жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан мол аумақтар жыртылып,
экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы
қарашірік қабаты (гумус) желге ұшты.
Сарыарқа бүкіл Қазақстанның символы екендігі, Көкшетау өңірі қазақ халқының әйгілі қоғам қайраткерлерінің – хандары мен батырларының,ғалымдары мен ақындарының мекені болғаны туралы ауызға алынбады. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткіштеріне менсінбей қарау орын алды.
Сандар сөйлейді:
1954-59 жж. Тың жерлерді игеруге 20 млрд сом жұмсалды.
1954-60жж. Қазақстанға 2млн адам келді.
1956 жылы республика 16 млн т астық жинады
1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекенде пайда болды.
1959-1965жж. Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70%-ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15 %-ға ғана артты.
Қала халқының үлесі 1939ж 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты.
1959 жылы қазақтың саны 2млн 787 мың болып, республика тұрғындарының 29% құрады.
Демографиялық ахуалдың орыстілді тұрғындардың пайдасына шешілуі қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты. Қазақша тілдік ортатарылды. Қазақша аудандық, облыстық газеттер жабыла бастады, таралымы азайды. Қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Қоғамдық орындарда,
экономикалық айналыста, іс жүргізуде орыс тілінің үстемдігі арта берді.
Жетістіктер: